222
Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.
Выберите наиболее подходящую тему текста.
1) Мен өнерді сүйемін
2) Әнші болу – арманым
3) Маған әншілік ұнайды
4) Менің сүйікті әндерім
6-мәтін
Денсаулық – адам өміріндегі баға жетпейтін ең бағалы дүние. Өмірдің шаттығы
мен қызығы денсаулыққа байланысты. «Денсаулық – зор байлық», - дейді қазақ.
"Денсаулықты сақтап, оны үнемі нығайтып отыру керек", - дейді ғалымдар мен
биологтар. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену – әрбір адамның басты міндеті.
Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау
– адамдардың өз қолында. Денсаулықтың нашарлауына көңіл-күйдің де әсер
ететіні белгілі.
Денсаулықты қалай сақтау керек? Аурудың алдын алу шараларына не жатады?
Осы сұрақтарға жауап беру – валеологияның міндеті. Валеология – денсаулық
және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым.
Адам – жердегі табиғаттың асқақ туындысы. Адам – күрделі және нәзік жүйе.
Алайда табиғат қазынасы игілігін көру үшін адам дені сау әлеуетті және ақылды
болуы тиіс.
Қазақ халқының денсаулық туралы мақал-мәтелдерінен мысалдар келтіре
кетелік.
мысалы:
1. Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
2. Денсаулық ғанибет,
Сырқаулығы болмаса.
3. Миға көнген дене азбас.
4. Жарлының байлығы,
Денінің саулығы.
Ақылды адамдардың дені сау, бақытты болатын реті бар. Өйткені олар әр
нәрсені ақылға салып, көзін, тетігін, кемістігін таба біледі, болжайды, мақсатына
жете алады. Орынсыз ешнәрсеге ұрынбайды. Олар аурулардың қауіптілігінен,
зиянды әдеттерден сақтанады. Өз бойында бар күш-қуатты ауруға қарсы орынды
жұмсай алады, ерік күші бар.
Мәтін мазмұнын нақтылайтын қорытындыны табыңыз.
Выберите вывод, конкретизирующий содержание текста.
1) Денсаулықты жас кезден күту керек.
2) Әрбір адамның денсаулығын күту – оның өз қолында.
3) Денсаулық туралы мақал-мәтелдерді біліп жүрген пайдалы.
4) Адамның денсаулығы оның баға жетпес байлығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: