Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет3/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Жалғаулар.

§ 5) Зат-есім жалғаусыз да, жалғау мен де айтылады. Жалғаусыз түрі – түбір йәкій тұуынды сөздің жалғаусыз күйіндегі тұлғасы. Мәселен, бас, бастық, басшы, ата, аталық, мал, малшы, малшылық, малдық, қаб, қабқан, қабшық, құлақ, құлақшын, бұура, бұуыршын.


Жалғаулы түрі сөздің жалғау қосылғандағы тұлғасы. Мәселен, бастың, бастыққа, басшыны, атадан, аталықтан, малдар, малшылардан, малшылықтан, малдықтарды, қабтарда, қабқандардан, қабшықты, құдасы, құлақшыным, бұураң, бұуыршыны тағысын тағылар.
§6) Жалғау екі түрлі: 1) жай жалғау (себтеу), 2) жақ жалғау (қысқаша жақтау).


І - Жай жалғаулар.



  1. Себтеу жалғаулары.

§7) Себтеу бесеу: 1) ілік жалғау, 2) барыс жалғау, 3) табыс жалғау, 4) жатыс жалғау, 5) шығыс жалғау. Бұлар сөздің айақ дыбысына қарай түрленіңкіреб жалғанады. Мәселен:


1) ілік жалғау (іліктеу) ның, дың, тың.
2) Барыс жалғау (барыстау) ға (қа), ге (ке).
3) Табыс жалғау (табыстау) ны, ды, ты.
4) Жатыс жалғау (жатыстау) да (де), та, те.
5) Шығыс жалғау (шығыстау) дан (ден), нан (нен).

Көбтеу жалғаулары: лар (лер), дар (дер).


§8) Себтеу жалғау сөздің айақ дыбысына қарай, түрліше жалғанады. Мыйсал үшін түрлі-түрлі сөздерді алыб жалғаб қарайық:




1) Жұуан сөздің айағы дауысты дыбыс болса:

«Аға» деген сөз



Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
кім? аға
кімнің? ағаның
кімге? ағаға
кімді? ағаны
кімде? ағада
кімнен? ағадан

Көбше
кімдер? ағалар кімдердің? ағалардың кімдерге? ағаларға кімдерді? ағаларды кімдерде? ағаларда кімдерден? ағалардан

4) Дағдыландырыу. Аға, бала, ана, апа, қала, дала һәм басқа айағы «а» болатұн сөздерді жалғаулатыу.


«Тары» деген сөз

Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? тары
ненің? тарының
неге? тарыға
нені? тарыны
неде? тарыда
неден? тарыдан

Көбше
нелер? тарылар нелердің? тарылардың
нелерге? тарыларға нелерді? тарыларды
нелерде? тарыларда нелерден? тарылардан

5) Дағдыландырыу. Қазы, тазы, сұлы, қылы, шыны, талқы һәм басқа айағы «ы» болатұн сөздерді жалғаулатыу.


2) Жіңішке сөздің айағы дауысты дыбыс болса:


«Кеме» деген сөз



Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? кеме
ненің? кеменің
неге? кемеге
нені? кемені
неде? кемеде
неден? кемеден

Көбше
нелер? кемелер
нелердің? кемелердің
нелерге? кемелерге
нелерді? кемелерді
нелерде? кемелерде
нелерден? кемелерден



6) Дағдыландырыу. Әке, шеше, шеге, көже, теке, тізе, төбе жана басқа айағы «е» болатұн сөздерді жалғаулатыу.

«Кісі» деген сөз



Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
кім? кісі
кімнің? кісінің
кімге? кісіге
кімді? кісіні
кімде? кісіде
кімнен? кісіден

Көбше
кімдер? кісілер
кімдердің? кісілердің
кімдерге? кісілерге
кімдерді? кісілерді
кімдерде? кісілерде
кімдерден? кісілерден



7) Дағдыландырыу. Түлкі, күпі, ешкі, түрпі, келі, күлкі айағы «і» болатұн сөздерді жалғаулатыу.

3) Жұуан сөздің айақ дыбысы жарты дауысты дыбыс болса:


«Жау» деген сөз





Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
кім? жау
кімнің? жаудың
кімге? жауға
кімді? жауды
кімде? жауда
кімнен? жаудан

Көбше
кімдер? жаулар
кімдердің? жаулардың
кімдерге? жауларға
кімдерді? жауларды
кімдерде? жауларда
кімдерден? жаулардан



8) Дағдыландырыу. Мынау сөздерді жалғаулатыу: тау, бау, отау, танау, ау, сұу, бұу, ұу.

«Тай» деген сөз



Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? тай
ненің? тайдың
неге? тайға
нені? тайды
неде? тайда
неден? тайдан

Көбше
нелер? тайлар
нелердің? тайлардың
нелерге? тайларға
нелерді? тайларды
нелерде? тайларда
нелерден? тайлардан



9) Дағдыландырыу. Мынау сөздерді жалғаулатыу: қой, бой, май, сай, сый, мый, қый.

4) Жіңішке сөздің айағы жарты дауысты дыбыс болса:


«Күйеу» д.с.



Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
кім? күйеу
кімнің? күйеудің
кімге? күйеуге
кімді? күйеуді
кімде? күйеуде
кімнен? күйеуден

Көбше
кімдер? күйеулер
кімдердің? күйеулердің
кімдерге? күйеулерге
кімдерді? күйеулерді
кімдерде? күйеулерде
кімдерден? күйеулерден



10) Дағдыландырыу. Мынау сөздерді жалғаулатыу: егеу, селеу, елеу, белбеу, көсеу.



«Үй» д.с.
Атау
Ілік жалғау
Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? үй
ненің? үйдің
неге? үйге
нені? үйді
неде? үйде
неден? үйден

Көбше
нелер? үйлер
нелердің? үйлердің
нелерге? үйлерге
нелерді? үйлерді
нелерде? үйлерде
нелерден? үйлерден



11) Дағдыландырыу. Мынау сөздерді жалғаулатыу: күй, көмей, шій, ій, кеней, сәуегей.

5) Жұуан сөздің айағы қатаң дыбыс болса:


«Айақ» деген сөз



Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? айақ
ненің? айақтың
неге? айаққа
нені?айақты
неде? айақта
неден? айақтан

Көбше
нелер? айақтар
нелердің? айақтардың
нелерге? айақтарға
нелерді? айақтарды
нелерде? айақтарда
нелерден? айақтардан



Ескертіу. Сөз айағы қатаң дыбыс болса, жалғау басындағы «д» дыбысы «т» сыйақты естіледі. Ондай орында «т» жазбай, «д» хәрфін жазыу тійіс.
12) Дағдыландырыу. Тайлақ, ат, құс, қаб, шаш, тоб һәм басқа айағы қатаң дыбысты сөздерді жалғаулатыу.


6) Жіңішке сөздің айағы қатаң дыбыс болса:



«Бет» д.с.
Атау
Ілік жалғау
Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? бет
ненің? беттің
неге? бетке
нені? бетті
неде? бетте
неден? беттен

Көбше
нелер? беттер
нелердің? беттердің
нелерге? беттерге
нелерді? беттерді
нелерде? беттерде
нелерден? беттерден



13) Дағдыландырыу: Ет, тіс, іш, жүрек, жіб, шөб жана басқа айағы қатаң дыбысты жіңішке сөздерді жалғаулатыу.


7) Жұуан сөздің айағы ымыралы дыбыс болса:



«Қаз» д.с.
Атау
Ілік жалғау
Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? қаз
ненің? қаздың
неге? қазға
нені? қазды
неде? қазда
неден? қаздан

Көбше
нелер? қаздар
нелердің? қаздардың
нелерге? қаздарға
нелерді? қаздарды
нелерде? қаздарда
нелерден? қаздардан

14) Дағдыландырыу. Жаз, баж, аз, баж, қыз, тұз жана басқа айағы ымыралы дыбысты жұуан сөздерді жалғаулатыу.




8) Жіңішке сөздің айағы ымыралы дыбыс болса:

«Көз» деген с.





Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? көз
ненің? көздің
неге? көзге
нені? көзді
неде? көзде
неден? көзден

Көбше
нелер? көздер
нелердің? көздердің
нелерге? көздерге
нелерді? көздерді
нелерде? көздерде
нелерден? көздерден



Ескертіу. Сөз айағы «р» болса, көбтік жалғау «дар», «дер» болмай, «лар», «лер» күйінде қалады.
15) Дағдыландырыу. Сөз, із, күз жана басқа айағы ымыралы дыбысты жіңішке сөздерді жалғаулатыу.


9) Жұуан сөздің айағы ұйаң дыбыс болса:

«Нан» деген сөз



Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? нан
ненің? нанның
неге? нанға
нені? нанды
неде? нанда
неден? наннан

Көбше
нелер? нандар
нелердің? нандардың
нелерге? нандарға
нелерді? нандарды
нелерде? нандарда
нелерден? нандардан

16) Дағдыландырыу. Жан, аң, шам, сам, таң, шаң тағысын тағы сондай айағы ұйаң дыбысты жұуан сөздерді жалғаулатыу.




10) Жіңішке сөздің айағы ұйаң дыбыс болса:

«Жем» деген сөз



Атау
Ілік жалғау


Барыс жалғау
Табыс жалғау
Жатыс жалғау
Шығыс жалғау

Жекеше:
не? жем
ненің? жемнің
неге? жемге
нені? жемді
неде? жемде
неден? жемнен

Көбше
нелер? жемдер нелердің? жемдердің нелерге? жемдерге нелерді? жемдерді нелерде? жемдерде нелерден? жемдерден



17) Дағдыландырыу. Сең, күн, ем, көң, кілем, жүген тағысын тағы сондай айағы ұйаң дыбысты жіңішке сөздерді жалғаулатыу.


II - Жақ жалғау

§9) Жақ жалғау (қысқаша жақтау) – сөз жақ бен айтылғанда жалғанатұн жалғау, жақ үшеу: 1-інші жақ мендік, (айтыушы жағы), 2-нші жақ сендік, (тыңдаушы жағы), 3-інші жақ бөгделік, (айтыушы мен тыңдаушы екеуінен басқалардың жағы).


§10) Жақ жалғау екіге бөлінеді: 1) тәуелдеу, 2) жіктеу.



  1. Тәуелдеу жалғаулары.

§11) Тәуелдеу бір жаққа меншіктете сөйлегенде қосылатұн жалғау.


Тәуелдеу екі түрлі: 1) оңаша тәуелдеу, 2) ортақ тәуелдеу.

Оңаша тәуелдеу:


1інші жақ – м (ым)
2нші жақ – ң (ың)
3інші жақ – ы (сы)*

Ортақ тәуелдеу:


1інші жақ – мыз (ымыз)
2нші жақ – ңыз (ыңыз)
3інші жақ – ы (сы)

§12) Тәуелдеу сөздің айақ бұуынына қарай, түрліше жалғанады. Мыйсал үшін төмендегі сөздерді алыб тәуелдеб қарайық.


Тәуелденетүн сөздер: ата, дене, отау, егеу, сауын, ерін, жұрт, салт, тұлыб, талыс, сырық, ой, үй, сый, бій, сұу, бұу, жыйын, ійін, бұйым, тоқым, айақ, шелек, қозы, тері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет