Одағайдан тұуған сөздер.
Одағайдан сөз екі түрлі тұуады. Басқа сөздер одағайдан көмекші етістік бен жұрнақ арқылы тұуады. Мыйсалы, лаб етіу, шаб етіу, жалт етіу, зыб етіу, сыб етіу, дік етіу, күмб етіу, дүрс етіу, күрс етіу, мырс етіу, қалт етіу, бырт етіу, кірт етіу, кілт етіу, тырс етіу, шақ етіу, тақ етіу, шық етіу, зырқ етіу, дүңк етіу, саб етіу, қыб етіу, жыб етіу.
Тек жұрнақ арқылы, мыйсалы: лапылдау, шапылдау, жалтылдау, жылтылдау, зыпылдау, сыпылдау, дікілдеу, күмпілдеу, дүрсілдеу, мырсылдау, қылтылдау, пыртылдау, кіртілдеу, кілтілдеу, тырсылдау, шақылдау, тақылдау, шықылдау, зырқылдау, дүңкілдеу, сапылдау, қыпылдау, шыпылдау.
Еліктеу одағайдан да осылайша етістік бен жұрнақ арқылы тұуады. Етістік арқылы мыйсалы: шыр-шыр етіу, пыр-пыр етіу, сықыр-сықыр етіу, сылдыр-сылдыр етіу, күлдір-күлдір етіу, былдыр-былдыр етіу, дыбыр-дыбыр етіу, қарқ-қарқ етіу, қаңқ-қаңқ етіу, сұңқ-сұңқ етіу, шық-шық етіу, маңқ-маңқ етіу, күмб-күмб етіу, дүңк-дүңк етіу, пыс-пыс етіу.
Тек жұрнақ арқылы, мыйсалы: шырылдау, пырылдау, сықырлау, сылдырлау, күлдірлеу, қаңқылдау, сұңқылдау, шықылдау, маңқылдау, күмпілдеу, дүңкілдеу, пысылдау.
Шақырыс одағайлардан жұрнақ арқылы ғана тұуады, мыйсалы: аттандау, алаштау, көскөстеу, құрыулау, ауқаулау, пышайттау, шөре-шөрелеу, көйткөйттеу, қайткелдеу, мыш-мыштау, сорабтау, шауымдау, құрайлау, күш-күштеу.
Мұнан басқа одағайлардан тұуатұн сөздер: апырымдау, ойбайлау, аһылау, уһілеу, әлдійлеу тағы басқа сондайлар.
Достарыңызбен бөлісу: |