38
бөлінеді. Оның бірі — хабарлы сөйлемдер екіншісі — сұраулы сөйлемдер.
Хабарлы сөйлем бір нәрсені хабарлау үшін жұмсалып, хабарлау интонациясымен
айтылады. Мысалы: Балалар Алматыдан шықты Ал сұраулы сөйлем бірдеме жайында
хабар алу үшін жұмсалып, сұрау интонациясымен айтылады немесе сұрау есімдіктері
(кім? не?) мен сұраулық демеуліктердің (ма/ме) бірі енгізілу арқылы жасалынады,
Мысалы: Кімдер Алматыдан шықты? Балалар қайдан шықты? Немесе: Балалар
Алматыдан шықты ма?
Хабарлы сөйлем де, сұраулы сөйлем де интонациялық тәсілдер арқылы лепті
сөйлемге айналуы мүмкін.
Мұндайда лепті сөйлем эмоциялы-экспрессивті қасиетке ие болады да, адамның
көңіл кұйіне байланысты жайларды, мысалы, қуану, шаттану, шошу, күдіктену, еркелету
т.б. білдіреді. Ол үшін сөйлемде арнаулы модаль сөздер мен одағай сөздер де
пайдаланылады. Мысалы:
Бәрекелді (айналайындар-ай), балалар Алматыдан шығыпты
ғой (шықты дей ме?)!
Сөйлемдер өзін құрастырушы сыңарлардың (компоненттердің) сипатына қарай
жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екі топка бөлінеді. Жай сөйлем 2-3 сөз
тіркестерінен жасалса, құрмалас сөйлем екі не үш жай сөйлемнен жасалады.
Құрмалас сөйлем сыңарларының арасындағы байланыс салалас байланыс және
сабақтас байланыс түрінде болуы мүмкін. Осыған орай құрмалас сейлемдер 1) салалас
құрмалас сөйлем, 2) сабақтас құрмалас сөйлем және 3) аралас құрмалас сөйлем болып,
үш топка бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем деп - құрастырушы сыңарлары байланысқан
сөйлемді айтамыз. Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы сыңарларының бірі
екіншісіне бағына байланысқан сөйлемді айтамыз. Ал аралас кұрмалас сөйлем деп
- құрмаластың құрамындағы үш (не төрт) сөйлемнің бірі екіншісімен , ал екіншісі
үшіншісімен сабақтаса байланысқан кұрмалас сөйлемді айтамыз.
Достарыңызбен бөлісу: