42
тудырушы аффикстер арқылы жасалған. Ол аффикстер әр сөз табына
телініп, олардың грамматикалық белгісі ретінде қызмет атқарып тұр.
Ал
үй+лер, қала+ға, кіші+рек, кел+ді+к, бар+са деген сөздер түрлендіруші
формалар арқылы жасалғандар. Бұл сөздердегі жалғаулар да жоғарыдағы жұрнақтар
сияқты бір сөз табын екінші сөз табынан ажыратуға себепші болып тұр. Мысалы, осы
сөздердегі
-лар, -ға жалғаулары зат есімдерге тән болса,
-рек сын есімдерге тән. Ал
ді+к
пен
-са жалғаулары етістіктерге тән. Бұлар - тиісті сөз таптарын сипаттайтын
морфологиялық белгілер.
Сөйтіп, морфологиялық белгі дегеніміз - бір сөз табындағы сөзді басқа бір сөз
табындағы сөзден ажырататын грамматикалық формалардың белгілі бір жүйесі.
Ал синтаксистік белгі дегеніміз — белгілі бір сөз табына
қатысты сөздердің
сөйлемдегі қызметі, яғни сөйлем мүшесі болу қызметі мен олардың басқа сөздермен
тіркесу қабілеті. Айталық, зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, бастауыш немесе
толықтауыш қызметін атқарады. Бұл — оның жалпы категориялды мағынасы; олар -
заттық, ұғымдық мағыналармен тығыз байланысты.
Сын есімдер мен сан есімдер зат есімдермен емін-еркін тіркесе алады. Бұлай
болуы занды да.
Өйткені сапа, сан әрқашан затқа телулі болады. Осыған орай сын
есімдер мен сан есімдер анықтауыш қызметінде жұмсалады. Бұл жердегі бағынышты
мүше - сын есімдер мен сан есімдер.
Үстеулердің сөйлемдегі негізгі қызметі - пысықтауыш болу. Олар етістіктермен
тіркесіп (олардың алдында тұрып), іс-әрекетін қимыл-сынын, мезгілін, мекенін, күйін
білдіреді.
Етістіктердің негізгі қызметі — сөйлемде баяндауыш болу. Ол бастауыштың іс-
әрекетін, қимылын білдіреді.
Бұл айтылғандарға қарап, зат есім тек бастауыш пен толықтауыш, сын есім
мен сан есім — анықтауыш, үстеу - пысықтауыш, етістік — баяндауыш болудан басқа
ешқандай сөйлем мүшелері бола алмайды екен деген үғым тумасқа тиісті. Олар
қолданылу ыңғайына карай сөйлемде кез келген мүше бола алады. Бірақ
жоғарғылардан басқа қызмет атқаруы
- оларға тән басты қызмет емес, қолданылу
барысында туған, екінші қатардағы қызмет.
Қорыта айтқанда: сөз таптары дегеніміз ~ бір-бірінен 1) жалпы категориялды
мағынасы, 2) морфологиялық 3) синтаксистік белгілері арқылы ажыратылатын,
лексика-грамматикалық (дұрысы семантика-грамматикалық) сипатқа ие сөздер тобы
екен.
Достарыңызбен бөлісу: