Тіл біліміне кіріспе


I. Үндіеуропа тілдері семьясы



Pdf көрінісі
бет33/52
Дата11.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#81405
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52
Байланысты:
тбк

I. Үндіеуропа тілдері семьясы. Бұған туыстас тілдердің төменгі топтары енеді: 
1. Индия тобы. Бұл топқа енетін тілдер: бенгал тілі (Үндістан 
мен Пакистанда), 
Пенджаб тілі (Индия мен Пакистанда), синдх тілі (Үндістан мен Пакистанда), 
сингаль тілі (Шри-Ланкада), непал тілі (Непалда), урду тілі (Пакистанда), хинди тілі 
(Үңдістанда), цыған тілі. 
2. Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: парсы тілі (Иран), пушту тілі 
(Ауғанстан), тәжік тілі, курд тілі (Түркия, Иран, Ирак, Азерб.), осетин тілі т.б. 
3. Славян тобы. Бұл топ, жоғарыда айттық, өз ішінде тағы үш топқа бөлінеді: а) 
шығыс славян тілдері (орыс, украин, белорус), ә) оңтүстік 
славян тілдері (болгар, 
македон, серб, хорват, словен), б) батыс славян тілдері (чех, словак, поляк). 


44 
4. Балтық тобы: литва, латыш тілдері (өлі тіл - прус тілі). 
5. Герман тобы. Бұлар іштей үш топқа бөлінеді: а) солтүстік герман (скандинав) 
тілдері: дат, швед, норвеж, исланд; ә) батыс герман тілдері: ағыл., нидерланд, неміс, 
голланд, идиш; б) шыгыс терман тілдері: гот, вестгот, остгот. 
6. Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз, итальян, испан, португаль, 
румын, молдаван тілдері (өлі тіл - латын тілі). 
7. Келт тобы: ирланд, шотланд (өлі тіл - галль). 
8. Грек тобы: грек тілі. 
9. Албан тобы: албан тілі. 
10. Армян тобы: армян тілі. 
II.Семит-Хамит (афразия-афро-азият) тілдері семьясы: 
1. Семит тобы: араб, иврит тілі — көне еврей тілі, бервер-ливия тілі, кушит, чад, 
финик, моавит тілдері. 
2. Египет тобы: көне египет тілі - копт тілі. 
III. Кавказ (Иберия-Кавказ) тілдері семьясы. Бұларға жататын тілдер: грузин, 
абхаз, адыгей, кабардин, черкес, шешен, ингуш, дағыстан, авар, лезгин. 
ІҮ. Фин-угор (угро-фин) тілдері семьясы. Бұлар екі топка бөлінеді: 
1. Угор тобы: венгер тілі, манси (вогуль) тілі, ханты (остя) тілі; сонғы екеуі Ресей 
Федерациясында. 
2. Фин тобы: фин, веп, вод, ижор, карель, эстон, коми-зырян, коми-перм, 
удмурт (вотя), марий, саам, мордва (эрзя, мокша) тілдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет