44
4. Балтық тобы: литва, латыш тілдері (өлі тіл - прус тілі).
5. Герман тобы. Бұлар іштей үш топқа бөлінеді: а) солтүстік герман (скандинав)
тілдері: дат, швед, норвеж, исланд; ә) батыс герман тілдері: ағыл., нидерланд, неміс,
голланд, идиш; б) шыгыс терман тілдері: гот, вестгот, остгот.
6. Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз, итальян, испан, португаль,
румын, молдаван тілдері (өлі тіл - латын тілі).
7. Келт тобы: ирланд, шотланд (өлі тіл - галль).
8. Грек тобы: грек тілі.
9. Албан тобы: албан тілі.
10. Армян тобы: армян тілі.
II.Семит-Хамит (афразия-афро-азият) тілдері семьясы:
1. Семит тобы: араб, иврит тілі — көне еврей тілі, бервер-ливия тілі, кушит, чад,
финик, моавит тілдері.
2. Египет тобы: көне египет тілі - копт тілі.
III. Кавказ (Иберия-Кавказ) тілдері семьясы. Бұларға жататын тілдер: грузин,
абхаз, адыгей, кабардин, черкес, шешен, ингуш, дағыстан, авар, лезгин.
ІҮ. Фин-угор (угро-фин) тілдері семьясы. Бұлар екі топка бөлінеді:
1. Угор тобы: венгер тілі, манси (вогуль) тілі, ханты (остя) тілі; сонғы екеуі Ресей
Федерациясында.
2. Фин тобы: фин, веп, вод, ижор, карель, эстон,
коми-зырян,
коми-перм,
удмурт (вотя), марий, саам, мордва (эрзя, мокша) тілдері.
Достарыңызбен бөлісу: