Тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым- қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалынады. Сол қорытындылар мен топшылаулар негізінде грамматикалық, ягни ғылыми немесе нормативті окулықтар жазылады, түрлі сөздіктер құрастырылады.
Тілдің шығуы
Адамзат тілінің шығуы сонау көне заманға, яғни алғашқы адамдардың пайда болу заманына барып тірелсе, жеке тілдердің шығуы кейінгі дәуірлерде болған нәрсе.
Тілдің шығуы туралы мәселе әр түрлі ойшылдардың назарын баяғыда-ақ өзіне аударып келген. Олар бұл мәселе туралы түрлі-түрлі пікірлер мен жорамалдар айтып, сан қилы пайымдаулар жасады.
Сондай жорамалдардың бірі - дыбысқа еліктеу теориясы. Бұл теория ежелгі грек философиясынан басталады. Ол әсіресе 17-18 ғасырда кең өріс алды. Мұның өкілі - неміс философы Г.Лейбниц (1646-1716).
Аталған теория тілдің шығуын былайша түсіндіреді:
Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын, құстың сайрауын, судын сылдырын, желдің гуілін естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарған. Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналды, - дейді.
Қорытынды
Қорыта келгенде, ұжымда бірлесе еңбек ету әрекеті өзара қатынас жасау қажеттілігін тудырды. Осыдан біртіндеп алғашқы сөздер туады, тіл мен ой пайда болады. Тіл мен ойлаудың шығуын алғашқы адамдар ұжымынан бөліп қарауға болмайды. Тіл еңбекпен бірге ұжымда туды. Тілдің пайда болуы ойлаудың пайда болуымен, тілдің дамуы ойлаудың дамуымен тығыз байланыста болады.