Байланыстырып сөйлеуге үйрету
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде ең маңызды орын алатын-сөздік жұмысы. Оқушыларға жаңа сөздер үйрету, үйренген сөздерінің мағынасын меңгерту, Сөз тіркестерімен таныстыру және оның барлығын баланың активті сөзіне айналдыру маңызды да күрделі, жауапты жұмыс болып табылады. Сөздік жүргізу барысында әсіресе синонимдер, антонимдер көп мағыналы сөздер мен қанатты сөздерге көңіл аударылады.
Сөйлеу барысында алуан түрлі сөз тіркесі пайдаланылады. Сөйтіп, сөз тіркесі ойдың қалыптасу процесін көрсетеді.
Сөз тіркесін меңгерту жолдары:
берілген сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.
Сөз тіркестерін орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі негізгі жұмыс сөйлем құрау, ойды алуан түрлі сөйлемдер арқылы білдіру.
Берілген сөздермен сөйлем құрастыру.
Сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру.
Сөздерді реттеп, сөйлемді дұрыс құрастыру.
Сөйлемдерді орыс тілінен аудару.
Байланыстырып сөйлеу логика мен грамматика заңдарына сай, бір тақырып бойынша байланыса құрастырылған бірнеше сөйлемнен тұрады. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің: сұраққа жауап беру, түрлі мәтін бойынша жаттығулар, сурет бойынша әңгімелер, шығармалар құрастыру, мәтіннің бас жағын ойлап табу, мәтінді аяқтау, мәтінді қайта құрастыру т.б. жұмыс түрлері жүргізілуі қажет.
Оқушылар байланыстырып сөйлеу жұмысында мына дағдыларға сүйенген жөн:
тақырыпты түсіну, оны бөліп ала білу, оның шегін ажырата алу;
материал жинай білу дағдысы, тақырыпқа қатысты, басты, негізгі материалдардан тақырыпқа қатысты жоқ, қосымша материалдарды ажырата алу;
жиналған материалды қажетті жүйемен құрастыру дағдысы, яғни әңгімені жоспарлай алу;
тіл құралдарын қолдана алу дағдысы, яғни әдеби нормаға сай сөйлей, жаза білу;
түзету, жетілдіру, жақсарта түсу дағдысы.
Мазмұндама мен шығарманың әр түрінің жүргізілу жолы мен әдісі көрсетілген. Мысалы, «Дайын әңгіме бойынша мазмұндама» жұмысының өзінің бірнеше түрі бар және жүргізілу жолы мен әдістемесі де әр түрлі.
мәтіннің құрылысы мен тәртібін сақтай отырып орындалатын жұмыс,
мәтіннің мазмұн тәртібі сақталып, сыртқы түрін өзгертіп жазу,
мәтіннің мазмұнын сақтай отырып, құрылысын өзгертіп орындау,
мәтінді ықшамдау арқылы орындалатын жұмыс,
мәтінді толықтырып әңгімелеу, т.б. түрлері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |