Тіл және әдебиет кафедрасы



бет2/6
Дата13.12.2022
өлшемі76,07 Kb.
#57106
1   2   3   4   5   6
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі сабағында белсенділікті арттыратын, инновациялық технологияларды анықтап. зерттеу.
Зерттеу объектісі: Зерттеу жұмысында бүгінгі заманға сай инновациялық технологиялар қолданылды.
Зерттеу міндеттері:

  • Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды зерттеу;

  • Қазақ тілін оқытуда модульдік оқыту технологиясын негіздеу;

  • Қазақ тілін оқытуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясына зерттеу жұмысын жасау.

Зерттеу құрылымы: Кіріспе, бір тараудан, үш тармақтан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.



  1. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

    1. Білім беру жүйесінде қолданылатын қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі ұстанымдары

Қазіргі кезде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын пайдалана алу əрбір мұғалімнің біліктілігін анықтайды. Мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің артуына мүмкіндік жасауды жəне оқу тəрбие үдерісін жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану маңызды болып табылады. Технологияны педагогикалық іс-əрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тəрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді. Бүгінгі таңда педагогикалық технология мəселесі теориялық жəне ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Қазіргі кезде ғылыми ақпараттың жедел өсуіне байланысты білімгерлердің өздігінен білім алып, өздігінен оқып-үйренуі өте маңызды болып отыр. Білімгерлердің өзіндік жұмысы туралы қорытынды жасағанда келесідей тұжырымға келуге болады: өзіндік жұмыс білімгердің тек өз белсенділігі түрінде анықталады. Əрбір өзіндік жұмысты бастар кезінде білімгер алдында белгілі бір мақсат, мәселе болуы қажет[1, 76].


Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тəсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-əрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нəтижелер тізбесін негізге ала отырып, əртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық жəне еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады. Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-əрекеттік – компетенттік тəсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тəрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Əртүрлі əдістерді қолдану жəне оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы тапсыманың дұрыстығына көз жеткізулеріне болады.
Дамыта оқыту технологиясы (Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сəйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған, оқытудың модульдік технологиясы (В. М. Монахов) оқу үдерісін мақсатты жобалап, құруға болады. Оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету, проблемалық оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В. Ф. Шаталов) теория жəне практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірекконспект түрінде берілген теориялық, материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу, түсіндіре басқарып, оза оқыту (С. Н. Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру жəне т.б. Республикадағы ауыл мектептерінің оқу-тəрбие үдерісінде деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж. Д. Қараев) жүйелік негізде оқыту технологиясы (Г. Г. Ғалиев), шоғырландырып-қарқынды оқыту технологиясы (Қ. А. Əбдіғəлиев, Н. Н. Нурахметов), блоктықмодульдық технологиясы (М. Н. Жанпеисова) қолдау табуда. Ғалымдардың пікірінше шағын комплектілі мектептер жағдайында оқу-тəрбие үдерісін ұйымдастыруда жүйелік негізде оқыту мен шоғырландырып оқыту технологияларының оқыту сапасын арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері мол. Оқу-тəрбие үдерісінде қолданып, айтарлықтай нəтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанскиннің есептер шығару, Палтышевтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің мəселелік оқыту оқытудың белсенді əдісі, т.т. Ал, соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі, сондай-ақ профессор Қараевтің оқытуды дифференциялау жəне білім беру демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мəселен, Л. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты əрі мынадай ұстанымдардан құралады:
Жоғарғы деңгейдегі қиындыққа оқыту
Теориялық білімнің жетекші рөлі
Оқу материалын жеделдете оқыту
Оқу үдерісін оқушының сезінуі
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Л. В. Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның əлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу əрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу əрекеті жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталады. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың əр түрлі педагогикалық технологиялары жасальнып, мектеп өміріне енгізілуде. Олар: С. Н. Лысенкованың алдын ала оқыту, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мəселелік оқытудың белсенді əдісі, т.б. Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясымен В. М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тəсілі сондайақ, профессор Ж. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мектептерінде қолданып жүр. Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тəжірибелік-сынақ жұмыстарының басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үдерісіне енгізу болып табылады.
Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқу əрекеті жəне оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның құрылымы төмендегідей: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-əрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Əрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға жəне өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті əдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар – əрбір оқушының жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы. Ынтымақтастық педагогикасы технологиясының мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту. Балаға ізгілік тұрғысынан қарау. Оқыту мен тəрбиенің бірлікте бірлігін қалыптастыру. Ерекшелігі: 1. мұғалім де, оқушы да субъект болады; 2. басымдылық көрсетілмейді; 3. бірлік одақта қызмет етеді; 4. мектеп ұжымы арасында өзара ынтымақтастық орнайды; 5. балаға жеке ізгілік қарым-қатынас тұрғысынан қарау[1, 245].
Қазіргі заманғы педагогикалық технология мен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: оқу үдерісін интенсивтенттіруді жаппай қолға алу; оқушылардың сабақбастылығын болдырмау шараларын кешенді қарастыру.Оның ғылымиəдістемелік, оқыту-əдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пəндік білім стандарттарымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу, өйткені оқыту-тəрбиенің негізі. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – мектепте жəне жоғары оқу орындарында оқыту. Екінші – өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тəрбиелеу, оқыту – егіз ұғым. Оқыту бағдарламалары сызықтық, тармақты адаптивті, құрама блоктық, модельді болып бөлінуі:
1. Сызықтық – оқу материалдары блокпен беріліп, бақылау жұмыстарымен кезектестіріліп отырылады.
2. Тармақтық – оқушылар дұрыс жауап бермеген жағдайда қосымша ақпарат сөздермен білім алып, жаңа бақылау жұмыстарын орындайды.
3. Адаптивті – өзінің меңгеру дəрежесіне қарай жаңа материалдың күрделілік дəрежесін өзі таңдау, сөздіктер мен анықтамаларды қолдана алу.
4. Аралас бағдарламада сызықтық тармақтық, алгоритм бойынша есептеуді қолданады.
5. Блок түрінде беру бағдарламасы оқушылардың əртүрлі интеллектуалды операцияларды орындауында, алған білімдерін есеп шығаруда пайдалануына мүмкіндік береді.
6. Модульді оқыту – блоктық оқытудың жетілдірілген түрі. Мұнда оқушылар модульдерден тұратын оқу бағдарламасымен жұмыс істейді.
Жаңашыл педагог Ш. Амонашвилиден дамыта оқыту мен шəкірт пен ұстаз арасындағы қарым-қатынастың жолдарын үйренуге болатын болса, С. Н. Лысенкованың тірек схемаларымен оза оқыту əдістерін үйренуге болады. Белгілі психолог Выготский: «Оқыту, білім беру, дамытудың алдындажүріп отыруы керек. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту үдерісі ғана баланың жеке басының дамуын үйлестіре алады» – дейді. Өз кезінде Ж. Аймауытов «... Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп оқыту үнемі ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-əрекет екенін айтқан еді. Сондықтан қай пəн барысында да тек оқулықпен шектелмей, оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы – сабаққа лайықты əдіс-тəсілдерді дұрыс таңдау. Сондықтан бастауыш мектепте сабақтарды индуктивтік, дедуктивтік, репродуктивтік, проблемалық, көрнекілік əдіспен оқыту тиімді болып табылады. Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп сайыс сабақ, сынақ сабақ т.б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өздік жұмыс түрлерін қолдануға болады. 50 51 Мұғалім оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал етеді. Мұндай жағдайда балаларды «Кім шапшаң?», «Ойлан тап», т.б. ойындары арқылы да ойлантуға болады. Ойын баланың досы, бала кез келген уақытта ойын арқылы өзінің ойын қорытындылап отырады. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым жəне ол біртұтас педагогикалық үдеріспен байланысты (Ильин В. С.). Демек педагогикалық технология да осы педагогикалық үдерістің басты белгісіне сəйкес болуы керек. Педагогикалық технология – педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді: а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары; ə) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, əлеуметтік жəне табиғатқа сəйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.) Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, əлеуметтік философия, басқару жəне мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуальды білім беру жəне кибернетика элементтерінен тұратын пəнаралық конгломерат ретінде қарастырып отыр. Педагогикалық технология саласындағы теориялық жəне практикалық ізденушілерді бір жерге топтастыру айналасындағы қызмет бағыттарын анықтайды. Бұл жерде ізденудің шеберлігі – педагогикалық тізімді пайда етуші элементтерді үйрену, жаңалаудан тұрады. «Жаңа педагогикалық технология» терминологиялық тіркесіне үңілсек, жержүзінде когнативтік, эвристикалық, креативтік деп аталатын негізгі үш педагогикалық технология бар екенін білеміз. Эвристикалық технология оқушының өзін істетіп, зерттеушілік қабілетін дамытуға байланысты. Креативтік технология шығармашылық ойды, ұқыптылықты, қабілеттілікті дамытады. Когнативтік технологияда қоғамымызда осы дəуірге дейін жиналған білім атаулының бəрі, оқушыға жетерлік дəрежеде терең үйретіліп, оны оқушы келешек өмірімізде пайдалана алатындай жағдайға əкелу мəселесі назарға алынады. «Жаңа педагогикалық технология» – əрбір сабақта пайдаланатын, өте қажетті, сол тақырыпты оқушыға жеткізудің, түсіндірудің мұғалім тарапынан ең тиімді тəсілі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, əдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үдерісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет