Тіл және әдебиет кафедрасы



бет5/6
Дата13.12.2022
өлшемі76,07 Kb.
#57106
1   2   3   4   5   6
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезде оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларын пайдалана алу əрбір мұғалімнің біліктілігін анықтайды. Пән мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастырылуын, мектеп практикасымен жəне білім беру жүйесіндегі инновациялық үдерістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді. Технологияны педагогикалық іс-əрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тəрбие үдерісінің сапасын жақсартуға, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Бұл курстық жұмыста педагогикалық технология мəселесі теориялық жəне ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Курстық жұмыста қамтылған ақпарат:

  • Қазіргізаманғыпедагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері

  • Педагогикалық технология ұғымына жалпы түсінік

  • Педагогикалық технология ұғымына ғылыми тұрғыдан берілген анықтамалар

  • Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəнінің объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері

Сонымен қатар, келесі жаңа педагогикалық технологияларға сипаттама беріліп, ғылыми негізде зерттелді:
- дамыта оқыту;
- деңгейлеп оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту;
- проблемалық оқыту;
- қатысымдық технологиясы;
- сын тұрғысынан ойлауды дамыту;
- сатылай комплексті талдау;
- жобалау технологиясы;
- тірек сигналдары технологиясы;
- саралап даралап оқыту.
Жаңа технологияларды қолдану:
- балалардың қызығушылығын арттырады және тереңдетеді;
- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дербес танымдық іс-әрекет (оқуға баулу, қызығушылығын дамыту, ой-өрісін кеңейту), сыни ойлау саласында құзыреттілікті қалыптастыру жолымен дамытады;
- оқушыларға үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын, зерттеу дағдыларын (мәселені көру және оны шешу жолдарын анықтау), коммуникативтік дағдыларды (топтарда жұмыс істеу) меңгеруге көмектеседі.
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқыту нәтижесінде оқушылардың ойлау белсенділігі артады, оқушылардың қазақ тілі бойынша білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын меңгеруі қамтамасыз етіледі.

Қорыта келе, оқыту процесінің нәтижелі болуы мұғалімнің сабақ беру шеберлігіне, педагогикалық технологиясына, сабағын жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа технологиялар әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет