Сабақта ізденімдік ойын түрлерін пайдалануда бала білімінің деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, ұлттық санаға, салт-дәстүрге, тәрбиеге сай болуын ескеруміз керек. Мысалы: жамбы ату, асық ойыны. Жазушылардың суреттерін көрсетіп, сол сурет туралы әңгіме құратуға, олардың шығармаларының атын атап, сипаттама бергізуге болады. «Тез ойлан» ойыны үш буыны да ашық дауысты, үш дауыссыз дыбыс қайталансын. Ол қай сөз? – кереге,терезе