«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата16.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#4204
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
47
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
жан-жақты,  берері  мол  мәліметтер  аса  қажет.  Мұнда  терминдердің 
фонетикалық  және  графемалық  сипаттамасы,  қолданылу  саласы, 
олардың жасалу тәсілдері мен үлгілері туралы деректер қоса беріледі.
Барлық  сөздіктер  (ал  Терминологиялық  қорды  айрықша  типтегі 
автоматтандырылған  сөздік  ретінде  қарастырған  жөн)  негізгі  екі 
қызметті атқарады – тізбелеу және нормативтік (дескриптивтік және 
прескриптивтік)
1

Жалпы терминологиялық қорды ұйымдастыру мен терминология- 
лық  ақпаратты  жинаудың  бірінші  кезеңінде  тізбелеу  мәселесі  - 
қолданыстағы  терминология  мен  ол  туралы  әртүрлі  дереккөздерде 
тіркелген  ақпаратты  барынша  сипаттап  беру  мәселесі  елеулі  орын 
алады. 
Қазақ  терминологиялық  қорының  мақсаты  -  ғылыми-техникалық 
сөйлеу  актілерінде  тілдік  норманы  жүзеге  асыру  болып  табылады. 
Алайда  ғылыми-техникалық  тілдің  барлық  элементтерін  тізбелеудің 
негізінде осы норманы алдын ала анықтап алмайынша тілдік норманы 
жүзеге асыру мүмкін емес.
Қазақ  терминологиялық  қорының  тізбелеу  қызметі  мынаған 
бағытталады:
-  терминологиялық  лексиканы  барынша  толық  қамту  және  жан-
жақты сипаттау;
-  терминологиялық  лексиканың  барлық  қолданылу  аспектілерін 
көрсететін алуан түрлі дереккөздерді барынша енгізу;
- терминологиялық жүйелерді жасау мен дамытуға ынталы барлық 
ұйымдармен қарым-қатынас жасау.
Қазақ  терминологиялық  қорының  тізбелеу  қызметі  тек  ғылыми 
ынталылықпен ғана емес, сонымен қатар ақпараттық орталықтарды, 
баспаларды  және  басқа  да  ұйымдарды  өздері  жасаған  тілдік 
құралдарды ұсынуға міндеттейтін ұйымдастырушылық шешімдермен 
де нығайтылады.
Қазақ терминологиялық қорының нормативтік қызметі, ең алдымен 
мынандай жағдайларда көрінеді: ол арнаулы тілдік стильдерді белгілі 
бір  деректерге  сәйкес  лексикалық  құрамға  енгізе  отырып,  олардың 
практикалық тұрғыдан жасалуына қатысады, қазақ терминологиялық 
қоры бірыңғай, бірегей және жалпымемлекеттік тілдік орган ретінде 
құрылымданатын болады. 
1 Қара., мысалы, нормативтік қызметтерді орындауға бағытталған АСИТО (КСРО), 
Норматерм (Франция), ТЕРМ (Батыс Берлин) тәрізді деректер қорлары, ал ғылыми-
техникалық әдебиеттерді аударуды қамтамасыз ету үшін құрылған Терминологиялық 
қор тізбелеу сипатына ие. Осыны ескере отырып, термин жүргізу бойынша канадо-
квебек  мектебінің  мамандары  қызметі  жағынан  (лингвистикалық  мәртебесі) 
Терминологиялық қорды үш типке бөлуді ұсынады: 1) нормативтік (тек стандартталған 
деректер бар); 2) ақпараттық (бағалау сипаттамалары қоса берілетін стандартталмаған 
деректер  бар);  3)  сипаттамалық  (бағалау  сипаттамасы  жоқ  деректердің  барлық 
разрядтары бар).

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
48
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазақ терминологиялық қоры ғылыми-техникалық қарым-қатынас 
саласындағы  тілдік  қолданысты  анықтай  отырып,  тілдің  барлық 
стильдері мен салаларына жаппай ықпал етеді. Бұл ықпал жалпытілдік 
норманы  тұрақтандыру  және  дамыту  бағытында  болуы  тиіс. 
Сондықтан  да  нормативтік  қызмет  саналы  түрде  терминологиялық 
қор жасаудың мақсаты ретінде қойылады. Оның аясына қазіргі таңда 
жеке-жеке қолданылатын төрт нормалаушы (қалыптандырушы) ағым 
біріктірілген:
-  мемстандарт  басылымдарында  бекітілген  терминдер  мен  анық- 
тамалар стандарттары бойынша ғылыми-техникалық терминологияны 
стандарттау;
- мемтерминком бюллетеньдерінде көрсетілген ұсыныстар бойын- 
ша ғылыми терминологияны нормалау;
- сәтті терминдер (дескриптролар) мен сәтсіз терминдерді (аскрип- 
торлар)  бөліп  алуға  қатысты  ақпараттық-іздеу  тілінің  лексикалық 
бірліктерін ажырату;
- белгілі бір терминді қолдану жөніндегі эпизодтық жарияланымдар 
мен  ұсыныстарда  көрсетілгендей  тіл  мәдениеті  мамандарының  жеке 
күш-жігерін салуы. 
Осы  топтар  негізіне  алынған  бағыттар  терминологиялық  қорға 
енгізілген әр терминнің арнайы сипаттамаларында беріледі. 
Нормалаушы  қызмет  лексикалық  қорды  жинақтау  және 
құрылымдау  барысында,  сол  сияқты  одан  кейінгі  деңгейлерінде  де 
көрінеді.  Оның  мәні  терминологияның  біркелкі  сипатталуына  деген 
талпыныс болып табылады, нақты айтқанда:
- лексикалық қордың құрамын анықтау және олардың бірізді болу 
тәртібін ұйымдастыру біркелкілігі;
- терминологиялық ақпаратты ұйымдастыру біркелкілігі;
-  терминологиялық  ақпаратты  құрылымдық  ұйымдастыру  үшін 
бірыңғай  жіктеу  жүйесін  немесе  үйлес  жіктемелік  құралдар  жиын- 
тығын пайдалану.
Бұл  соңғы  өзекті  мәселеге  ерекше  назар  аударған  жөн,  себебі 
ол  үлестірілген  терминологиялық  қор  желісінің  немесе  жекелеген 
терминологиялық қор қатысушыларының арасында ақпарат алмасу- 
дың  біріздендірілген  пішімін  орнату  мәселесімен  қатар,  қазақ 
терминологиялық қоры мен өзге де терминологиялық қорлардың және 
автоматтандырылған  жүйелердің,  сондай-ақ  ұйымдардың  арасында 
–  қазақ  терминологиялық  қоры  желісінің  мүшелері  арасында 
терминологиялық  деректер  алмасуды  қамтамасыз  ету  құралдарын 
жасап  шығарумен  де  тығыз  байланысты.  Бұл  мәселенің  күрделілігі 
мынада болып отыр, қазіргі кезде қолданыстағы ақпарат жіктемесінің 
бірде  –  біреуі  әмбебап  тақырыпты  қамту  лексикасын  сипаттаудағы 
қолданыстық  тәжірибесі  еш  қанағаттандырмайды.  Сол  себепті 
қазақ терминологиялық қорын құру бойынша жұмыстар кешенінде 
бірыңғай  жұмыстық  жіктеменің  жоғарғы  деңгейін  жасауды  және 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
49
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
терминологияны  ұғымдық  жіктеуде  қолданылатын  құралдардың 
үйлесімділігін қамтамасыз етуді ескерген жөн.
Болашақта  терминологиялық  қор  қарым-қатынастардың  барлық 
түрлерін  терминологиялық  ақпаратпен  қамтамасыз  ететін  болады. 
Мұнда  практикада  қолдану  үшін  ғылыми-техникалық  терминдерді 
семантикалаудың  компьютерлік  жүйесін  жасау  және  енгізу  міндеті 
алдыңғы орынға шығады. Бұл міндетке және бір анағұрлым дәстүрлі 
міндет қосылады, ол – осы семантикаланған бар терминдерді адамға 
барынша  «ақпараттық  ыңғайлылық»  жасау  мақсатында  тікелей 
пайдалануға  ұсыну.  Мұнда  терминологиялық  қордан  алынған 
деректер жоғарыда аталып өткен бағыттарда қолданылады. Кез келген 
пайдаланушыларға қызмет көрсететін тұрпаттарға қатысты төмендегі 
жағдайларды айтар едік:
-  деректер  қорына  телеқолжетерлік  тәртіпте  орындалатын 
жекелеген терминдер бойынша анықтамалар, бұл жерде жазысу және 
телефон арқылы алынған анықтамалар да қоса ескеріледі;
- терминдердің жекелеген тақырыптық салалары немесе санаттары 
бойынша  алуан  түрлі  терминологиялық  сөздіктердің  басылымдары 
(анықтамаларды, 
стандартталған 
терминологияны, 
аударма 
сөздіктерді, тезаурустарды қоса алғанда);
-  қазақ  тілі  терминологиялық  лексикасының  жай-күйі  және 
қолданылуы жөнінде ғылыми есептер мен шолулар дайындау.
Қазақ  терминологиялық  қорының  ұйымдық  құрылымы.  Жобала- 
нып отырған қазақ терминологиялық қорының қазақ тілінің арнаулы 
лексикасын  барынша  қамту  және  сипаттау  қажеттігі  барысындағы 
оны  жасау,  дамыту  және  пайдалану  жұмыстарына  көптеген  қоса 
орындаушы – ұйымдарды тарту қажеттігі туындайды.
Шетелдік  терминологиялық  деректер  қорын  жасау  және 
қолдану  тәжірибесіне  жасалған  талдау  бұл  қорлардың  арнаулы 
терминологиялық  қызметтерде  қолданылып  отырған  терминоло- 
гиялық қабаттардың негізінде жасалғандығын көрсетеді және оларды 
төмендегідей негізгі типтерге бөлуге болады:
- терминологиялық лексикографияға бағытталған терминологиялық 
орталықтар;
-  ірі  фирмалардың,  мемлекеттік  және  халықаралық  ұйымдардың 
аударма қызметтері;
- стандарттау қызметтері.
 Қызметтер шетелдік терминологиялық қорлардың типологиясына 
да  сәйкестендіре  бағытталуы  тиіс,  оларды  былайша  топтастыруға 
болады: лексикографиялық, аудармашылық, нормативтік, зерттеу.
Аталған  барлық  типтердегі  терминологиялық  деректер  қорлары 
көптақырыпты  болып  табылады.  Шетелдік  терминдер  қорларының 
арасында  қазіргі  кезде  салалық  принцип  бойынша  ара-жігі  ажыра- 
тылған  қорлар  жоқ,  олар  нақты  міндеттердің  шешілуін  қамтамасыз 
етуге  тиісті  қызметтердің  бағыт-бағдары,  сонымен  қатар  өңделетін 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
50
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
терминологиялық ақпараттың сипатымен анықталатын маманданулар 
арқылы ерекшеленеді. 
Шетелде  салалық,  әсіресе  салаішілік  терминдер  қорларының 
болмауы бағдарламалық құралдарды, есептеу техникасын, терминоло- 
гиялық деректер қорын жасап, оларды жұмыстық күйінде ұстай білу, 
жүйені пайдалану құнының аса жоғары болуымен түсіндіріледі. 
Терминдік  қор  жасау  мен  пайдалану  құнының  жоғары  болуы 
оларды,  атап  айтқанда,  тиісті  техникалармен,  терминологиялық 
деректердің  басым  үлес  салмағымен,  деректерді  дайындап,  енгізуге 
және  жүйелерді  әртүрлі  тәртіпте  пайдалануға  арнайы  дайындалған 
қызметкерлермен  жарақталған  ірі  орталықтарда  құрудың  басты 
себептерінің бірі болып табылады.
Терминдік  қорлардың  көптақырыптылығы  олардың  анағұрлым 
ауқымдырақ қолданылуын қамтамасыз етеді. 
Біздің  елімізде  терминдік  қор  құру  әлі  де  кеңінен  қолданылмай 
отырғандығына  орай  қазақ  терминологиялық  деректер  қорын 
жобалаған кезде жинақталған шетелдік тәжірибені пайдаланған жөн. 
Алайда бұл жерде еліміздегі ғылымның, экономиканың, өнеркәсіптің, 
ақпараттың  ұйымдастырылу  ерекшелігін,  сонымен  қатар  көптеген 
ұйымдардың толық шаруашылық есепке көшуге және өзін-өзі өтеуге 
бағытталуын ескеру қажет. Жаңа көптеген терминологиялық қорлар 
құруда соңғы үрдістің белгілі бір қиындықтар туғызуы мүмкін, өйткені 
оларды құру және қолданысқа енгізу қомақты шығынды қажет етеді, 
ал олар тек 3-5 жылдан кейін, яғни осы жүйелер өнеркәсіпте пайдалана 
бастаған соң ғана өтемін қайтарады [2. 19]. 
Сондықтан  қазақ  терминологиялық  деректер  қорының  ұйым- 
дық-функционалдық  құрылымын  жобалаған  кезде  қолдағы  бар 
терминологиялық деректерді, арнайы дайындалған тиісті мамандармен 
қамтамасыз  етілуін,  ұйымдарда  есептеу  техникасы  құралдарының 
болуын ескеру қажет. Осы факторларды ескерген жағдайда ғана қазақ 
терминологиялық  қорының  жалпы  типологиясы  негізінен  шетелдік 
жүйеге барабар болады. 
Терминологиялық  деректер  қорының  техникалық  жағынан 
қамсыздандырылуы  ҒТА  орталықтары,  оқу  және  ғылыми-зерттеу 
мекемелерінің  көпшілігінде  қолданылатын  есептеу  техникасы 
құралдарын пайдалануға негізделуі тиіс.
ТДҚ  қызметі  Мемлекеттік  терминологиялық  комиссия,  Мемстан- 
дарт  және  басқа  да  министрліктер  мен  ведомстволар,  ұйымдар 
деңгейінде  бекітілген  құжаттар  негізінде  ұйымдастырылуы  қажет, 
бұл аталған ұйымдар мынандай жұмыстарға қатысады:
-  ҚТДҚ  (қазақ  терминологиялық  деректер  қоры)  туралы  ереже 
(ҚТДҚ негіздері);
- мамандандырылған ТДҚ туралы типтік ереже;
- мақсатты түрде қаржыландырылатын ұзақмерзімдік, бесжылдық 
және жылдық жоспарлар;

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
51
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
-  терминологиялық  ақпаратты  әртүрлі  тасымалдағыштарда  және 
байланыс арналары бойынша айырбастау тәртібі.
Мұнымен  қатар  әдістемелік  құжаттама  жиынтығына  типтік 
әдістемелер мен нұсқаулықтар, сол сияқты желі қатысушыларының 
өзара міндеттерін ретке келтіретін құжаттар қамтылуы тиіс. 
Осылайша,  ТДҚ-ның  жинақталуы  әр  жерде  –  ҚТДҚ-да, 
бүкілодақтық,  республикалық, салалық,  салааралық  және аумақтық 
ұйымдарда бір мезгілде жүзеге асырылады. 
Адами білім дамуының әр кезеңінде, әр дәуірде кез келген ғылым- 
да  қолданылатын  жалпығылыми  және  жалпытехникалық  ұғымдар- 
дың  белгілі  бір  мөлшері  көрініс  береді.  Оларға  әдістемелік 
ғылымдардың – философия, жалпы жүйелер теориясы, кибернетика, 
ақпараттану  және  т.б.  -  жалпы  ұғымдары  жанасады;  бұл  ғылымдар 
ұғымдарының  кейбір  бөлігі  жалпы  ұғымдар  тәрізді  білімнің  алуан 
түрлі  саласында  қолданыла  береді  (мысалы, 
ақпарат,  элемент).  Бұл 
жерде  мынаны  ескеру  қажет,  мұндағы  басты  нәрсе  жалпығылыми 
(жалпытехникалық)  және  салааралық  ұғымдардың  бірқатар  білім 
салаларында қолданылып отырғандығы емес. Мәселе әр түрлі салада 
қолданылуына  мүмкіндік  беретін  олардың  ортақ  мән-мағынасы 
болғандығында, көп жағдайда ортақ мән-мағынасына нақты белгілер 
үстейтіндігінде  болып  отыр.
2
  Мысал  ретінде  жалпығылыми 
әдіс 
терминін келтіруге болады, 
аналитикалық әдіс – салааралық термин 
болса, 
математикалық әдіс – нақты ғылыми термин, (сал.: сондай-ақ 
салааралық 
кластер термині – ағылшын сөзі, кіші бөлшектердің шағын 
шоғыры, бумасы дегенді білдіреді, ол физикада, химияда, астрономияда, 
биологияда,  әлеуметтануда,  жалпы  жүйелер  теориясында,  сонымен 
қатар ғылымтану мен ақпараттануда да қолданылады).
Білім  мен  іс-әрекеттің  әрбір  саласында  жалпы  әртүрлі  деңгейдегі 
– ең ірі топтардан бастап, ең кіші түрлерге дейін – арнайы ұғымдар, 
сонымен  қатар  осы  топтарды  қарастыру  аспектілерін  көрсететін 
ұғымдар  да  бар.  Ұғымның  осы  екі  типі  түрлік  және  аспектілік  деп 
аталады; мысал ретінде геология терминін келтіруге болады, 
субдельта 
(дельта  ұғымына  қатысты  түрлік  ұғым  ), 
мұнай  геохимиясы,  мұнай 
қорлары (аспектілік ұғымдар). 
Әкімшілік-саяси салада әскери терминдер жиі ұшырасады. Олардың 
бір  бөлігі  техникалық  терминдерге,  екіншісі  –  экономикалық 
терминдерге,  үшіншісі  –  ғылыми  терминдерге  жақындайтыны  рас. 
Әскери терминдер - ұштас салалар терминдерінің типтік үлгісі. Солар 
арқылы  терминдердің  арасындағы  шегара  өте  шиеленісті  екендігін 
көрсетуге  болады.  Техника  ғылымдарының  көптеген  терминдері  бір 
мезгілде техникалық терминдер болып саналса (
илеу, жасыту, күйдіру 
және  т.б.),  ал  құжаттанудың  көптеген  терминдері  іс  қағаздарының 
2 Болашақта ТДҚ өзіне халықтық қолөнер және кәсіпшілік терминологиясын қамту 
мүмкіндігін ескеру қажет, сонымен қатар, мысалы, спорт, филателия, әдет-ғұрып, бала 
ойындары және т.б. тәрізді адам іс-әрекетінің арнайы салаларын да.

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
52
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
терминологиясында  да  кездеседі  (
кесім,  мұрағат).  Дей  тұрғанмен 
аталу  нысанына  қарай  терминдерді  жіктеу  аса  маңызды;  ол  белгілі 
бір кезеңдегі қоғамдық құрылым дамығыштығының және ғылымның 
деңгейін көрсетеді. 
Әлеуметтік-саяси салаға қоғамдық ғылымдар терминдерінен басқа 
(саяси экономия, әлеуметтану, этнография) қоғамдық-саяси лексика 
да  жатады.  Қоғамдық  ғылымдар  терминдері  мен  қоғамдық-саяси 
лексиканы  бір-бірінен  қатаң  түрде  бөліп  алу,  әсіресе,  ақпараттық 
тілдерді  құру  үшін  маңызды  болып  табылады.  Тұтастай  алғанда, 
қоғамдық-саяси  лексика  қазақ  терминологиялық  қорында  көрініс 
табуы қажет. 
Жекелеген  білім  салаларының  ішінде  аталу  нысанына  қарай 
терминдердің жіктелуі олардың мүмкіндігінше толық жіктелуі болып 
табылады.
Терминдердің  үшінші  мазмұндық  жіктелімі  –  термин  арқылы 
ұғынылатын  ұғымның  логикалық  категориясы  бойынша  болып 
табылады.  Мұнда  заттар  мен  нәрселерге  (
сүтпен  қоректенушілер), 
үдерістерге  (
көбейту,  іс  қағаздары,  компрессия),  белгілері  мен 
қасиеттеріне  (
суыққа  шытынағыштық),  шамасы  мен  олардың 
бірліктеріне (
ток күші, ампер) қатысты терминдер бөлініп шығады. 
Терминдердің  лингвистикалық  жіктелімі  белгілі  бір  тілдің  сөздері 
немесе сөз тіркестері ретіндегі терминдердің белгілеріне негізделген.
Мағыналық 
(семантикалық) 
құрылымы 
бойынша 
жіктеу 
бірмағыналы  терминдерді  (
шунттау,  сомын,  хромосома)  және 
көпмағыналы  терминдерді,  яғни  бір  терминдік  жүйе  шеңберінде  екі 
немесе одан да көп мағынаға ие болатын терминдерді (
сот – 1. судья 
мен заседательдер жиынтығы; 2. сот отырысы; 3. сот ғимараты) бөліп 
алуға мүмкіндік береді. Семантика тұрғысынан алғанда еркін тіркесті 
(муфель пеші, тұрғылықты орнынан анықтама) және тұрақты (оның 
ішінде фразеологиялық) тіркесті терминдер (
бүкіләлемдік тартылыс) 
бөлініп шығады. 
Формальды  құрылым  бойынша  терминдердің  жіктелімі  өте 
бөлшектік  болып  табылады.  Ең  алдымен,  термин-сөздер  бөлінеді. 
Олар,  өз  кезегінде,  түбірлік  (
су),  туынды  (бөлгіш,  суарғыш),  күрделі 
(
қоғамтану, биосфера), күрделі қысқартылған (Қазмембас, терминком), 
сондай-ақ кездейсоқ құрылымдағы сөздер – телескоптық (
магнитола 
– магнитофон+ радиола сөздерінің бірігуінен), тізбекті құрылымдар 
(
синтез-газ) болып бөлінеді. 
Ары  қарай  терминдік  сөз  тіркестері  болып  бөлінеді.  Мұнда 
анағұрлым  кең  тараған  құрылым  зат  есімнің  сын  есіммен  тіркесуі, 
зат есімнің ілік септігіндегі зат есіммен тіркесуі, зат есімнің қосымша 
ретіндегі зат есіммен тіркесуі болып табылады. Кейде бес не одан да 
көп сөзден тұратын терминдер де кездеседі. 
Терминдердің  формальды  құрылымында  бірсөзді  терминдер 
мен  көпсөзді  терминдердің  қысқартылуы  тән  құбылыс  болып 

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
53
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
табылады.  Қысқарған  сөздердің  көптеген  түрлері  кездеседі:  әріптік 
(
п.ә.к.), дыбыстық (ЖАК), буындық (облатком), сөз тәріздес (сигран- 
синтетикалық  гранит  сөзінен),  сөзбен  толық  сәйкес  келетін  (ГАЗ 
–  Горький  автомобиль  зауыты);  бұдан  басқа  сөз  бен  қысқарған 
сөздер  тіркестері  (
МГД  –  генератор  –  магнитогидродинамикалық 
генератор). 
Уәжділігі/уәжделмегендігі бойынша жіктелім мағыналары олардың 
құрылымымен  түсіндірілетін  немесе  түсіндірілмейтін  терминдер 
бар  екендігін  көрсетеді.  Бұл  жағынан  алғанда,  толық  уәжделген  (
газ 
құбыры), ішінара уәжделген (Паркинсон ауруы), толық уәжделмеген 
(
ромб), сондай-ақ жалғануәжделген (найзағай бұрғыш) терминдер бар.
Негізгі  дереккөздік  тілге  қарай  терминдер  байырғы  (
орда,  жасақ, 
сарбаз),  кірме  (дисплей  –  ағылшын  сөзі;  квершлаг  –  неміс  сөзі), 
аралас (
металтану, автобасқару) болып бөлінеді.
Ғылым  және  техника  саласында  міндетті  түрде  нормалануы  тиіс 
болып  табылатын  терминдер  бар:  мысалы,  радиожиілік  терминдері 
халықаралық деңгейде нормаланған, себебі бұл теңізде жүзушілердің, 
авиаторлардың және тағы басқалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
үшін  қажет.  Әдетте,  бұл  терминдер  халықаралық  болып  табылады, 
олардың  семантикасы  халықаралық  ұйымдардың  шешімдерімен 
нормаланады. 
Анықтама  (дефиниция)  –  термин  семантикасын  ашудың  аса 
маңызды  құралы.  Сөздікте  анықтама  сөздік  мақаланың  алғашқы 
сөйлемін  білдіреді.  Ол  терминнің  семантикалық  басым  белгілерін 
көрсетеді де, әдетте стандартты үлгілер бойынша түзіледі (сал., тектік-
түрлік  анықтамалар,  партитивтік  анықтамалар,  операционалдық 
анықтамалар  және  т.б.).  Жарияланған  сөздік-дереккөздердегі 
анықтамаларды  дәл  сол  күйінде  беру  керек.  Мәселен, 
құрастыру 
бірлігі- құрастыру операциялары арқылы өзара біріктірілген бірнеше 
бөліктерден  (бөлшектерден)  тұратын  бұйым; 
склерометр-  металдар 
мен әр түрлі кристалдардың қаттылығын (беріктігін) өлшейтін құрал; 
судың  ауытқуы-  судың  өзге  материалдардан  физикалық  қасиеттері 
бойынша  ауытқуы; 
акцент-  дыбысты  немесе  дыбыстар  кешенін 
(аккордты) ерекшелеу, айырықша айту арқылы көрсету және т.б. 
  Оқу  құралдары  және  ғылыми  әдебиеттер  тәрізді  дереккөздерді 
пайдаланғанда  мәтіндегі  анықтаманың  сөздіктегі  анықтамадан 
ерекшеленетіндігін  ескерген  жөн.  Мәтіндегі  анықтама  құрылымы, 
тілі, терминге телу тәсілі жағынан алуан түрлі болып келеді. Сондықтан 
да  мұндай  анықтамаларды  ҚТДҚБ-ына  енгізу  кезінде  бірқатар 
сарапшылық өңдеулер қажет болады. 
Мысалы,
  тойтармалы  біріктірілім  -  тойтармалар  арқылы  іске 
асырылатын ажырамас біріктірілім. Мұны оқу құралының мәтініндегі 
анықтамамен салыстырып көрелік. 
тойтармалы біріктірілімдер – тойтармалар арқылы іске асырылатын 
біріктірілімдер ажырамас біріктірілімдер санатына жатады…

АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
54
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Кейбір жағдайларда жарияланған дереккөздердегі анықтамалардан 
өзгешелеу  етіп  беру  немесе  осы  кезге  дейін  ешбір  анықтамасы 
берілмеген  терминді  анықтау  қажеттілігі  туындайды.  Мысалы, 
тақырыптық  айдар-  құжат  тақырыбының  берілуі;  таңба  денотаты- 
таңбамен  белгіленген  нақты  зат,  дерек  немесе  қарым-қатынас  және 
т.б.
Бір  терминнің  қолданыстағы  анықтамасын  өзге  терминдерден 
тәуелсіз жағдайда нақтылауға тырысуда абай болған жөн; бір жағынан 
жақсартудың  нәтижесі  екінші  жағынан  күрт  төмендетуі  мүмкін, 
осының  әсерінен  терминологияның  бүкіл  семантикалық  жүйесі 
бұрмаланады. Сондықтан белгілі анықтамаларды сәл ғана өзгертудің 
өзі,  сол  сияқты  осы  кезге  дейін  анықталмаған  терминдерді  анықтау
 
белгілі  бір  салалық  анықтамалардың  тұтас  жүйесін  ескере  отырып, 
аса ыждағаттылықпен жүргізілуі тиіс. 
Қазақ тіл білімінде ғылыми-теориялық бірқатар зерттеу еңбектері 
жарық көргенімен, әдістемелік жағынан басшылыққа алуға болатын, 
терминологияның  практикалық  жұмыстарын  жүргізуге  арналған 
еңбектер әлі де аз деуге болады. Тілші-терминолог ғалымдардың бұл 
мәселеге назар аударып, аталған олқылықтың орнын толтыру қажеттігі 
жөнінде түрлі сала мамандары тарапынан сан мәрте мәселе көтерілді, 
сын пікірлер де айтылды. Мемтерминком жұмысын үйлестіруде, өзге 
де  терминологиялық  жұмыстарға  араласу  барысында  басшылыққа 
алатын ғылыми-әдістемелік құралдардың аса қажет екендігіне өзіміз 
де  сан  мәрте  көз  жеткіздік.  Сондықтан  да  аталған  олқылықтың 
орнын  толтыруға  септігімізді  тигізу  міндетіміз  деп  санай  отырып, 
терминологиялық  жұмыстарды  жүргізуге  қатысы  бар  барлық  сала 
мамандарына, терминдер сөздігін түзушілерге, жалпы термин мәселесі 
қызықтыратын көпшілік қауымға арналған осы еңбек ұсынылып отыр 
[1. 5]. 
Әдебиеттер
1.  Ш.Құрманбайұлы.  Терминқор  қалыптастыру  көздері  мен 
терминжасам тәсілдері. Алматы. 2005 ж.
2. Лингвистическая концепция терминологического банка данных 
машинного фонда русского языка (проект). Под ред. Проф. А.С.Герда. 
Москва. 1989. 
3.  Самбурова  Г.Г.  О  нормативности  как  цели  терминологической 
работы  //  Проблемы  разработки  и  упорядочения  терминологии  в 
академиях наук союзных республик. А., 1983. 
4.  Сифоров  В.И.,  Канделаки  Т.Л.  Методологические  аспекты 
терминологической работы (Из опыта Комитета научно-технической 
работы)  //  Проблемы  разработки  и  упорядочения  терминологии  в 
академиях наук союзных республик. А., 1983.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет