«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
депутаттары, ҚР Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология
комиссиясының мүшелері, тіл білімі және журналистика саласын
зерттеуші ғалымдар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл саласына
жауапты құрылымдардың басшылары мен мамандары қатысты.
Саладағы қордаланған мәселелерді шешуде мұндай шаралардың
берері мол. Осы ретте, Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне
орай БАҚ өкілдерінің мерейін көтеретін «Мемлекеттік тіл және БАҚ»
байқауының ұйымдастырылғанын айта кеткіміз келеді.
Республикалық байқауға еліміздің әр өңірінен келіп түскен 200-
ден аса материалдардың ішінен мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын
кеңейту мен мәртебесін нығайтуды көздеген, қазіргі мемлекеттік
тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни материалдар жариялаған
жекелеген тілшілердің еңбектері іріктеліп алынып, байқаудың
ережесіне сәйкес «Үздік мақала», «Үздік телеарна бағдарламасы»,
«Үздік радио бағдарламасы», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары
бойынша 4 бағытта бағаланды.
Байқау жеңімпаздары диплом, алғысхаттармен қатар, ақшалай
сыйлықтармен марапатталса, кей журналистер ынталандыру
сыйлығын иеленді. Дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген бұл іс-шара
мемлекеттік тіл саясатын насихаттау белсенділігін арттырып, тиісінше
тіліміздің дамуына септігін тигізетіні сөзсіз.
Бүгінгі таңдағы тіл саласындағы өзекті мәселелердің бірі терми-
нологиялық және ономастикалық жұмыстарды реттеуге бағытталған
мәселелерді шешу болып табылады. «Медициналық терминдерді
біріздендірудің нормативтік-лингвистикалық негіздері», «Ономастика
және көрнекі ақпарат мәселелері», «Ономастика саласындағы
нормативтік-құқықтық актілерді реттеу» атты республикалық
дөңгелек үстелдер өткізілді. Тіл жанашырлары бас қосқан келелі
кеңесте
өрелі ойлар мен өткір пікірлер, тың ұсыныстар айтылды.
Үш тілді жетік меңгерген қабілетті жастарға қолдау көрсету, көп
тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу мақсатында жастар арасында «Тіл-
тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадасы, «Ой-сана» оқушылар
байқауы, қазақ мәдениеті, тілі мен әдебиетіне деген қызығушылықты
арттыруды міндет еткен «Абай оқулары», Оралхан Бөкей атындағы
көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ республикалық байқауы, «Тіл
шебері» республикалық байқауы орталық қызметкерлерінің тіл
мәртебесін арттыруға байланысты түрлі мазмұндағы іс- шараларды
өткізуге белсене араласатындығын көрсетті.
Еліміздің шоқтығы биік сұлу өңірінің бірі Бурабайда қазақ тілінен
сабақ беретін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушылары
арасында республикалық «Тіл мерейі» байқауы өткізілді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау,
қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың қоғамдық мәртебесі мен
беделін арттыру және оқытушының әдістемелік шеберлігін шыңдау,
тіл үйретудің озық әдістемесін тарату, педагогикалық қызметтегі
инновациялық тәсілдерді, оқытушылардың сабақ берудегі біліктілігі
мен тәжірибесін сараптауды басты мақсат еткен бұл байқауға
111
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
Б.Хасанұлы. Мемлекеттік тілді дамыту стратегиясы .............................7
Н. Уәлиұлы. Қазақ тілі қандай тіл? ..................................................... 20
ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТІЛІ
Д.Райхан. Көне түбірлердің өзгеру сипаты ......................................... 29
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
К.Юсуп. Толғауы тоқсан қызыл тіл.... ................................................. 37
Н.Әшімбаева. Қазақ
терминологиялық қорын
қалыптастырудың лингвоәдістанымдық негіздері ............................... 44
СӨЗ ТӨРКІНІ
Б.Бияров. Кейбір макротопонимдердің этимологиялары ..................... 55
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
Ш.Құрманбаева. Коммуникативтік
бағдарлы оқытуда
тіл үйренушінің оқу-танымдық уәждемесін арттырудың маңызы ........ 63
ОНОМАСТИКА
Қ.Рысберген. Қазақ жер-су атаулар жүйесіндегі
ортағасырлық кірме атаулар .............................................................. 69
Б.Әбдуәлиұлы. Қазақстан ономастикалық кеңістігі
жаңа құқықтық-нормативтік құжаттарды талап етеді ......................... 78
А.Абасилов. Қызылорда қаласының эргонимдері............................... 85
МЕРЕЙТОЙ
А.Байтұрсынұлы. «Қазақ» газетінен ................................................... 94
Ғ.Қараш. Ұлт һәм туған тіл................................................................. 96
Х.Досмұхамедұлы. Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы ........... 98
М. Жұмабаев. Тілдің адам өмірінде һәм ұлт өмірінде алатын орны ...... 101
М. Әуезов. Ана тілі әдебиетін сүйіңдер ..............................................102
ЖЫЛ ЖЕМІСІ
Тіл мәртебесін көтеру – маңызды міндет ...........................................103
МАЗМҰНЫ
112
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Авторлардың стилі,
орфография хақы сақталады.
Альманах Ш.
Шаяхметов атындағы
Тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру-әдістемелік
орталығында
теріліп, беттелді.
Дизайнын жасап, компьютерлік нұсқасын дайындаған
Берік ҚОСДӘУЛЕТОВ
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
Қазақстан
Республикасы
010000, Астана қаласы,
Сауран көшесі, 7 А,
Тел.: 8 (7172) 40-83-97
Tilortalyk@mail.ru
Теруге берілген күні 16.09.2015 ж.
Басуға қол қойылған күні 16.10.2015 ж.
Пішімі 70
х
100
1/16
. Шартты баспа табағы 9,1.
Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс №
РЕДАКЦИЯНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ: