1
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
№4 (42) / 2015
альманах
2
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Бас редактор
Қонысбай ӘБІЛ
Редакциялық кеңес:
Құрылтайшы:
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси
жұмыс комитеті
ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат министрлігінде тіркелген
№ 516-ж куәлігін берілген
(14.06.2004)
альманах
Ербол Нұрғалиев
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс
комитеті төрағасының орынбасары
Қойшығара Салғараұлы
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы
Кеңес Юсуп
Жазушы, аудармашы
Ғарифолла Есім
ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты
Алдан Смайыл
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Сауытбек Абдрахманов
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті»
акционерлік қоғамының президенті, филология
ғылымдарының докторы
Дихан Қамзабекұлы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің проректоры, ҚР ҰҒА
корреспондент мүшесі
Дархан Қыдырәлі
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Халықаралық түркі академиясының
президенті, тарих ғылымдарының докторы
Айдос Сарым
Саясаттанушы
3
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Тіл және тәуелсіздік
Адамзат қоғамының саналы түрде сабақтаса, араласа тіршілік
етуінің өміршең құралы, халықтың «менінің», ұлттық ділінің арқауы
– тіл дейтін болсақ, онда адам баласы ұлтына, жеріне, тарихи
дамуына, қауымдасуына, діліне қарай дербес мемлекеттер болып өмір
сүріп жатқанда тіл мәселесінің мазмұны да, мәні де артпақ. Жалпы,
мемлекетішілік қатынас құралына айналған тіл үлкен саяси мәнге
ие. Яғни, тіл өзіне тән табиғи қызметтерімен бірге ендігі тұста аса
маңызды елдік, мемлекеттік қызметті де атқарады. Нәтижесінде,
мемлекет ішінде тілдің біріктірушілік, басқарушылық, реттеушілік
маңызы артады. Сөйтіп, әлеуметтік құбылыс ретіндегі тіл ірі
қоғамдық һәм саяси құбылысқа айналады. Оны «мемлекеттік» немесе
«ресми» тіл деп атап жүрміз.
Қоғамдық және саяси тұрғыдан тіл - мемлекетішілік қатынас,
басқару, әлеуметтік байланыстарды реттеуші, азаматтардың
өзара түсінісу құралы болса, ұлттық тұрғыдан келгенде тіл - сол
халықтың тарихы, дәстүрі, мәдениеті, білімі, танымы сақталатын
ең басты қазынасы. Соған орай, тіл – мемлекет тұтастығының
кепілі және халықтың төлтумалылығын сақтаушы әрі жетілдіруші
негізгі рухани құбылыс болмақ. Қазақстандағы мемлекеттік тіл
дегенде біз осы екі мәселені алға тартуға және ұғынуға тиіспіз.
Бұл арада қазақ халқының саяси тәуелсіздік алып, өз алдына жеке
ел болуы – оның тілінің де еркіндік алуымен, кедергісіз өрістеуімен
тікелей сабақтасып жатуы қажет-ақ. Егемендікке жетуіміздің
негізінде саяси, тарихи, себептерден бұрын «қазақ» деген ұлттың
болмағы тұрса, онда халықтығымыздың қайнарында тіл тұрары
және ақиқат. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қиын
кезеңдерде ұлтты қожыратпаудың қуатты қаруы болған қазақ
тілі бүгінгі азат өмірімізде де ұлтты тұтастандырудың тегеурінді
тетігі болуға тиіс» деп тілдің ұлтты сақтайтын және біріктіретін
4
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
орасан қызметіне лайықты баға берді. Егемендік тұсында қазақ
тілі ұлтты сақтаушылық сияқты табиғи әрі тарихи миссиясымен
бірге ұлтымыздың саяси һәм қоғамдық құқықтарға ие болуының,
рухани әлемін кеңейтуінің де кепілі қызметін толықтай орындауы
шарт. Осы бағытта елімізде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын
кеңейтуге байланысты мақсатты шаралар атқарылуда. Олар арнайы
мемлекеттік бағдарламада көрініс тапқан.
Тіл ұлт, ел мәдениетінің бөлігі ғана емес, сол халықтың,
мемлекеттің барша мәдениетінің қуаты. Сол мәдениеттің баяны
да, безбені де. Қандай мәдениет болмасын қатынас құралы ретінде
де, ұлттың барша болмысы көрінген келбеті ретінде де тіл арқылы
жасалған, тілі арқылы да өмір сүреді, сол арқылы ұрпақтан ұрпаққа,
заманнан заманға жетіп ұлттық тұтастықты сақтайды.
Мәдениет ұлт өмір сүруінің ғасырлар бойы жинақталған амалдары
мен тәсілдерінің мейлінше сұрыпталған тәжірибесінің ең жарқын
қазынасы. Сондықтан ол халықтың табиғи ортамен, өз ішіндегі,
сыртқы байланыстарының түйінделген, мейлінше жүйеленген
ойларының, аңсарларының, көзқарастарының қымбат құндылығы,
бағалы қазынасы. Ендеше, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі – қазақ тілі жалпы қазақстандық мәдениеттің де негізі болмағы
қажет. Осы орайдан келгенде, тіл біздің еліміздің мәдени болмысын
қалыптастырушы басты құрал, сонымен қатар сол мәдениеттің де
негізгі мазмұнын құрамақ. Мәдениет ұлттың болмысы ғана емес, сол
ұлттың сан ұрпағы жасаған, жетілдірілген, тұтынған сол халықты
сақтаған және сақтай беретін ұлы қорғаны. Бүгінгі күнге дейін
дербес халық болып жету, дінін, тілін сақтап қалу, өмірдің барлық
саласын қамтыған, ешкімге ұқсамайтын, қайталанбас мәдениет
қалыптастыру, сол мәдениет аясында әрі қолданбалы, әрі рухани
бай қазына арқылы ортамен ымырашылдықта өмір сүру, осы алып
территорияны иемденіп, оны ерлік пен бірліктің арқасында сақтап
қалу, намысы мен абыройы үшін күресе білу, енді бүгін тәуелсіз
мемлекет құрып әлемдік қауымдастыққа еніп жатса, соның бәрі
ұлттың үлкен әлеуетінде. Осындай қуатты әлеуеті бар қазақ елінде
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде, қазақстандықтардың ортақ
5
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
қатынас құралы ретінде өз қызметін толық атқаруға байлығы да,
күші де жетеді. Оны отандастарымыздың баршасы сезінсе, түсінсе
жаһандану дәуірінде барлық құндылықтарымызды өз деңгейінде
сақтай да аламыз, жетілдіре де аламыз. Осы құндылықтар еліміздегі
барлық халықтың ортақ қазынасына айналғанда тілдің біріктірушілік,
тұтастырушылық қуаты күшеймек. Мемлекетте бір тілдің, сол
арқылы бір мәдениеттің төңірегіне топтасу тәжірибесі әлемдік
кеңістікте баршылық. Бұл өркениеттің мысалы.
Тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы – сол елде тұратын
азаматтардың баршасына ортақ мәдени қазына және қоғамдық
құндылық сапасына көшуімен сабақтасады. Бұл бір жағынан
мемлекетішілік тұтастыққа қол жеткізсе, екінші жағынан жаһандану
дәуірінде ұлттық, мемлекеттік келбетімізді сақтап қалуға оң ықпал
етеді. Жаһандану қазанында өзіміздің ұлттық болмысымызды,
мемлекеттік келбетімізді сақтап қалу үшін, қазақ та, басқа
этностар да қазақ тілі мен мәдениетінің маңайына шоғырлануы
керек. Біз қазіргі заманның реалды болмысын сараласақ, өзге ұлттың
да, тілдің де, мәдениеттің де төңірегіне топтасуымыз мүмкін емес,
егер олай мүмкін дейтін отандастарымыз болса, олар не бүгінгі күннің
шындығынан бейхабар, не өз мемлекетінің мықты болуына мүдделі
еместер. Бізді «Қазақстан Республикасы» деген мемлекет біріктіреді
екен, ендеше осы мемлекеттің бағзы тарихынан бастап бүгінге дейінгі
осы жерді сақтап келген мұраттар жолында тұтасуымыз қажет,
біздің білім алуымыз, жұмыс істеуіміз, мақсаттарға жетуіміз үшін
еліміздің ішкі бірлігі, сыртқы қауіпсіздігі қай-қайсысымызға да қажет.
Әлбетте, алдымен жеке басымызға, отбасымызға, жақындарымызға.
Ал осы ортамыздың амандығына кепілдік беретін мемлекет, оны
ұмытпағанымыз жөн. Егер бір мемлекет азаматтарының әрқайсысы
қалаған тілінде сөйлеп, басқа мемлекеттің мәдениетіне еліктей берсе,
әлбетте, елдік санаға да, мемлекеттік мүддеге де салқыны тиеді.
Сондықтан бүгін «өркениетті» деп еліктеп жүрген мемлекеттердің
қай-қайсысы да мұны терең түсінгендіктен мемлекетқұраушы
ұлттың тіліне, мәдениетіне, қажет десеңіз дініне де өзге этностарды
енгізеді. Бүгінгі Қытай, Франция, Испания, Германия, Италия сияқты
6
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
аса танымал мемлекеттердің ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы тарихына
көз салсақ, қаншама этностарды негізгі ұлттың діліне бейімдегенін
аңғарар едік. Әлемде мұндай үдерістер қазір үдемесе, баяуламауда.
Осы бағыт, осы үдеріс өрістей бермек. Сол себепті де елдігіміздің негізі,
ұлтымыздың ұйтқысы – қазақ тілінің шынайы мемлекеттік тілге
айналуы үшін әлі де атқарар жұмыстардың көп екендігін сезініп, осы
бағытта мемлекеттік деңгейде де, азаматтық ынтамен де кірісуіміз
керек.
Қазақстанда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін барлық салаға
батыл, толық, жан-жақты енгізудің басты алғышарттары бар,
қалыптасқан. Біріншіден, қазақ тілі Қазақстан Республикасының
Конституциясында: «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
тіл – қазақ тілі» деп бекітілген. Екіншіден, демографиялық тұрғыдан
алғанда, тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ халқының үлес
салмағы тәуелсіздік алған жылдардан бері үнемі артып келеді. Бұл
елімізде қазақ тілді ортаның кеңеюіне әкелетіні түсінікті. Үшіншіден,
ұлт болашағының да, тіл болашағының да кепілі – балалар дейтін
болсақ, онда қазақ мектептеріне баратын оқушылардың саны еселеп
өскендігін аңғарамыз. Бұл да тілдік орта қалыптастыратын маңызды
үдеріс. Сонымен бірге, тәуелсіздік кезеңінде өз балаларын қазақ
сыныптарына беріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің саны көбеюде және
осындай үдеріс балабақшалардан да байқалуда. Төртіншіден, қазақ
тілі мемлекеттік тіл ретінде арнайы түрде балабақша, мектептен
бастап ересектерге, мемлекеттік қызметкерге дейін үйретіледі.
Бесіншіден, қазақ халқы кеңес дәуіріне қарағанда тәуелсіздік жылдары
өзінің тарихи терең тамырларын, ұлттық болмысын түсініп тіліне,
өткеніне, дәстүріне бет бұрып жатқаны шындық. Бәлкім, бұл үдеріс
біз күткендегіден баяулау жүріп жатуы әбден мүмкін, десек те ондай
бетбұрыс бар. Яғни, қазақ халқының басым бөлігі қазақтілді болуға
ұмтылады және бұл үдеріс жылдан-жылға артатын болады. Міне, осы
негізгі алғышарттарды басшылыққа алып барын ұқсатуға, қажеттісін
табуға, баяуын жеделдетуге күшке күш, серпінге серпін қосқанымыз
жөн. Бұл халқымыз бен мемлекетіміз үшін, тәуелсіздігіміздің мәңгілігі
үшін аса маңызды, қадірменді ағайын!
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
7
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
іл дамуының өз заңдылығы бар: бір жағынан, ол өз бетінше, ішкі
даму заңдылықтары негізінде өзгеріске түсіп отырады, оның
көпшілігі даму белгісін береді; екінші жағынан, тіл қоғамның (дәлірек
айтсақ, оның өкілдерінің) тікелей ықпалымен дамиды. Тілді саналы
түрде дамыту тілдік өмірімізге енді. Тілдік өмірдің өнегелі өрілуіне
мемлекет тұтқасын ұстаған тұлғалар тікелей әсер етуде.
Қазақ халқы өз елінің шапшаң дамып келе жатқандығын ана тілінің
даму деңгейінен де көргісі келеді. Әрине, бұл салада жеткен меже мәз
емес. Мұны ана тілі дамуының тамыршысы сезініп отыр. Оны өзге
ешкім емес, сол тілді туғызған халықтың дәл өзі бағалап отыр. Елбасы
мемлекеттік тілдің өткені мен бүгінгісін ескере отырып, тілдің даму
стратегиясының іргетасын қалап берді, әлбетте, стратегия үш тұғырға
қонуы шарт. Олар: басқару, ұйымдастыру, ақпарат.
Ел басқару тізгінін қолына алған шенеуніктер ретін тауып, елді
баса-көктеуге, тілдің даму заңдылығын, тілді сақтау мен дамыту-
Мемлекеттік тілді
дамыту стратегиясы
Бақытжан ХАСАНҰЛЫ
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
8
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ете алу қабілеті болмақ керек.
Пікір айтар, көсемдік танытар тұлға, шешіліп сөйлер шешеннің,
қасірет шеккен қазақ тілінің қамын жейтіндей қазақылығы болмақ
керек.
Тілдік даму стратегиясы саяси жаңару тұғырында орын алуы тиіс.
Елбасы мемлекеттік, саяси, қоғамдық институттарға тапсырыс
беріп отыр деп түсіну керек. Тапсырысты орындаудың басы-қасында
мемлекеттік биліктің атқарушы тұтқасы – жаңадан құрылған Тіл
комитеті. Ол арқылы Орталық билік күллі мәселені шешуді қолына
ұстамай, бәрін өзіне шоғырландырмай, ортақ өкілеттілікті жергілікті
органдарға беруі тиіс, тілдің аймақтық мәселесін шешуді жергілікті
өзін-өзі басқару жүйесіне тапсырады. Тіл комитеті мен тіл қозғалысы
да өз қызметін атқарады.
Стратегия мемлекеттік тілдің өрісін жеделдете кеңейтіп, орыс тіліне
тәуелділіктен шығарып, екі тілдің қатар қолданылуы мен бәсекелестігі
негізінде бұрынғы орыс, қазақ халықтарына тән біртілділік орнына
қазақ пен орыстың екіжақты қостілділікті дамытуы күн тәртібіне
қойылды. Анығын айтпақ керек, мәселені шешу мүмкіндігі пайда бола
бастады. Біріншіден, біртілділікке апаратын орыстандыру саясаты
опат болды, кетті. Екіншіден, Қазақстанда тіл егемендігі пайда болып,
керітартпа саясат орнына игілікті сипатты тіл саясаты алғы шепке
шықты. Үшіншіден, орыстілді өзге ұлт өкілдері жергілікті халық тіліне
мән бере бастады.
Қазақстанның тілдік даму стратегиясы – мемлекеттік тілді
көптілді Қазақстанның ортақ тіліне айналдыру. Мұндағы мақсат
неде? Мақсат сол – қазақ деген мемлекет құрған, әрі елдегі көпшілік
болып табылатын халықты халық етіп қалыптастырған тілді қазақтың
өзінің, қала берді өзге ұлыстардың, ел игілігіне айналдыру. Бұл ретте
елдегі орыс тілінің, оны туғызған орыс ұлтының үлес салмағының
қазақтың елдегі үлес салмағының жартысындай (27 %) болуын
және қазақтармен туыс түркі халықтары тілдерінде сөйлейтіндерді
есептегенде Қазақстан халқының үштен екісін құрайтынын назардан
тыс қалдыруға болмайды.
Тілдік стратегия бүкілхалықтық сұраныс негізінде жасалады, оны
сенімі мен біліктілігі сай келген тұлға жүзеге асырмақ. Сондай тұлға
– Елбасы.
Елбасы қазақ тілінің болашағына сенеді. Сол сенім ақталу үшін
мемлекеттік тіл негізінде тіларалық қатынас жақсарып, екіжақты
қостілділік (атап айтар болсақ, қазақ-орыс, орыс-қазақ қостілділігі)
стратегия өзегіне айналмақ керек.
Тілдік даму болған жерде ғана күрделі тілдік жағдаяттың жақсарып,
тұрақталуы қамтамасыз етіледі. Міне, осындай жағдайда ғана қазақ
тілінің мемлекеттік мәртебесі Қазақстанның күллі аумағында жүзеге
аспақ және мемлекеттік тіл күнделікті өмірімізде орнықпақшы.
Қоғамның, халықтың діттегені – осы.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
9
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Стратегия жасау үшін алдымен тілдік-этникалық жағдаят дұрыс
сарапталуы шарт. Соның негізінде ғана қажетті идея ұсынылмақ.
Идеяны халық алдында мемлекеттік биліктегілер жүзеге асырады.
Өкінішке орай, бұлар халық мүддесінен ауытқып, аппарат мүддесін
жоғары қоюды ұмытпайды, ал саяси партиялар болса, олардың бір де
біреуінің мемлекеттік тілді дамыту жөнінде өзіндік идеясы жоқ, тіл
дамытудың тетігін таба алмай келеді, құр сөз айтып қоя салуға әуес.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару
жолында» деп аталатын 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы –
Қазақстан үшін қыры-сыры мол, XXI ғасырдың алғашқы бес жылында
маңыздылығы бойынша теңдесі жоқ құжаты, Жолдаудың қалың
жұртшылық тарапынан жан-жақты қызу талқылануы, қолдау табуы
– соның нақты дәлелі.
Жолдаудың негізгі функциясы (атқарар қызметі) қандай? Ол анық:
стратегиялық бағытымыздың негізгі бағдарларын аралық саралау,
атқарған жұмысымызды қорытындылау, мемлекетіміздің алдағы
жүрер жолының бағыт-бағдарын айқындау.
Өмірдің сан алуан саласындағы азаматтарымыз жаңаруға өз үлесін
қосуы тиіс. Үлес қосу үшін Жолдау функциясын жете түсіну шарт.
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының
бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан
әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», - деді Елбасы.
Бұл – нақты тапсырыс. Басшы сөзінің ретіне қарасақ, мемлекеттік
тілді барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторына
айналдыру – Елбасының бірінші тапсырысы. Барлық қазақтың ана
тілін одан әрі дамыту – Елбасының екінші тапсырысы.
Елбасы тапсырысын күллі қоғам, барша әлеуметтік топ, оның ішінде
ұстаздар мен студенттер қауымы жақсы түсінуі шарт.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының ректоры
Ш.К.Беркімбаева
ғылым
докторларына
соңғы
курстардағы
студенттерге дәріс оқи отырып, солардың ішінен жақсы үлгеретіндерін
магистратура мен аспирантураға қабылдауға ұсынуды тапсырған
болатын. Сол тапсырманы орындай отырып, мен 4-курста жалпы
тіл білімінен дәріс оқимын. Кезекті бір дәрісте 4-курс студенттерін
Елбасы Жолдауымен таныстыра отырып, олардан тілге байланысты
жолдарға назар аударып, оқылып отырған пәнге, қазақ тіл біліміне
байланыстыра бірнеше сұрақ қойдым. Жалпы тіл білімі пәні
мазмұнына сай, әлеуметтану (социология), тіл теориясы тұрғысынан:
1. «Қазақстандықтарды біріктірудің әлеуметтік факторларын»
атаңыздар деген сұрақ қойылды. Түсінісуге тура келді: Фактор,
қарапайымдап айтсақ, жағдай. Әлеуметтік фактор кең мағынада
әлеуметтік жағдайда (условие), мінез-құлыққа ықпал етуші жағдай.
2. «Мемлекеттік тіл – қазақстандықтарды біріктіруші фактор»
деген тұжырымды қалай түсінесіздер? деген сұрақ қойылды.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
10
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
3. «Мемлекеттік тілді қалай Қазақстан халқының басын біріктіруші
факторға айналдыруға болар еді?» деген сұрақ және қойылды.
Жасыратын несі бар, бұл сұрақтарға берген студенттердің
жауабының деңгейі тиісті дәрежеде болмады. Өз сұрағыма қысқаша
жауап беруге тура келді. Студенттерге Қазақстан Республикасы
Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1459 Жарлығымен
бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (бұдан былай
- Бағдарлама) міндеттерінің бірі ретінде «мемлекеттік тілді басым
дамыту» керектігі атап көрсетілгені ескертілді. Шамасы, мұны әр дәріс
тұсында ескертуіміз керек екен.
Келесі сұрақтарым жеке тіл білімі – қазақ тіл білімі тұрғысынан
болды. Студенттер «ана тілі» деген – қазақ тілі екенін, Жолдау
бойынша, «ана тілін дамыту» керектігін айтты. Алайда, «тілді қалай
дамытуға болатынын» ешкім нақты айта алмады. «Ана тілі» алдымен
психолингвистикалық категория екенін айтқан соң, қазақ тілін
мемлекеттік тіл ретінде дамыту тетігін социолингвистикалық,
психолингвистикалық тұрғыдан жақсылап түсіндіру керек болды.
Әлбетте, қазақ тілін қазақстандықтарды біріктіруші факторға
айналдыру мәселесі – күрделі мәселе, ал қазақ тілін ұрпақ тіліне
айналдыру мәселесі күрделілігі жағынан одан бір де бір кем емес.
Өйткені, дәл қазіргі қазақтар төл тілін білу-білмеу деңгейі жағынан
біркелкі емес, бірнеше топқа бөлінеді: қазақ тілін ана тілі дәрежесінде
білетіндер, қазақ тілін екінші тіл ретінде білетіндер, сөйлеу тілінде
қиналып, орысша араластырып сөйлейтіндер және қазақ тілінен
бейхабар, мүлдем білмейтіндер, сонымен қатар қазақ тілін білсе де
ресми орындарда сөйлемейтіндер, сөйлесе де қазақ тілі тағдырына
немқұрайлы қарайтындар, Президент, Сенат пен Мәжіліс төрағалары
еркін меңгеруге тиісті мемлекеттік тілді (Қазақстан Республикасы
Конституциясының 41, 58 баптары) ұлты қазақ депутаттар білу міндетті
емес деп есептейтін қазақ халқы қалаулылары, ақын, ғалымсымақтар
баршылық. Орыстілділіктің қазақтың қайсы бір зиялылары мен
білгіштерінің тілдік санасына берік орныққаны соншалық – кеңес
дәуірінде қазақ арасында тарап кеткен орыс біртілділігі тілдік
егемендік жағдаятында да берік сақталуда. Бұларсыз да қазақ тілін
дамытамыз, дей тұрғанмен саяқ жүргендер ана тілі үйіріне қосылар
деп үміттенеміз.
Қазақ тілін ұлтты ұйыстырушы факторға айналдыру үшін бірінші
кезекте ана тілі дәрежесінде білетіндер тіл мәдениетін мейлінше
жетілдіруі керек, екінші тіл ретінде пайдаланатындар ана тілі
деңгейінде білуі тиіс, ал шала білетіндер мен мүлдем білмейтіндер
оны екінші тіл деңгейінде меңгеріп, екі тілдің бірі ретінде алма-кезек
қолдана алатындай болуы қажет. Міне, осындай жағдайда келесі
кезекте тілдің әдеби нормасын сақтау, тіл мәдениетін жетілдіру
мәселесі шешілуі тиіс.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
11
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Білімді елдің ғана тілі бай болады.
Білім мен тіл.
Білім деген не? Білім пәні – адам.
Білім деген қайсыбір санада, жадта сақталған «ақпараттық»,
«мазмұндық» бірліктер, жүйеге түскен объективті мәліметтер.
Қазақ тілін оқыту жас ұрпақты әлеуметтендіру қызметін атқарады,
сондықтан да ол халықтық педагогикаға құрылуы тиіс, себебі мұнда
өмірмен байланыс, сабақтастық бар. Білім ауысады, ырыс жұғысады.
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық,
мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне
қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту үдерісі.
Сонымен қатар, пайым деген түсінік бар. «Әр нәрсенің пайымына
бар» дейді халқымыз, «ақылға сал» деген сөз. Пайым (түсінік, тоқу,
сабақ алу) деген жеке адам, ұжымдық шындық өмірмен байланыс
пен қарым-қатынастың субъективті бейнеленуі, өзіндік (субъективті)
елес, ұғым және оларға байланысты баға. Мысалы, әр әлеуметтік
топтың өкілінің Махамбет пен Жәңгір хан жөніндегі пікірі сай келе
бермесі хақ.
Білім мен пайым табиғаты, құрылым, белсенділену (активтену),
сақталу формасы мен тәсілі жағынан өзара бөлінеді, дараланады.
Кезінде Халел Досмұхамедұлы: «Мәдениеттің негізі – білім. Білім
тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады» деп еді.
Елбасы биылдан бастап педагог мамандарды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мың бірлікке артатындығын
айтты. Бұл гранттан 8 педагогикалық жоғары оқу орнына берілді.
Белгілі идеологияны өмірге енгізумен қатар балғын жасты қорғай
отырып, егемендік белгісі мемлекеттік тілді қорғап, ол тілде білімді
дамытуды қамтамасыз ету мемлекеттік билікті жүргізушілердің
бірден-бір міндеті болса керек.
Білім – тілдің дамуын белгілейтін, оның дамуында шешуші роль
атқаратын қозғаушы күш.
Қазақстанда білім саласын түбегейлі өзгерту қажеттігі дау
туғызбайды.
Қалай түбегейлі өзгеріске қол жеткіземіз – сонда біз білімді ел
боламыз. О заман да, бұ заман білімді елдің ғана тілі бай болады. Бірақ
халық білімді басқа тілде емес, ана тілінде алғаны жөн. Бұл – әлем
мойындаған заңдылық.
Қазақстанда білім саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі
(мамандық игеру тілі) ретінде қолданылады, пән ретінде де оқытылады.
Неміс, корей, француз, испан, қытай тілдері, негізінен, пән ретінде
оқытылады.
Мемлекеттік тілді біріктіру факторына айналдыру, егер тіл өз
мәртебесіне лайықты қолданылса, әлеуметтік, саяси жедел жаңару
тұғырында жүзеге аспақ, себебі мемлекеттік тіл дегеннің өзі – саяси
Достарыңызбен бөлісу: |