«Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу»


Тіл және ойлаудың өзара байланысын зерттеу аспектілері



бет4/7
Дата15.03.2023
өлшемі134,1 Kb.
#74432
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жоба тіл білімінен

Тіл және ойлаудың өзара байланысын зерттеу аспектілері
Тіл екіжақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы әрі дыбыстық жағы болды да, ал екінші жағы – ішкі мазмұндық әрі логикалық жағы. Ойлау мен тілдің өзара тығыз байланысы туралы өзекті мәселелерге келетін болсақ, олардың ішінде әлі де болса толығымен дерлік шешілмеген, қазіргі уақытқа дейін әлі де шешімін таппаған мәселелердің бар екенін мойындау керек. Мысалы, тіл мен ойлаудың нақты формасы (мысалы тіл форма болып, ал ойлау оның мазмұны болып табыла ма? Немесе тіл пішін, ал ойлау оның мазмұны бола ала ма?) туралы мәселе, тілдің әр түрлі жақтары, мәселен, тілдің материалдық пен дыбыстық жақтарының ой-санаға қатысы бар ма? Міне сол туралы мәселе, сонымен қатар, логикалық және грамматикалық категориялардың қарым-қатынасы, сөздің мағынасы мен ұғымның ара қатынасы туралы мәселелер маңызды екенін білген жөн. Аталған мәселелердің барлығы баспасөз бетінде талқыланып та, зерттеліп те, тіл білімінің мәселелері қатарында айтылып та жүргені мәлім. Тілге (яғни оның материалдық қабығына), біріншіден, ойлаудың абстаркті мазмұнының қатысы, ал екіншіден, қабылдау (восприятие) мен елесті (представление) сезіну, көрнектілік образының қатысы туралы мәселе де талқылауды және айрықша назар аударуды қажет етері сөзсіз түсінікті. Ойлауды да екі түрлі аспектіде қарауға болады: зерттеушілер ойлауды сөз еткенде, бірінші кезекте, оны ұғым, сонымен қатар байымдау формаларында болатын абстаркті мазмұн десе, ал екіншңден, абстаркті процестер түрінде болатын сезім образдардың мазмұны ретінде қарайды. Кейбір мамандар ойлаудың осы аталған екі түрлі жағының тілге қатысы бірдей деп есептейді. Олардың пікірінше, тіл қабылдау мен елестің образдарымен тікелей байланыста болады, сөз ұғымды ғана білдірмейді, сонымен бірге елесті де білдіреді, ойлау мен тілдің тарихында ойлаудың тек қабылдау мен елестің образы түрде өмір сүрген дәуірі болды, тіл тек соларды білдірген. Бұл көзқарас, әсіресе, Леби – Брюльдің «Алғашқы ойлау» (Первобытное мышление) деген кітабында және Н.Я.Маррдың еңбектерінде орын тепкен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет