«Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу»


Тіл мен ойлаудың байланысы жөніндегі көзқарастар



бет5/7
Дата15.03.2023
өлшемі134,1 Kb.
#74432
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
жоба тіл білімінен

Тіл мен ойлаудың байланысы жөніндегі көзқарастар
1. XIX ғасырдың бірінші жартысында Вильгельм Фон Гумбольдт тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы туралы проблеманы қарастыра келіп, тіл мен ойлау бірдей, екеуі тепе-тең деген қате қорытынды жасаған болатын. Уақыт өте Гумбольдттың бұл пікірін жақтаушылар да көбейе бастады. Тіпті олардың қатарынан, француз ғалымы Леби–Брюлдің де атын байқауға болады. Олардың ойынша, тілдегі қандай да болсын бір ерекшелік байқалатын болса, демек ол сол тілде сөйлеушілердің ойлауынан яки ойлау ерекшеліген пайда болған деп есептеді.
2. Кез-келген ойды, әркім әртүрлі, яғни әркім өз тілінде, сәйкесінше әртүрлі тәсілде айтып жеткізуге болады. Алайда, ол әртүрлі ойлаудан пайда болды деп есептеуге келмейді. Осы тұста, орыс халқының ойшылы әрі ұлы жазушысы Н.Г.Чернышевский жоғарыда айтылған Гумбольдтің пікірін сынай келе, «грамматикалық ерекшеліктер арқылы халықтың ойлау қасиетінің ерекшеліктерін айқындауға болады деген тұжырымның сонымен қатар тілдің ойлаумен тепе-теңдігі туралы пікірдің өзі мағынасыз»,- деп өткір сынға алады. Нәтижесінде, «бір тілмен екінші тілдің арасындағы грамматикалық айырмашылықтар ойлаудың әртүрлі дәрежесін көрсетеді» , - деген тұжырымның мүлде ойға қонымсыз әрі қате теория екендігін атап өтеді.
3. Қандай да бір мазмұн әр түрлі тілде сәйкесінше, әртүрлі формада айтылады. Осы тұжырымды негізге ала отырып, американың кейбір линвисттері атап айтсақ, Боас, Л.Блумфилд, З.Харис т.б. аталған екі ұғымды яғни тіл мен ойлауды бір-бірінен бөліп, олардың арасында ешқандай байланыс жоқ деп мүлдем қате қорытындыға келеді. Міне, осы тұста бірнәрсені байқауға болады. Жоғарыда айтылғандай, «тіл мен ойлау бір ұғым» деген теория яғни пікір қаншалықты қате болса, «тіл мен ойлаудың арасындағы ешқандай байланыс жоқ» деген қорытынды да дәл сондай қате болатынын байқадық.
4. Келесі кезекте, тіл мен ойлаудың арасындағы мәселені шешуге тырысқанымен, нәтижесінде сәтсіз шыққан пікір иесі Н. Я. Марр. Маррдың «іліміне» сүйенсек, яғни Маррдың тілдердің сатылап даму теориясынан тіл мен ойлауды бір-біріне теңдестіргенін байқай аламыз. Ол «тілдің дамуындағы әртүрлі саты мен дәрежені сонымен қатар ойлаудың дамуын айқындайтын өлшеуіш – ол тілдердің морфологиялық типтері» деген қате қорытынды жасайды. Нәтижесінде, Марр сол «тілдердің морфологиялық типтерінің негізінде тіл мен ойлаудың үш түрлі сатысы (аморфты, агглютинативті, флективті) бар; соның ішінде аморфты түрі ең алғашқы, ал флективті ең дамыған түрі» деп мүлдем қате қорытындыға келді.
Н. Я. Марр, бірінші жағынан өзінің «сатылап даму теориясы» бойынша, тіл мен ойлау тепе-тең деген қате теорияны жақтап, ал екінші жағынан семантика мәселесіне келгенде, тіл мен ойлаудың бірлігін жоққа шығара отырып, ойлауды тілден бөліп тастайды да соңында « тіл дыбыстар арқылы көрінетін болғандықтан ғана өмір сүреді; ойлау өзінің бұрынғы пайдаланылмаған қоры болатыны мынадан; грамматикалық категориялар біздің ойымызды білдіру бағытында жасалып қалыптасады» ,- деп, халық мақалдарының бірі: «Кім айқын түсініп ойласа, сол түсінікті сөйлей алады» ,- деп сөзін аяқтайды.
5. Ф. Энгельс Е.Дюрингтің «дерексіз ойлау, шын мәніндегі ойлау тілдің көмегінсіз, сөйлеусіз (без речи) болады»,- дейтін мағынасыз пікірін өткір сынға алған еді.
Аталған пікірлерді сараптап, қорытындылай келе, тіл мен ойлаудың арасына тепе-теңдік белгісін қойып теңестіру де, ол екеуінің ешқандай бірлігі жоқ деп екеуін мүлдем екі жаққа ажыратып жіберуде негізсіз қате пікірлер екеніне көзім жетті. Нәтижесінде, ойлау тілдегі сөздер мен сөйлемдердің негізінде іске асады, сол арқылы басқаларға белгі бола алады. Басқаның ойын да дәл осы тіл арқылы, осы тілдік құрал есебіндегі сөздер мен сөйлемдер арқылы түсіне аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет