Ауызша сөйлеу – кез-келген дыбыстық сөйлеу болып табылады да ал ауызша сөйлеуде ақпараттың берілуі сөйлеу арқылы жүзеге асады. Ол кезде біз сөйлейміз және ести аламыз. Ол – бірінші орында. Ал тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері (өкпе, кеңірдекі дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы таңдай, тіл, ерін) арқылы жүзеге асады.
Жазбаша сөйлеу – графикалық түрде жазылған (жазылған немесе басып шығарылған) сөйлеу. Жазбаша сөйлеуді оқимыз және жазамыз. Жазбаша сөйлеу екінші орында, оны алдын ала ойластырып, түзетуге болады. Ауызекі сөйлеу жазусыз өмір сүре алады (мысалы, қағазға жазылған немесе кітапта басылған), бірақ керісінше жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеусіз өмір сүре алмайды. Сонымен қатар, ақпаратты жеткізу ым тілі (язык жестов), мимика немесе морзе әліппесі және т.б. арқылы жүзеге асуы мүмкін. Жоғарыда айтып өткендей, тіл арқылы ойымызды басқаларға жеткіземіз. Ал ол сөйлеумен тығыз байланысты. Тілді сөйлеуден, сөйлеуді ойлаудан бөліп алу мүмкін емес. Адамның ойы тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы неше мәрте айтылып, белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Адамдар өзара тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы – сөз. Сөз – заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы. Сөз – ойды білдіруге арналған құрылыс материалы. Адамның ғана өз ойын сөзбен жеткізуге бірегей мүмкіндігі бар. Сөз оймен тығыз байланысты.
Тіл және ойлаудың арақатынасы Тіл – әдебиеттің ал оның ішінде нақты көркем әдебиеттің ең алғашқы элементтерінің бірі. Жалпы осы тілдің құдіреті, тілдің күші арқылы көп дүниені жасауға болады. Мысалы, дәл қазір мәдениетіміз, ұлттық құндылығымыз, баға жетпес асыл мұрамыз, атадан балаға аманат ретінде ғасырлар бойы сақталып келе жатқан шығармалар қандай көркем десеңші ?! Міне, ақын-жазушылардың оқырманға, өскелең ұрпаққа өсиет ретінде жазылған шығармалары осы құдіретті тілдің арқасы деп білемін. Тіл – бүтін бір халықтың шежіресі, тарихы, халықтың күллі өмірінің тайға таңба басқандай анық ізі. Тіл – халықтың арманы мен үмітін, қуанышы мен қайғысын, күллі рухани өмірінен шер тарттыратын ғажап құбылыс. Айтпақ ойыңды дәлме-дәл, ашық, айқын және әсерлі түрде жеткізу, әсіресе халық ардақтылары секілді жеткізе отырып, дәл сол арқылы халықтың болашағына әсер ету оңай шаруа емес. Себебі, халқының тіл байлығымен сусындап өскен, оны шығармашылық қабілетпен ұштастыра алған, тілдің күші мен қуатын бойына сіңіре алған жазушы ғана нағыз көркем, нағыз әсерлі жүректен жүрекке жететін шығарма жазу арқылы бір ұлтты тәрбиелейді. Дәл сол сияқты өткір тілімен қоғамды тәрбиелеу, екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Дегенмен, өз ойын жанындағы адамға не болмаса қоғаммен қарым-қатынас жасау үшін кез-келген адам өз тілінің көмегіне жүгінеді. Тіл ойды жеткізудің құралы ғана емес тіл алмас қылыштай өткір құрал. Сөз баққан халқымыз « тіл –тас жарады, тас жармаса бас жарады»,- деп бекер айтпаған. Тіл – адам мен адам арасындағы қатынас құралы болуымен қатар өзара пікір алмасатын, бір-бірін түсінісетін басты құрал. Міне, осыдан соң тіл мен ойлаудың арақатынасы туралы мәселе туады. Енді,сол мәселеге тоқталайық.
Тіл мен ой сананың өзара арақатынасы жөніндегі мәселе біздің заманызға дейін талай қозғалған маңызды әрі көне тақырып. Ал қазіргі таңда бұл мәселенің шешілмеген қырлары мен сырлары өте көп. Тіл мен ойлаудың өзара арақатынасы тіл ғалымдарының да, философтар мен филологтардың сонымен қатар логиктер мен психологтардың да басты және күрделі зерттеу нысанына айналуы да сондықтан болар. Менің ойымша, мәселенің күрделілігі аталған екі ұғымның табиғатының күрделі болуында. Жалпы дыбыстық ,яғни, аккустикалық дыбыс та, мейлі ол абстарктілі немесе конкретті ойлау болсын аталған ұғымдар тікелей адамға байланысты.Себебін айта кетсек, біріншіден, тіл де, ойлау да адам миының жемісі соның туыныдысы. Екіншіден, ойлау да, тіл де әлеуметтік құбылыс болып есептеледі. Бұлай деуімнің басты себебі, нақты теориялық білімге сүйенсек, адам баласының өзі қоғамдық құбылыс. Енді осыдан шығатын қорытынды, ойлауды да сонымен қатар тілді де индивидуалды-биологиялық және индивидуалды тұрғыдан ұштастыра байланыстаратын жақтары бар. Міне, осы бірліктің нәтижесінде тіл мен ойлаудың ерекшелігі айқын көрініс табады.
Тіл ойлаудың шығуымен бірге бір мезгілде қалыптасып, ендігі кезекте оның дамуымен бірге дамып келеді. Тіл мен ой – сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты : аталған екі ұғымның бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл ой сананы қалыптастыратын, оны материалды түрде дамыта отырып,жарыққа шығаратын, басқаларға ой-сана табыстарын сақтай отырып білдіретін, өскелең ұрпаққа аманат ретінде жеткізетін құрал. Сондықтан болар, К.Маркс «Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы» ,- деп пікір білдіруі. Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы – менталингвистика деп аталады. Менталингвистика тіл мен ойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді. Менталингвистика терминінің құрамындағы «мента» – латын тілінде ойлау, ақыл деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, менталингвистика тіл мен ойлаудың қарым-қатынасын, тілдік мағынаның теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.