Көптеген біздің түсінігіміздің әлсіздігінен түсініксіз емес, ол біздің түсінігіміздің ортасында ондай заттар көрмейтіндіктен. Қимыл, ым, интонация - қарым-қатынастың ең басты бөлігі. Сөздің көмегімен 7% ақпарат, дыбыс құралдары арқылы - 38% ым, қимыл арқылы - 55% ақпарат берілетіні арнайы зерттеулермен дәлелденген.
Ал басқа зерттеулер әңгіме кезінде ақпараттың 1/3 бөлігі беріледі, ақпараттың 2/3 бөлігі берілетінін көрсеткен.
Көптеген зерттеулер бір-бірімен сәйкес келеді. Вербалды емес дабылдар бір-бірінің арасындағы қатынастар кезінде қолданылады.
Мысалы, адам аузын ашпай-ақ, көзімен қатал қарап,өзінің оған деген қатынасын білдіреді.
Бір жағынан, ресми кездесулерде, әңгімелер мен келісімдері кезінде өзіңнің ымдарын мен қимылдарынды бақылау керек, ал басқа жағынан серіктестің қимылдарын дұрыс түсіне білу керек.
Қарым-қатынастың вербальды емес құрамдар танысу бірінші сәттерінде өте маңызды. Олар болатын әңгімеге қызығушылықтарын және конструктивті серіктестікке дайындығын, ұсыныстарда, жаңа ойлар мен жаңалықтарға ашықтығын көрсету керек.
Ал қазір біз, белгілі ым және қимылдардың мағынасын қаншалықты білетініңізді тексереміз.
Жұппен жұмыс істеу. Тапсырма: Келесі қимылдар нені білдіреді?
1- қимылдар анықтамасы.
1. Алақанды жоғарыға қаратып ашу. Бұл - тез арада жасалатын қимыл. Әңгіме кезінде бір немесе екі қолдың алақаны бір мезетке жоғары жаққа ашылуы адамның шынайлығын, ашықтықтығын білдіреді.
2. Қолды тығу. Қолың қалтасына тыққан адам өзінің күнәсін сезеді немесе жатқан жағдайда өзің бос ұстамауын көрсетеді. Кішкентай балаға қолынды шығар деп ұрсқан кездер есіңізде ме? Мысалы, баланы ұрысқанда «қолыңды қалтадан шығар!» деп жиі ескерте есіңізге түсіріңізші.
3. Сізбен бірге отырған кезде пиджактың түймелері шешулі немесе сіздің көзінше пиджакты шешу Сізге деген ашықтықты және достық қатынасты көрсетеді.
4. Қолдардың білектері кеудеге айқастырылуы. Бұл - қолдану, сақтану. Соңғы екі қимылды қосқанда біріншісі – жан дүниесі ашық, екіншісі - жан дүниесі жабық.
5. Білектің еркін ұсталуы. Адамның сабырлығын, салмақтығын білдіреді.
6. Қолмен жұдырықтын көрсету (немесе буындардың ағаратынындай саусақ пен бір нәрсені қатты ұстау). Бұл – қамқорлықты, сақтауды білдіреді.
Қорытынды:сіз 1, 2, 5, 6 қимылдары қолдың біліктері ақпараттандырылғаны жөнінде ескердіңіз бе? Сондықтан кездесу, келісімдер кезінде қолды үстелдің үстінде ұстап отыру керек.
Бұл серіктеспен қарым-қатынастық сыйластықты білдіріп, өзің жайлы ақпарат беруге көмектеседі.
7. Әңгімелесуші орындықтың шетінде, алдына үңіліп, басы кішкене артына қарай шалқайған және қолына сүйеніп отыр. Бұл сөйлеушінің қызыққанын білдіреді. Адам өзінің серіктесіне тартылып отырғандай.
8. Жағымен қолына сүйкену. Негізі ойланып кеткенде.
9. Алақанға иекпен сүйеніп, көрсету саусағы жоғары, басқа саусақтар төмен қараған. Сынауды, жаман бағаны білдіреді.
10. Басы кішкене иыққа бұрылған. Мұқият тыңдау кезінде бас өз бетімен қисаяды. Бұл адамдарға,иттерге және құстарға тән мінез, қимыл.
11. Иекті қасу (көз сығаррайтумен бірге жиі болады). 12. Алақанмен иекті ұстау, еріннің астынғы жағын ұстау. Бұл шешім қабылдауды білдіреді, бұл қимылды былай түсіндіруге болады. Иекте нерв жүйесі орналасқан. Мидағы қанайналымын реттейтін және сонымен байланысты билогиялық белсенді нүктелері бар (бұл жерге перген жұмырдық есінен тандырады).
Биологиялық белсенді нүктелерге қол тигізгенде, біз мидың қанайналымын жүзеге асырып, мидың жұмысын жақсы жүргіземіз.
13. Көзілдірікті ақырын шешіп, оның шынысын тазалап сүрту. Дұрыс шешіміді қабылдау үшін, уақытты созу.
14. Көзілдіріктің ұшын және т.б. заттарды ерінмен ұстау немесе тістеу. Заттарды тістеп отыру қосымша ақпаратты талап етуді білдіреді.
15. Жүре беру.
Қиын шешім қабылдау кезінде, адам бөлмеде жүре береді.
16. Тұмсықты шымшу. Терең ойлануды білдіреді. Тұмсықта ми қанайналымының тағы бір орталығы бар. Билогиялық белсенді нүктелерге қол тигізгенде, біз мидың қан айналыуын жүзеге асырамыз.
17. Сөйлеген кездеқолмен ауызды жаба беру. 18. Сізге қарамауға тырысады. Адам өтірік айтады. Көбінесе, бұл қимылдар балаларда кездеседі. Егер оны тыңдаушы істесе, онда айтылғанға күмәнмен қарағанды білдіреді.
19. Басқа жаққа қарау. Күмәндайдануді, сенімсіздікті білдіреді. Шығыста сөйлескенде көзін басқа жаққа қаратып, тек кей кезде ғана көзіне қарауға болады. Ал американдықтар, керісінше, әңгімелесішінің тура көзіне қарауға үйреніп алған.
20. Аяғы немесе барлық денесі шығу есігіне қарай орналасқан. Кету ойын білдереді.
21. Мұрының сәл ғана тиісіп немесе сипап қояды. Бұл қимыл көбінесе дененің айналуымен жүзеге асырылады.
22. Құлақтың артын немесе алдын сипалайды, көзін сипалайды. Егер тыңдап жатса-күмәнданады, ал сөйлеп жатса-өтірік айтады.
23. Амандасқан кезде қолы үстінде болуға тырысып отырады. Өз-өзіне сену.
24. Амандасқан кезде қолы астында болуға тырысады. Қарамағында болу.
25. Кабинет иесі әңгіме кезінде үстелдегі қағаздарын жинай бастауы. Әңгіменің біткенін көрсетеді.
26. Қолы пиджактың қалтасына салынған, ал үлкен саусағы шығарылып тұрады. Өз-өзіне сену ымы.
27. Сөйлеуші жұдырығымен қимыл жасайды. Биліктің немесе қауіпті көрқытудың көрінісі.
28. Пиджактың барлық түймелері киіліп тұр.
Ресмилігін көрсету, шектен шықпауын көрсетеді.
29. Көздері үлкен болу. Қызығушылығын көрсетеді. Бұл сөйлеушіге өте ұнайды, өйткені әрқайсысы біреуге қызық болуды ұнатады.
30. Көздері кішірейді. Адамның тұйық екендігін көрсетеді: адам «көзінен» жасырып тұрғанын оқып қоятынынан қорқады.
Осыны болдырмау үшін арнайы құралдар «өтірік айту детекторы» жасалған. Жауап кезінде көздің өлшемін анықтайды. Кішірейсе - бір нәрсені жасырып тұруы.
Ескерту. Кейбір әрекеттер температураның жағдайларынан туындауы мүмкін: пиджак шешілсе, ыстық екендігін білдіреді, ал барлық түймелерге жабылып тұрса, суық екенін білдіреді.
Дәл осындай себептен өзің кеудесіне екі қолмен ұстауы мүмкін.