3-жаттығу. Сөйлемдерді топ-топқа бөліңдер. 1) тыйым сөздер
2) тілек сөздер
3) бата
4) болжау, жол ашу сөздері
5) қошемет, сүйсіну сөздері
1. Бүйіріңді таянба! 2. Қайырлы, құтты болсын! 3. Басқа амандық, денге саулық берсін! 4. Алды ашық екен. 5. Көсегең көгерсін! 6. Азамат бопты деген осы! 7. Екі бүйірінен қысып бара ма, қалай?! 8. Тізеңді құшақтама! 9. Көкті жұлма! 10. Бағың жансын! 11. Тілеген қабыл болсын! 12. Жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын! 13. Маңдайы жарқырап тұр-ақ екен! 14. Қуатым-ау, тіл-көзден сақтасын, адам болғаннынан айналдым. 15. Бауы берік болсын, өмір жазы ұзақ болсын! 16. Шаңырағы биік, босағасы берік болсын! 17. Киімді желбегей жамылма! 18. Малды басқа ұрма! 19. Иә, оңдай көр, жол түсіп тұр ғой. 20. Саусағыңды шошайтпа!
4-жаттығу. Тыйым сөздерді төмендегі үлгі бойынша топтап жазыңдар.
Үлгі: Таным түсінікті білдіретін тайым сөздер: Түнде суға барма.
Салт-дәстүрге қатысты тайым сөздер: Үлкеннің алдын кеспе. 1. Үлкеннің алдын кеспе. 2. Жағыңды таянба. 3. Суға түкірме. 4. Тізеңді құшақтама. 5. Бүйіріңді таянба. 6. Түнде суға барма. 7. Малды басқа ұрма. 8. Қу таяқ таянба. 9. Шашыңды жайма. 10. Сырт киімді желбегей жамылма. 11. Босағаны керме. 12. Саусағыңды шошайтпа. 13. Күлді баспа. 14. Таңдайыңды қақпа. 15. Табалдырықты баспа. 16. Ошақтағы отты өшірме. 17. Кір суды баспа. 18. аяқ киімді төрге шығарма. 19. Бас киімді жерге тастама. 20. Беи-аузыңды қисаңдатпа. 21. Тіліңді шығарма. 22. Ерніңді шығарма. 23. Үлкеннің сөзін бөлме. 24. Көкті жұлма. 25. Көкті баспа. 26. Айға қолыңды шошайтпа. 27. Асты аттама. 28. Нанды баспа. 29. Басыңды шайқама. 30. Киімді теріс киме. 31. Отқа түкірме. 32. Кісіні аттама.
5-жаттығу. Ауыздағымен алысқан тор төбел де ыршып кетті. Дала сырына қанық қу бала Еркебұланмен қатарласа беріп:
- Қасқыр шоқаққа салыңыз... Сонда ат дүбірі естілмейтін болады, - деді.
Бұлар жолдан бір шақырым алыстамай-ақ қуғыншылар қала жолымен ағып өтіп кетті. Содан кейін қуғыншылар да, қашқындар да бірінен-бірі адасып қалды.
Ана белдің астында деген қыстауды Қайсар әлі таба алмай келеді. Улыкөл де жоқ, Қисық там да жоқ. Түн қараңғылығы қоюлана түсті. Қалай кетіп барады, бет алыстары қай жақ, оны екеуі де біле алмай келеді. Қайсар адасқанын сезінген сайын қысылып, қысылған сайын тақымын да қысынқырап қоятын сияқты. Меңіреу дала бір жұлдыз жылт етпей қойды.
Аға, мен адастым.
Ештеңе етпес. Таң атқанша бір елге кездесерміз. Енді қасқыр шоқағынды қойып, сары аяңмен отырайық. Әйтпесе, жапан түзге шығып кетерміз... Мына торы ат сол жағына қарай ығыса береді. Осының еркіне жіберсек, бір ауылға апармас па екен?
Қосарлана шапқан ат дүбірі қақ жолға түскен соң тіпті айқындалып келеді.
Ойбай, мынау ырсылдақ-қараның шабысы! Ол жетпей қоймайды. Иттің малы, алдынан келсең – тістеп, артынан келсең – теуіп, жолатпап еді! Екі қолтығында екі тесігі бар... Ентігу дегенді білмейді! – деді Қайсар.