Тегісі бар деген немене?
Кәдуілгі дем алатын ше! Оны жұрттың бәрі біледі.
Енді қайттық.
Тірі адамның жүзінде де екі-үш түрлі сезімнің белгілері бола береді екен-ай! Байғұс бала неден қорқып, неден қуанды екен? Аз күлімсіреген көзіндегі мұн елесі неден түсті екен? Өзімшіл көңіл «сен үшін қорықты, сен үшін қуанды» дегісі келеді. Ақын ойын аяқтатпай, Қайсар бөліп кетті.
Аға, жырық қараны бауыздап жібердіңіз бе? – деді.
Ә?..
Бала жігіттің батыл сұрағына Еркебұлан таңдатып қалды.
Жырық қараны деймін, бауыздап жібердіңіз ғой?
Жоқ, алақанның қырымен ұрдым.
Содан өліп кетті ме?
Өлген жоқ, талып кеті.... Бір минутқа жетпей есін жияды.
Қап!..
Неге, қап?
Өліп кеткені жақсы болатын еді. Ол – талайды өлтірген жол тонаушы. Найзамен бір-ақ түйрейді екен. Бірақ, енді ол ақсақ болып қалатын шығар...
Тақымына от жабысқанын сезген жоқ. Сіңірі күйсе болды ғой!..
Кейіпкерлер атының жүрісін, түр-түсін, мінезін білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін табыңдар.
Алдыда болар қауып-қатер, қиындықты жан-жануар, хайуанаттардың сезуі, белгі беруі жөнінде не білесіндер?
«Сол жағына ығыса береді» теркесіне мағыналас сөздер мен сөз тіркестері қатарын толықтырыңдар (мысалы: ауыздағымен алысу, құлағын жымырайту, т.б.).
Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңдар.
6-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді тауып жазыңдар:
Сабырлы сақтанып, сабырсыз мақтанып, сапырыстырып ақтарып ... .
Жол жайын жүргеннен ..., сөз жайын ... білгеннен ...
Қолың ұста ...., сөзің қысқа ....
Орақты ора..., қолыңды кесерсің. Сөзіңді сөйлей ..., жолыңды кесерсің.
Тамақты асығып ішпе ..., сөзді асығып сөйлеме ...
Аз сөз ..., көп сөз ....
Аңғал сөйлеп ..., ойланып ал ...
7 жаттығу. Өленді жаттап, мәнерлеп оқыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Қазақ тілі
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр – бүгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқар жаны кісенде
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың қос қанаты қырқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Атын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың?
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті кең тілім,
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
М.Жұмабаев
Өлең қай жылдары жазылған? Осы кездегі халық тарихы жайында не білесіңдер?
«Күш кеміді, айбынды ту құлады» осындағы символдық кейіпкерді кімге ұқсатасыңдар?
Өленде тілдің қандай белгі, қасиеттері көрсетілген?
Өленді жаттап алыңдар, мәнерлеп оқыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |