"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


-дәріс. Сөйлеу онтогенезінде лексикалық мағынаның дамуы



бет5/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дәрістер тезисі

5-дәріс. Сөйлеу онтогенезінде лексикалық мағынаның дамуы

Сөз – сөйлесу, пікір алысу үдерісіндегі ең басты тұлға. Сөз жеке тұрғанда зат, сын не қимылдың атауы болып, номинативті қызмет атқарады. Ол дербес қолданылып, грамматикалық тұлға ретінде әртүрлі дауыс ырғағымен айтылса да әрі хабарлау, әрі қабылдау мәніне ие болады. Демек, сөз мағына, ұғым, сезім мен ойды білдіре отырып, тілдік қарымқатынасты жүзеге асырушылардың барлығына аса қажет қатысым бірлігі болып табылады. Балаларға лексикалық, грамматикалық, стилистикалық, орфоэпиялық, орфографиялық нормалар мен заңдылықтарды үйретумен қатар, қарым-қатынас жасау және сөйлеу мазмұнына орай лексикалық құралдарды орынды пайдаланып, ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе білу дағдылары мен икемділіктерінің қалыптасуына ықпалдасу қажет.


Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың тағы бір ерекшелігі – олар көбінесе сөзді өзіне қаратып айтады, яғни бала кейде өз-өзімен сөйлесіп отырады. Сөйлеудің бұл түрін Ж. Пиаже эгоцентрлік сөйлеу деп атаған. Әдетте ересектер ойлау үдерісін іштей сөйлеу нәтижесінде іске асырады. Іштей сөйлеу мектеп жасына дейінгі балаларда әлі қалыптаспағандықтан, өз ойын өзіне естіртіп айтады. Демек эгзоцентрлік сөйлеу – өзгеге арналмай, өзіне бағытталған ойды жеткізудің ерекше түрі. Бала ойлау үдерісін жүзеге асыру үшін белгілі бір сөзді тірек ретінде пайдаланады, әйтпесе оның ойлауы мүмкін емес. Бала ойын жеке сөз ретінде естіртіп айтады. Сондықтан эгоцентірлік сөйлеу бөгде біреумен қатынастың түрін емес, өз ойын іштей өзіне жеткізу болып табылады. Ж. Пиаже эгоцентірлік сөйлеу балада 7 жасқа дейін сақталады да, кейін мүлдем жоқ болып кетеді дейді. Бұған белгілі ғалым Л.С. Выготскиий қарсы шығып, бала жеті жасқа толғанда эгоцентрлік сөйлеу мүлдем жойылып кетпей, оның іштей сөйлеуіне айналатындығын дәлелдейді. Л.С. Выготскийдің пікірінше іштей сөйлеу сырттай сөйлеу нәтежесінде дамып шығады. Сырттай сөйлеу бірден іштей сөйлеуге айналмайды, эгоцентрлік сөйлеу бұл екеуінің арасын ұштастырып, кейін жоқ болып кетеді деген пікір айтады [40, 91]. Іштей сөйлеу сырттай сөйлеудің негізінде қалыптасады, яғни бала өзімен-өзі күбірлеп, сөйлесе бастайды. Бұл сөйлеу бірте-бірте азая келіп, іштей сөйлеу формасына айналады дейді. Ал М.Мұқанов мектепке дейінгі жаста іштей сөйлеу болмайтыны, сөйлеудің тек сырттай сөйлеу түрін ғана пайдалануға қабілетті екенін айтады [92].
Сөздік қордағы әрбір сөз тілдік заңдылықтарға бағынады, сонымен қатар бұлар тілдің қарым-қатынасқа түсу мүмкінділіктерін арттырады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева егер адам тілдік заңдылықтарды білмесе, сөздік қорында неше сөз жиналса да, өз ойын түсінікті жеткізе алмайды дей келіп: «Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды... Бірбірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз 57 болады. Айтайын деген ой ұғымсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік қатысым да жүзеге аспайды. Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас сөздік құрам мен сөздік қордың мол болуына қарай еркін жүзеге асады, түсінік тез жүреді. Лексикалық қор тілдің өсуімен бірге тілдік қатынастың мүмкіндігін арттырады», – деп көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет