3-дәріс. Сөйлеу онтогенезінің даму кезеңдері
ХХ ғасырдың басында сөйлеу тілінің онтогенезін зерттеу нәтижелері көптеген психологиялық әдебиеттерде қарастырыла бастады. Оған өздерінің балаларының сөйлеу тілінің дамуын бақылау барысында жазылған Тэннің «Баланың сөйлеу тілін меңгеруін бақылау» (1876), В.Прейердің «Бала жаны» (1882), И.А. Сикорскийдің «Бала жаны» (1880) басылымдары зор үлес қосады[22]. ХХ ғасырдың басында Ресейде орыс балаларымен айналысқан бірнеше мекемелер ашыла бастады. Олар баланың сөйлеу тілінің даму кезеңдері бойынша мағлұмат жинауға, сөйлеу тілінің жеке жақтарын сипаттауға, балалар мен ересектердің сөйлеу тілінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ажыратуға мүмкіндік туғызды. Орыс тілін меңгеруге арналған зерттеу жұмыстарының кемшіліктерін талдай отырып, А.Н.Гвоздев 1921-1929 жылдары өз ұлының сөйлеу тілін күнделікті бақылап жазып отыруға бағытталған жұмыс жүргізген, оның нәтижелерін қазіргі кезеңде баланың сөйлеу тілін зерттеушілер кеңінен қолданады. Зерттеу барысында жинақталған мағлұматтарды А.Н.Гвоздев мынандай үш бағытта талдайды: фонетика, синтаксис пен морфология, сөздік қоры. А.Н.Гвоздевтің зерттеуінің ғылыми маңызы – баланың сөйлеу тілінің дамуын алдымен лингвистикалық тұрғыдан қарастыру болып табылады[21]. Осы кезеңде баланың ана тілін меңгеруі, алғаш рет сөйлеу тілінің даму кезеңдерін сипаттауға әрекет жасаған көптеген жұмыстар жарық көре бастады. В.Штерннің орыс тілінде шыққан: «Ерте жастан алты жасқа дейінгі балалар психологиясы» еңбегінде ең алғашқы сөйлеу тілінің кезеңдері толық қарастырылған. Автор аталған жұмысында алғашқы саты (бір 16 жас) туралы баяндап, бұл кезеңдегі балалар былдырлап сөйлеп, дыбыстарды еліктеп, қарапайым сөйлемді түсіне бастайды деген тұжырым беріп, содан кейін негізгі төрт кезеңдерін атап өтеді[69]. Бірінші кезең (1жас – 1жас 6 ай) – бір сөзден тұратын сөйлем деп қарастыруға болатын, мазмұны бар дыбыстың реакцияларымен сипатталады. Екінші кезең (1жас 6 ай – 2 жас) – сөздік қоры молаяды. Сөйлем бірнеше сөзден тұрады. Сөз таптары туралы түсінік пайда бола бастайды. Үшінші кезең (2 жас – 2жас 6ай) – жалғау, жұрнақтар арқылы сөзді өзгерту, сөзжасау. Сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер қалыптасады. Төртінші кезең (2 жас 6 ай – 4-5 жас) – сөйлемнің түрлерін мен сөзжасам дағдыларын меңгере бастайд
Достарыңызбен бөлісу: |