"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезінің теориялық негіздері



бет2/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дәрістер тезисі

2-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезінің теориялық негіздері

ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңында бір баланың сөйлеу тілін зерттеуде күнделік түрінде жазылған негіздемелер болса (бала-дың сөйлеу тілін салыстыру), 60-ж-дың екі кезеңнің бастап балалардың сөйлеу тілін динамикалық салыстыру түріндегі зерттеулер («лонгитюдтік кесілімдік штудия») алмастырды. Күнделіктердің орнына алдын ала белгіленген уақыт интервалдарымен жазылатын баланың сөйлеу тілінің фрагменттерінің ресми жазбалары пайда болды. Мұнда күнделіктегідей кездейсоқ жазбалар болмайды.


Адам сөйлей бастауы үшін сөйлеу тілін қабылдау мен тудыруды қамтамасыз ететін құрал түріндегі тілді меңгеруі қажет. Тіл – адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. «Тіл» немесе «тіл дамыту» – пәнаралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде қолданылады. Лингвистика тіл және оның даму заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынаста ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану үдерісін – сөйлеуді зерттейді.
Ұлы педагог К.Д. Ушинский «Ана тілін меңгерген бала, тек сөзді ғана емес, оның құрылымын, өзгеру түрлерін, олардың бірнеше мағынасын, затқа деген көзқарасын, көптеген ойлар мен сезімдерді, көркемдік бейнелерін де игере бастайды» дейді.
Л.С. Выготский, А.Р. Лурия, Д.Б. Эльконин, А.В. Запорожец, А.А. Леонтьев тб ғалымдар бала тілінің (сөйлеудің онтогенезде) дамып, қалыптасуы баланың адамдармен, заттармен қарым-қатынасының нәтижесінде өсетін таным деңгейімен тығыз байланысты деп тұжырымдайды. Бала заттармен (ойыншықтары, киімкешектері, үй заттары және басқа да заттармен) және ересек адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгереді.
Өзінің психологиялық зерттеулерінде балалардың өсу, жетілу және даму ерекшеліктерін атақты психолог ғалым Л.С. Выготский, А.М. Шахнарович, С.Н. Цейтлин зерттеген.
Выготский талдау жасай отырып, балалардың жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан пайда болып, неден жасалатындығын түсінуге тырысатынды дейді. Бала тілінің шығуы оның психикалық дамуына күшті ықпал етеді. Әрбір сөз баланың ақыл-ойының даму деңгейін байқатады.
Ресей Тіл білімі институтының «Сөйлеу әрекетінің онтогенезі» бөлімінің ғалымдары, А.М. Шахнарович бала тілін лингвистика мен психолингвистиканың үлкен бір тың саласы ретінде зерттеген.
Сөйлеу тілі онтогенезі саласының іргетасын қалаушылардың бірі С.Н. Цейтлин бастаған ғалымдар тобы. Ғалым деривациялық үдерістерге, яғни балалардың (жаңашылдықтарын, инновацияларын) "жаңа сөз" тудыру қабілеттеріне тоқталады. (Деривация (лат. derivatio - жасалу) — бастапқы тіл бірліктерінің негізінде басқа тіл бірліктерін (дериваттарды) жасау процесі, сөз тудыру, сөзжасам) Олар – бала күнделікті сөйлеуінде қолданбайтын, алайда бір жауабында көрініс табатын бірліктер. Автор балалардың инновациялардың бірнеше типін көрсетеді:

  • сөзжасаушы;

  • формажасаушы (морфологиялық);

  • лексикалық-семантикалық;

  • синтаксистік;

  • ересектің сөздерінің түрлі модификациялары.

С.Н. Цейтлин бала тілінде жаңа сөздердің пайда болу себебін «тіл жүйесінің қысымы» және оның салдарынан баланың меңгерілетін тіл жүйесінің ережелеріне еріп кетуінен деген пікір айтады. Балалар тілдік белгінің мәні мен формасы арасында байланыс орнатуға тырысады екен. Ересек адам бір мағына түрлі құралдардың көмегімен әртүрлі жеткізуі мүмкін. С.Н. Цейтлиннің пікірі бойынша, сөйлеу құралдары мен модельдердің көптігінен балалар тілінде жаңа қолданыстар пайда болады.
Жаңа қолданыстардың пайда болу кезеңі 3-4 жас, бұл кезде баланың сөздік қорының молаятын, белсенді шығармашылық кезеңі (А.Н. Гвоздев, М.М. Кольцова, Е.С. Кубрякова, Т.Н. Ушакова, С.Н. Цейтлин, Д.Б. Эльконин т.б.). Бұл балалар тілінің морфологиялық жүйесінің қалыптасуының жалпы үдерісін көрсетеді. Зерттеушілер балалардың мұндай сөздерді ерекше және оңай қолданатынын бірауыздан мойындады. Жоғарыда аталған авторлар туынды сөзжасамның кезеңдері, тәсілдері мен типтерін сипаттаса да, оның пайда болу механизмін үстірт қана атап өтеді.
Қазақ тілі морфологиялық жүйесінің зерттелуі А. Байтұрсынұлынан бастау алады. Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор Қ. Жұбановтан басталады. Ғалым қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксиске дейінгі барлық салаларына арнап, тілдік жүйені зерттеу барысында тың тұжырымдар жасаған. Одан кейін І. Кеңесбаев жалғастырған. Қазақ тілінің фонетикасын Ж. Аралбаев, Н. Түркбенбаев, Ә. Жүнісбектер зерттеген.
Қазақ фонологиясында дыбыстауды сипаттауының екі теориясы белгілі.
1-і теория – акценттік-фонемдік: қазақ тілінің дыбыстық жағының негізгі басым бөлігі болып акцент анықталады деп тұжырымдайды. Дыбысқа екпін түсіру Бұл теорияны қолдаушылардың бірі – І. Кеңесбаев.
2-теория – қазақ тілінің дыбыстық жағының негізгі доминантты (акцент емес) сингармонизм (дыбыс үндестігі) деп санайды (А. Байтұрсынұлы, Ә. Жүнісбек).
Қазақ тілді балалардың сөйлеу тілінің онтогенезде дамуына арналған зерттеулер азын аулақ қана. Бұл бағытта филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Т.Аяпованың зерттеулері бар.
Баланың сөйлеу тілін жалаң лингвистикалық тұрғыдан зерттеу мүмкін емес, себебі бала тілінің шығуы мен дамуының себеп-салдарын психолингвистикалық арнайы зерттеулерден табуға болады. Сондықтан да, біз, осы зерттеу жұмысымызды жүргізу барысында психолингвистикалық және лингвистикалық, педагогикалық және әдістемелік зерттеулерге жүгінеміз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет