Тілдің шығуы мен дамуы жайлы теориялық ой-пікір


Еңбек айқайы теориясының қалыптасуы



бет3/3
Дата16.11.2022
өлшемі30,55 Mb.
#50691
1   2   3
Байланысты:
теориялар

Еңбек айқайы теориясының қалыптасуы

  • Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді. XIX ғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді. Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория және басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын Құдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сыйып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды.

Л.Нуаре
К.Бюхер
Ф.Энгельс

Моногенез теориясы

  • Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
  • Моногенез теориясы орысша теория моногенеза (гр. monos бір, genesis шыққан тегі)— адамзат тілінін бір тектен шыққаны туралы теория. Моногенез теориясы алдында адамзат әуелде бір тілде сөйлеген деген әр түрлі мифологиялық, діни аңыздар болған. 20 ғасыр басында әр түрлі тіл семьяларын салыстыра зерттеу жетістіктерін жинақтау кезеңі басталды. А. Тромбетти (Италия) алғаш рет ғылымда белгілі тіл семьяларын неғұрлым ірі топтарға (макросемья) біріктіріп, оларда лексикалык байланыс барлығына карап моногенез теориясын колдаған. Н. Я. Маррдың дүние жүзіндегі тілдер төрт әлементтен (сап, бер, йон, рош) шыққан деген теориясы да моногенез теориясының бір түрі болып табылады.20 ғасыр 60 жылдары М. Сводеш (АКШ) тілдердің микро-макросемьяларын салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, Тромбеттти идеясына жақын идея ұсынды. Глоттохронология теориясының негізін салган Сводеш тілдердің макросемьяларынын арасында байланыс бар деп есептеп, Моногенез теориясын қолдаған. Қазіргі кездегі зерттеу әдістері тілдердін 10 мың жылдан арғы тарихын ашуға мүмкіндік бермейтінін байкатты. Моногенез теориясының бірден-бір ғылыми негізі — тегі бір деп саналатын тілдердін макросемьяларының, одан соң бүкіл әлем тілдерін біріктіретін семьяның бар екенін дәлелдеу идеясымен байланысты.

А. Тромбетти
Н. Я. Марр
М. Сводеш
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет