Тілеубай С. Ш. Ақпаратты қорғау



бет9/16
Дата19.09.2023
өлшемі6,55 Mb.
#108609
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Ақпаратты қорғау Оқу құралы (1)

Файлдарды архивке енгізу.
Ең алдымен WinRAR – ды іске қосу қажет. Ол үшін WinRAR белгішесін белгілеп алып, тышқанды екі рет шертеміз немесе Enter – ді басамыз. Сонымен қатар «іске қосу» менюіндегі «программалар» пунктінен WinRAR – ды таңдап кіруімізге де болады.
WinRAR іске қосылған терезеде ағымдағы буманың ішіндегі файлда және бумалар тізімі көрсетіледі. Біз бірден архивтейтін файл тұрған бумаға өтуіміз қажет. Ағымдағы дискіні өзгерту үшін Ctrl+D пернелер комбинациясын пайдаланамыз, дискілер тізімінен аспаптар тақтасындағы немесе терезенің сол жақ бұрышындағы керекті диск белгішесін шертеміз. Сыртқы бумаға шығу үшін BackSpase(BS) немесе Ctrl+PgUp пернелерін, әйтпесе аспаптар тақтасындағы «Жоғары» деген кішкене батырманы қолданамыз. Басқа бумаға өту үшін Enter, Ctrl+PgDn пернелерінің бірін басамыз немесе сол бума белгісін екі рет шертеміз. Дискінің түпкі бумасына өту үшін Ctrl+/ пернелерін басу қажет.
Қажет файлдар бар бумаға кірген соң, архивтейтін файлдар мен бумаларды ерекшелеп белгілейміз. Бұны курсорды басқару бағыттауыш Shift (сілтеу және Windows – тың басқа да программаларындағыдай сияқты) пернесін бірге басу арқылы жүзеге асырамыз. WinRAR терезесінде файлдарды ерекшелеп белгілеу үшін «Бос орын» және lns пернелерін қолдануға да болады. Цифрлық пернедегі <+>, <-> пернелері файлдар тобын ерекшелеп белгілеуге немесе белгілеуді алып тастау мүмкіндіктерін туғызады.
Архивтеу кезінде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесін кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде болдырмау батырмасын басу қажет. WinRAR терезесін жүйелік науада (tray) кішірейтіп ықшамдау үшін, фондық батырмасын басамыз. Архивтеу аяқталған соң, статистика терезесі жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгіленген файл күйінде қалады.
Жасалған RAR архивіне тасымалдау арқылы файлдарды қосуға болады. Егер WinRAR терезесінде архивті белгілеп және оның атында Enter (немесе тышқанды екі рет шертеміз) пернелер бассақ. RAR архивті оқып, мазмұнын көрсетеді. Енді терезеде басқа файлдар қарапайым тасымалдау арқылы архивке файлдарды қоса аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет