Тілеубай С. Ш. Ақпаратты қорғау


II – Тарау. Архивтеу программалары



бет8/16
Дата19.09.2023
өлшемі6,55 Mb.
#108609
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
Ақпаратты қорғау Оқу құралы (1)

II – Тарау. Архивтеу программалары
Архивтеу туралы жалпы түсінік.

Сіздер кез келген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы – қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп дискідегі файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.


WinRAR архивтік программасын пайдалану
Архивтеу жұмысын бұл күндері тараған WinRAR архивеу программасы арқалы қарастырайық. WinRAR алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows - тің RAR архиваторының 32 разрядты нұсқасы. Әртүрлі операцияларды жүйелерге арналған бірнеше RAR нұсқасы бар, мысалы, Dos,OS/2, Windows (32 разрядты) UNIX(linux,BSO,SCO,Sparc,HP-UX) және BeOS.
Windows – қа арналған RAR – дың екі нұсқасы бар:

    1. WinRAR.ехе – графикалық интерфесті қолдану (GUI) нұсқасы;

    2. Rar.exe – мәтіндік режимде қатарлар арқылы командаларды пайдалану тәсіліне арналған нұсқасы;

WinRAR – дің мүмкіндіктері:
а) RAR және Zip архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
ә) Мәліметтерді қысудың өте тиімді алгоритмін пайдалану;
б) Арнайы мультимедиалық – қысу алгоритмін қолдану;
в) Алып бару – және – қойып кету (drag & drop) технологиясының қоршауын пайдалану;
г) Басқа форматтағы (CAP, ARJ, LZH, TAR, GZ ACE, UUE) архивтерді басқару;
д) Бірнеше ұқса файлдарды қысуда қарапайым әдістерге қарағанда қысу деңгейі 10 – 50% - ке көбейетін үзіліссіз архивтерді сүйемелдеу;
ж) Бірнеше томдық архивтеу жасау;
з) Стандартты және қосымша SFX модулдер көмегімен өздігінен қысылатын қарапайым және бірнеше томды архивтер жасау;
е) Физикалық түрде бүлінген архивтерді қалпына келтіру;
и) Басқа да қосымша функциялар, мысалы, шифрлау, архивтік түсініктемелер қосу (ANSI жүйесінің ESC – тізбегін сүйемелдеу), қателер хаттамасын жүргізу және т.б.
WinRAR – ды екі түрде қолдануға болады:
Windows стандартты интерфейстің графикалық қоршауы режимде және командалар қатарында.

  1. WinRAR – ды қоршау режимінде қолдану үшін, WinRAR белгішесіне тышқанмен екі рет шертеміз. Бұдан соң Файлдарды архивтерге және оларды шығаруға батырмалар мен менюді пайдаланамыз.

  2. WinRAR – ды командалық қатарда қолдану үшін «Іске қосу» менюінен «Орындау . . .» жолын немесе «Программалар / MS – Dos сеансы» деген жолды таңдап, керек команданы еңгізуіміз қажет. Файлдарды архивтеу және шығару командасынын қарапайым мысалдары төменде көрсетілген. Егер WinRAR – ды параметрсіз командалық қатардан іске қосатын болсақ, онда екпінді күйде болатындығына коңіл аударыңыздар.

WinRAR – ды орнатқан кезде «WinRAR – ды программалық қоршау ішіне енгізу» опциясын іске қоспаған болсаңыз, онда файлдарды архивтеу және шығарып алу тікелей Windows ортасында (сілтемеден немесе жұмыс столынан) жасай аласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет