Тілеубай С. Ш. Ақпаратты қорғау



бет7/16
Дата19.09.2023
өлшемі6,55 Mb.
#108609
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Дектор – программлар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.
Доктор – программалар немесе «фактар» вирус жұққан программалар мен дискілерді вирус әсерін алып тастау, яғни «жұлып алу» арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор програмалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есте сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Доктор – ревизорлар – доктор – программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді атап қана қоймай, оларды автоматты түрде «емдеп» бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.
Сүзгі программалар – компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
Вакцина – программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысынп әсер етпей, оларды вирус «жұққан» сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
Ең көп тараған антивирус – Д. Лозинскийдің Aidstest: программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады. Бұл программаны пайдаланып компьютерді вирустардан сақтану үшін жиі – жиі дискілерді (мысалы с:) мынадай командамен тексеріп отыру қажет: аidstest с:
Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән бар болса, онда оны мына командамен емдеу қажет:
аidstest с:/f
Тек программалық файлдарды ғана емес, қалған мәліметтерді де түгел тексеру үшін мына команда орындалады:
аidstest с:/f/g
Бұдан басқа И.Даниловтың қуатты полифак – антивирустар тобына жататын Doctor Web программасыда жиі қолданылып жүр, оның бұрынғы нұсқаларын іске қосу үшін web с:/f жолын пайдалану қажет немесе соңғы шыққан нұсқаларын drweb командалық жолы арқылы программалық ортаға кіріп, меню жүйесі бар терезеде қандай дискілерді, қалай тексеретінімізді енгізіп, оның бар мүмкіндігін (F1 пернесі – көмекші мәлімет ала отырып) толық қолдана аламыз.
Вирустардың жаңа түрлері күнбе – күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустік – программалардың да тексеру – емлеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс болатыны түсінікті шығар.
Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзал:

  1. Алдымен аспай – саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.

  2. Дегенмен, бір әрекет бірден орындалуы керек – вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.

  3. Егер компьютерге «жұққан» вирус түрін емдей алатын детектор – программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосу қажет.

  4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.

  5. Егер дискідегі барлық файлдарыңызды архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрынғы қалпына келтіруге тырысыңыз.

Егер компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:

  1. Информацияны әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.

  2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

  3. Вирустан «емдеу аспаптарын» дайындап қою.

  4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет