2) ДНҚ, құрылысы, қасиеті және қызметтері ДНҚ молкулалары екі түрлі бағытта ширатылған болуы мүмкін: 1) оңға қарай ширатылған- В – пішінді; 2) солға қарай ширатылған – Z – пішінді. ДНҚ-ның басты қызметі – тұқым қуалау ақпаратын сақтау және нуклеотидтер арқылы сақталған ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа беру. Тұқым қуалау ақпаратының жасушадан-жасушаға берілуі ДНҚ молекуласының редупликациясына байланысты. ДНҚ молекуласында жасушаның құрылымы мен өмір сүруге бейімділігі туралы ақпарат жазылған. Бұл ақпарат генетикалық деп аталады. ДНҚ молекуласында амин қышқылдарының тұқым қуалау туралы ақпараты 51---АТТГАТАЦАГГЦ---31 31 ---ТААЦТАТГТЦЦГ---
ДНҚ ядрода орналасады, ол жерде ақуыздармен сызықтық структураларды яғни хромосомаларды құрайды. Хромосомалар ядроның бөліну кезеңінде микроскоптан жақсы көрінеді. Ал интерфаза кезінде олар деспиральданған. ДНҚ митохондрияда және пластидтерде кездеседі, ол жерде молекулалары сақиналы құрылымды құрайды.Ядролық құрылымға дейінгі жасушаларда да сақиналы ДНҚ болады. ДНҚ екі еселенуге (редупликация) қабілетті. Бұл жасушалық циклдің белгілі бір синтездік кезеңінде орындалады.ДНҚ құрылымы тұқым қуалаушылықтың механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді. ДНҚ-да биологиялық ақпараттар көшіруге жәгне ұрпақтан-ұрпаққа берілуге бейім күйде сақталады.
3 РНҚ, құрылысы, түрлері, қызметтері. (РНҚ) –ядрошықта, цитоплазмада, рибосомада, митохондрияда және пластидтерде кездеседі. РНҚ-ның нуклеотиді азотты негіздерден (аденин, гуанин, цитозин және урацил), көміртек - рибоза және фосфор қышқылының қалдығынан тұрады. РНҚ молекуласы – бір тізбекті. 51---АУУГАУАЦАУУГУГЦ---31 Рибонуклеин қышқылының бірнеше түрі бар. Олар:рибосомалық, тасымалдаушы және ақпараттық РНҚ.
Рибосомдық РНҚ (р-РНК) – бұл тұрақты, жасушада барлық РНҚ типтерінің (80% дейін) құрайды. Олар ядрода синтезделеді, бірақ рибосомада табылады.Рибосоманың құрылымдық бөлiгi, рибосоманың аРНҚ-ны танып байланысуын қамтамасыз етедi.