Тұқым қуалайтын аурулар


Ген, молекулалық- биологиялық құрылысы және анықтамасы



бет64/95
Дата10.12.2022
өлшемі2,2 Mb.
#56310
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95
Байланысты:
Цитттт

5 Ген, молекулалық- биологиялық құрылысы және анықтамасы.Ген –бұл физика-химиялық объект, бiр полипетидтiк тiзбектiң синтезiне жауапты генетикалық ақпараттың бiрлiгi болып табылатын ДНҚ молекуласының бөлiгi. Күрделi генетикалық талдау нәтижесiнде Бензер геннiң күрделi құрылысын анықтады. Ол генетикалық ақпараттың функциональдық бiрлiгiн цистрон-деп атауды ұсынды. Қазіргі кезде «цистрон термині» геннің баламасы ретінді қолданылады. Сондықтан ген мен белгінің арасындағы қатынас «бір цистрон-бір полипептидтік тізбек» деген түсінікке өзгертілді. Ген бір немесе бірнеше цистроннан тұрады.
Моноцистронды ген - ДНҚ бөлігі, бірнеше ферменттерді немесе ақуыздарды транскрипция бірлігі арқылы тек бір ғана пептид кодталады, Моноцистронды ДНҚ эукариотты гендерге тән. Полицистронды ген - ДНҚ бөлігі, бірнеше пептидтер немесе ақуыздар кодталады. Полицистронды ДНҚ прокариотты гендерге тән.Генің нәзік құрылымын зерттеудегі келесі маңызды жаңалық ген ішіндегі мутация бірлігі-мутонның және рекомбинация бірлігі –реконның ашылуы болды.Ген (ДНҚ молеуласының кесіндіс) күрделі құрылымдық –функционалдық бірлік болып т абылады. Ол екі бөліктен тұрады: 1.Реттеуші учаскесі 2.Ақпараты бар кодтаушы учаскесі. Бұл екінші учаскеде осы ген анықтайтын полипептид ,ияғни құрылымдық белок немесе фермент жайлы ақпарат кодондардың ретімен жазылған.
6 Прокариоттарда РНК-полимераза - фермент, транскрипция барысында бес суббтранскрипция барысында бес суббірлік ααββ/σ қалыптасады: 2 α-суббірлік (альфа),β- суббірліктер (бета),β/- суббірлік (бета штрих) және σ- суббірлік (сигма). Төрт суббірлік ααββ/ комплексін кор-фермент деп атайды . σ суббірлік (сигма) толық холоферментін түзуіне қатысады, сонымен қатар транскрипцияның инисациясының соңында бөлініп шығады. Әрі қарай ДНҚ ның матрицалық тизбегінде РНҚ синтезін кор фермент жалғастырады. Прибнов-бокс – промоторлық учаске ішіндегі арнайы нуклеотидтер жүйесі мұнымен РНҚ-полимераза байланыс жасайды .Прибнов боксы 7 нуклеотидпен : ТАТААТГ тұрады, оны консенсустық жүйе деп атайды.Прибнов боксы транскрипция басталатын нүктеден жоғары , солға қарай 10 жұп нулеотидтік арақашықтықта орналасқан,оның құрамында тимин болады жіне ол минус 10 жүйелік деп аталады. РНҚ полимераза алдымен осы жүйені танып соңынан промотормен байланысады.Келесі , маңызды учаске минус 35 жүйелік ,транскрипция басталатын нүктеден жоғары .солға қарай 35 нуклеотидтерден тұратын учаске. Мұны танылатын жүйелік деп атайды.Оның құрамында 9 нуклеотидтен тұратын консенсустық жүйелік болоады. РНҚ полимеразаның сигма суббірлігі алдымен реттеуші учаскенің осы арнайы нуклеотидтік жүйеісмен байланыс жасауы м үмкін делінеді.Энхансер -транскрипция жылдамдығын 200 есеге дейін арттыратын нуклеотидтердің арнайы жүйесі. Энхансерлер вирустар (SV–40) геномы мен эукариоттарда (иммуноглобулин, инсулин, альфа-амилаза, т. б.) табылған. Мысалы, Xenopus бақаларының көлемі үлкен рибосомалық гендеріндегі спейсерлік учаскелерде орналасқан 60-80 нуклеотидтерден тұратын энхансерлік жүйелер транскрипция жылдамдығын 20 есеге дейін жоғарылатады. Энхансерлер транскрипция басталатын нүктеден жоғары, сол жағында, промотордан 100-200 жұп, кейде мың жұпқа дейінгі арақашықтықта орналасады.Сайленсеры – транскрипция жылдамдығын төмендетеді.Гендердің ара-арасында ақпарат жазылмаған нуклеотидтер жүйесі-спейсерлер орналасқан.ДНҚ-ны байланыстырушы локустар –нақты белоктармен байланыс жасайтын арнайы нуклеотидтер жүйесі:а) ферменттік-ДНҚ-полимеразалық кешен б)реттеуші белоктар.Көптеген спейсерлік учаскелер хроматиннің нуклеосомалық құрылымында қызмет атқарып,хромосомалардың центриолдерге бекінуіне т.б процестерге қатынасуы мүмкін делінеді. Геннің кодтаушы бөлігінде тағы да маңызды спецификалық учаскелер бар. Экзон - геннің кодтаушы бөлігіндегі ақпаратты бөлігіТерминаторлар – структуралық гендерден кейін орналасқан арнайы нуклоетидтер жүйесі. Бұлар да транскрипцияның аяқталғандығы жайлы сигнал береді.Терминациялық кодон - рибосомада трансляцияның аяқталуын қамтамасыз етеді . ДНҚ да нонсенс кодондар- ТАА, ТАГ, ТГА триплеттерне сәйкес УАА, УАГ, және УГА. Бұл триплеттерге ешқандай бірде-бір амнқышқылдары сәйкес келмейді сондықтан рибосомада полипептид синтезі үзіледі.
7Эукариот генінің молекулалық құрылымы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет