8
МАТЕМАТИКА БОЙЫНША ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Математика мектептегі ең маңызды пәндердің бірі болып табылады және адам өмірінің
барлық дерлік салаларында күнделікті қолданылады. Математиканы білмей адамдар
ақшаны есептеу,
уақытты анықтау, заттарды немесе қашықтықты салыстыру сияқты
әрекеттерді орындай алмас еді. Математика оңай және күрделі
жағдайларды шешуге
көмектеседі. Математика кез келген мамандық пен сала үшін маңызды. Есептеумен
тек экономист, бухгалтер, инженер және сәулетшілердің жұмысы емес, сонымен қатар
әлеуметтік және гуманитарлық бағыттағы мамандардың жұмысы байланысты. Бүгінгі
күні көмекке калькуляторлар
мен компьютерлер келгенімен, математиканың базалық
білімі мен дағдыларынсыз заманауи адамның ісі тынбайды.
Математика логикалық ойлау
және пайымдау, қорытынды жасау, негізделген шешімдер қабылдау сияқты біліктіліктерді
қалыптастырады.
Бағаланатын пәннің негізгі аспектілері сипатталатын бағалау шеңберлері TIMSS
сияқты халықаралық зерттеулердің маңызды және
негізгі элементтері болып
табылады. TIMSS-тің әр циклында қолданылатын бағалау шеңберлері бір-біріне ұқсас
болып келеді. Дегенмен TIMSS энциклопедиясында сипатталатын қатысушы елдердің
оқу жоспарлары, стандарттары мен құрылымдары бағалау
шеңберлерімен барынша
үйлесімді болу үшін әрбір жаңа циклде шеңберлерге аздаған өзгерістер енгізіледі
1
.
Бұл бөлімде TIMSS-2015 циклының математика бойынша 8-сыныптарға
арналған
бағалау шеңберінің сипаттамасы мен тест тапсырмаларының мысалдары келтірілген.
TIMSS-2019 циклінің тест тапсырмалары зерттеу аяқталғаннан кейін,
яғни шамамен
2021 жылы қол жетімді болады.
TIMSS-2015 циклының математика бойынша 8-сыныптарға арналған бағалау шеңберіне
2
сәйкес математикалық білім беру сапасы екі өлшеммен анықталады:
Мазмұнды саланы бағалау
Танымдық саланы бағалау
Достарыңызбен бөлісу: