Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет38/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66
Үшінші тарау
ішіп-жеп, бірнеше жыл бойы тапқан табысын банкке 
қайтарумен жүреді. Ақыр соңында осындай отбасы-
ларда бітпейтін ұрыс-жанжал басталады. Қазаққа «өзі 
үшін өмір сүруден» де біреу үшін өмір сүру маңыздырақ 
болып кеткен. Міне, бұның бәрі өзіне сенімсіздіктің 
көрінісі. 
Өзіне сенімсіз адам мүмкіндікті сырттан іздейді. 
Елімізде «аға-көкелер» жүйесінің гүлдеп тұрғаны да 
содан. Жастардың арасында білімдерінен гөрі сол 
«аға-көкелерінің» күштеріне сенетіндері аз емес. Тіпті 
қызық жағдайлар да кездесіп жатады. Университет 
оқып жүргенімде бір студент болды. Мен ертең бала-
шағамды қалай бағамын деген үрейдің арқасында 
алты жыл ішінде тренинг пен семинарлардың та-
лайына бардым, оқу мен жұмысты қатар алып жүріп, 
бірталай тәжірибе де жинадым. Әлгі жігіттің не 
оқуға, не қосымша жұмыс істеуге құлшынысы жоқ, 
алты жыл бойы дым жасамай ерігіп жүретіндей 
көрінетін. Сәті келгенде әңгімеге тарттым. Сонда: 
«Жұмыс істеп қайтемін, ағам мықты жерде отыр, 
ертең оқып шыққан соң бірден жұмысқа кіргізеді», – 
деді. Кейін біреулерден естідім, сеніп жүрген таны-
сы – танысының туысқанының біреуі, Астанада бір 
мекемеде бөлім бастығының көмекшісі екен. Тіпті, 
жүзін өмірде көрмесе де, «мифтік» танысы білім мен 
жеке тәжірибеден гөрі артығырақ сенім беріп тұр ғой. 
Маған «танысы бардың шанысы бар» деген сөздің 
орнына «адамға сенген мұрттай ұшады» деген сөз 
жақынырақ.
«Аға-көке» жүйесімен мықты ел бола алмаймыз, 
себебі, ол – дамудың тежегіші. Есесіне, бұл жүйе-
нің қолдаушылары – өзіне сенімсіз адамдар. Та-


Ой салатын әңгімелер
[ 97 ]
рихты айтпай-ақ қояйын, қазіргі дамыған елдерді 
жарқын болашаққа жетелеп бара жатқандарға бір 
көз салыңызшы – бәрі өзіне сенімді тұлғалар. Біз де 
солардың жолын қуғымыз келсе, өзімізге сенімімізді 
арттырып, құндылықтарымызды қайта қарауымыз 
керек. Мүмкіндіктерді сырттан іздемей, өзіміз 
қалыптастыра алатын жағдайға жетуіміз қажет. 
Өзің жасаған әрбір мүмкіндік – табыс көзі, еліңнің 
дамуының кепілі. 
Ондай жағдайға тек білімің көп болғанда ғана 
жетесің. Ал білім кітапта жатыр. 
Мақтаншақтықтан арыла алмайтын жайымыз бар 
екен, онда бұл қасиетті конструктивті арнаға бұрып, 
жаңа құндылықтарды қалыптастыруға бағыттайық. 
Олай болса, кітап оқу «понты» етек алсын.
Тағы бір қайталайын: кітап оқу білімге жол ашады, 
біліміңіз көп болған сайын мүмкіндіктерді сырттан 
іздемей, оларды өзіңіз көре бастайсыз, өзіңіз жасай 
аласыз, соның арқасында шыңдаласыз, оны табысқа 
айналдырасыз, елдің дамуына үлес қосасыз. 
КІТАП ОҚУДЫҢ ТАҒЫ БІР БЕРЕРІ
Бір қызық нәрсе байқадым. Кітап оқыған сайын 
дүниетанымың кеңейіп, жасай алатын мүмкіндіктерің 
артып, өзіңе, отбасыңа, еліңе берерің көбейеді екен. 
Уақытты бағалай бастайсың, жаңа бастамаларды 
қолға аласың. «Ойдағы жобаларымды жүзеге асы-
рып, мақсатыма жетуге үлгермей қаламын-ау» де-
ген үрей пайда болады. Соның арқасында өз ортаң 
да дұрыс қалыптасады, өз уақытын бағаламай, босқа 


өткізетін таныстарыңнан арылып, өнегелі адамдар-
ға жақындайсың, жаман әдеттеріңді қалдырасың, 
дұрыс тамақтану қағидаларын ұстанып, дәрігерге 
дер кезінде қаралатын боласың. Көлікпен жүргенде 
ережені сақтап отырасың, артық жылдамдықпен 
жүрудің не екенін ұмытасың. Шылым шекпесең, 
бастамайсың, шегіп жүрсең – тастайсың. Кете береді. 
Бір сөзбен айтқанда, кітап оқитын адамның өмірге де-
ген құштарлығы да артады.


ТӨРТІНШІ ТАРАУ
КІТАП ОҚУДАН КІТАП
ЖАЗУҒА


[ 100 ]
КІТАП ЖАЗУҒА АЛҒАШҚЫ ТАЛПЫНЫС
Өзін «Ресейдің №1 менеджері» деп таныстыратын 
кітап шығарушы Игорь Манн «Номер 1» еңбегінде: 
«Кәсібиліктің ең жоғары көрсеткіші – ол өзіңнің 
кітабыңды жазып шығару», – дейді. Біз бұл нәрсені 
менеджердің кітабы шықпақ түгілі, оның есімі 
көпшілікке әлі беймәлім кезде түсінген едік.
Ең бірінші кітап жазуға талпыныс алтыншы сынып 
оқып жүрген кезімде пайда болды. Сол кезде әйгілі 
тұлғалар, тарихи оқиғалар, ғылыми жаңалықтар тура-
лы ресейлік «100 великих» кітаптар топтамасы таны-
мал болатын. Бірде неге біз осы «100 ұлы ойын» кіта-
бын шығармаймыз деген ой келді. Бұл кітапта дүние-
жүзі бойынша танымал ойындармен қатар өзіміздің 
ұлттық ойындарымызды қамтуға болушы еді. Мен осы 
идеямды Төрехан досыма айттым. Екеуміз де ол кезде 
он 12–13 жастағы баламыз. Ол да бірден қолдай кетті. 
Кітаптың құрылымын жасап, мазмұнын жазып, 
ойындардың тізімін топтадық. Жұмысты бөліп алып, 
материал жинау жағы менің мойнымда болса, досым 
шығару амалдарын іздестіретін болды. Бұл кезде 
бізде компьютер болмады, бәрін қолмен жазып, біраз 
дүниені топтадық. Ксерокс та жоқ, қолмен көшіріп
әбден қиналдық. 
Әуежайдың мәдениет үйіндегі кітапханада біраз 
уақытымызды өткіздік. Төрехан Алматыдағы Чехов 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет