Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет36/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66
Байланысты:
2 5285234098434998812

Үшінші тарау
жастар арасында конкурс жариялау керек шығар: 
өздеріне не нәрсе қызықты әрі пайдалы екенін олар 
да айтсын», – деген болатын. Бұл бастама жүзеге 
асса, қазақ тілін дамытуға айтарлықтай ықпал 
етіп, жастар арасында кітап оқу мәдениетін қайта 
жандандыруға пайдасын тигізер еді. Бірақ ол жайы-
на қалды.
Әрине, басында мемлекет азды-көпті қимылда-
ғандай болды. Мәселен, 2013 жылы еліміздің 
барлық облыстары мен екі қаласында жастар ара-
сында сауалнама жүргізіліп, аударуға лайықты 
әдебиеттің тізімі жасалды. Солардың ішінде мен 
де болдым, өзім де он шақты кітаптың атауын жаз-
дым. Ішімізде үміт бар еді. Жылдың соңына қарай 
жаңалықтарда қазақ тіліне аудару үшін өзекті жүз 
кітапты анықтау байқауының сарапшылар кеңесі 
алпыс тоғыз кітапты таңдағаны туралы ақпарат 
шықты. Тіпті 
100kitap.kz
сайты тіркеліп, онда 
қазақ тіліне аударуға ұсынылған қазіргі заманғы 
әдебиеттің өзекті шығармаларын анықтау бо-
йынша онлайн дауыс беру ұйымдастырылған бо-
латын. Бірақ бұдан әріге бармады. Міне, содан бері 
бірнеше жыл өтті, бірақ жүз кітаптың біреуі жарық 
көрді деген жаңалықты естімедім. Лауазымды жа-
уаптылар мен әуелгідегі бастамашыл топ мүшелері 
президенттің осы идеясы туралы «ұмытып» кетті, 
содан бері бірде-біреуі ләм-мим демеді. Қазір әлгі 
сайттың сілтемесін терсеңіз, оның баяғыдан бері 
өшіп тұрғанына көзіңіз жетеді. 
Кітап оқымайтын ұлттың тарихи жады тым қысқа 
болады екен.


Ой салатын әңгімелер
[ 91 ]
ТҮБЕГЕЙЛІ ҮШ МӘСЕЛЕ. БІРІНШІСІ
17–18 жасымда қалыптасуыма қатты әсер еткен үш 
түбегейлі мәселеге басым қатып, солардың табиғатын 
түсінуге талпындым. Біріншісі адам бойындағы эго-
изм мен альтруизм үйлесіміне қатысты болды. Сол 
кезде біраз адам мендегі эгоизм туралы көп айтып, 
менде ол туралы теріс пікір қалыптастыра алды. Мен 
альтруизм позициясына көшіп сынап көрейін деп 
шештім. Бір мысал келтірейін. Өзім «Алтын белгіге» 
үміткер болғандықтан, емтиханға жақсы дайында-
лу мен үшін қатты маңызды болса да (себебі жоғары 
балл жинап грантқа түсе алмасам, ақылы оқуға жағдай 
жоқ еді), репетитор жалдауға, ақылы дайындалуға 
күйі жоқ сыныптастарым және көмек сұрап келген 
басқа да адамдарға шамам келгенше уақыт бөлдім. 
Тіпті кейбіреулері үйімізде түнеп жатып дайындалды. 
Олардың барлығының емтихандағы көрсеткіштері 
жаман болған жоқ, құлағандары болмады. Бірақ мек-
теп бітірген соң біреуі де есігімді ашып, сәлем беруге 
жарамады. Алла разылығы үшін деп қоя салдым, бірақ 
оның орнына өзіме көбірек уақыт бөлгенімде, жеке 
көрсеткіштерім тәуірірек болар еді.
Сол кезде бір түсінгенім, эгоизм деген табиғи 
нәрсе екен. Мен оны жаншып басып тастап, өзімнің 
эгоизмімді ақтау үшін үлкен құн төледім. Көп адам 
осыны түсінбей, керек емес жерде де эгоизмін қосып, 
содан көп дау туындайды. Одан түбегейлі бас тар-
ту мүмкін еместігіне көзім жетті. Альтруизм кебінін 
киіп, өз эгоизміме лайықты болдым. Сол қазір мінез-
құлқымда, іс-қимымылда әлі күнге дейін сезіледі. 
Біреумен жұмыс істескенде де мен ойлағандай 


[ 92 ]
Үшінші тарау
болғанын қалаймын, бірақ бәрібір оған таңдау қал-
дырамын. Не менше болады, не менікінен тәуір жол-
ды көрсетесің. Көп адам тек өзінің айтқанындай 
болғанын қалап, таңдау ұсынбайды. Дау осыдан 
туындайды, бұл – нашар эгоизмнің көрінісі.
Тек басқаларға жақсылық істеу үшін өзіңді 
ұмытып, жақсылығың қайтпаған жағдайда түңілмеу 
үшін мен көп іздендім. Біреулер: «Жақсылықты алды-
мен өзіңе істеп, өзіңді жақсы көріп сыйламасаң, өзіңді 
басқаларға да сыйлата алмайсың», – дейді. Діншіл 
адамдар: «Жақсылықтың қайтқанын күтпе, ол жара-
тушыдан қайтады, соның разылығы үшін істе», – деп, 
түңілмеудің жолын ұсынады. Бірақ бұл әдістің де кем 
тұсы бар: үздіксіз осымен айналысу өзіңе, отбасыңа, 
жақындарыңа арнауға болатын уақытты жейді. Көп 
ізденіп, мен бұның жауабын Абайдың отыз жетінші 
қарасөзінде таптым. Ұлы ақынымыз ол жерде: «Кісіге 
біліміне қарай болыстық қыл, татымсызға қылған 
болыстық өзі адамды бұзады» дейді. Мен бұл сөздерін 
өзімше жақсылықты тек оны түсінетін адамға ғана 
істеу керек деп түсіндім. Расында да, адамдардың 
көбісі жақсылықты тек сол сәтте ғана сезеді де, оның 
маңызын ұзақ уақыт өткеннен кейін түсінетін қабі-
леті жоқ.
ТҮБЕГЕЙЛІ ҮШ МӘСЕЛЕ. ЕКІНШІСІ
Адамның болмысы қызық. Он сегіз жасымда: 
«Адамдар неге жақсылықты тез ұмытып, жамандықты 
ұзақ уақыт есте сақтайды?» деген сұрақ мазалады. 
Біреулердің жамандығы үшін күйіп-пісіп жүретіні 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет