Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет37/66
Дата25.09.2023
өлшемі1,49 Mb.
#110238
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66
Байланысты:
2 5285234098434998812

Ой салатын әңгімелер
[ 93 ]
тағы бар. Бұл әділетсіз деп ойлаймын. Мен ондай 
болғым келмеді.
Сөйтіп, жыл бойы кездесіп танысқан адамдардың 
өміріме қандай жаңалық әкелгенін талдай баста-
дым. Әрбір кездесу кездейсоқтық деп ойламаймын. 
Таныстығың тез болса да, әрбір адамды тағдырдың 
бір мақсатпен жіберетініне сенемін. Сөйтіп, алғаш рет 
2005 жылы кездескен, жаңадан танысқан адамдардың 
маған берген ақылын, жасаған жақсылығын, үлгі 
тұтар қасиеттерін, қалыптасуыма қосқан тәжірибесі 
мен үлесін сараптай бастадым. Жыл соңында тағдыр 
әмірімен кездескен жүз адамның тоқсан тоғызының 
өзімен бірге жақсылық алып келетініне көзім жетті. 
Солардың тізімін жасап жүрдім.
Тізімге, әрине, туысқандарымды кіргізбедім. Со-
сын бұл тізімге материалдық емес, рухани жағынан 
үлес қосқандарды ғана қосамын. Әр жылдың соңында 
тізімнен менің қалыптасуыма қатты әсер еткен төрт 
адамды іріктеп, оған Тәуелсіздік күні қарсаңында 
ашық хат пен сыйлық жолдаймын. Қалғандарының 
жақсылықтарын жыл ішінде қайтаруға тырысамын. 
Әрине, олар бұл туралы бейхабар. Жақсылық шын 
көңілмен жарияланбай жасалуы керек.
Жақсы адамның берері жақсы кітаптан бірде-бір 
кем емес. Қарап отырсам, көптеген жылдар бойы 
тізіміме еніп келе жатқан адамдар менің жақсы адам 
болып қалыптасуыма қатты әсер етіпті. Солардың 
бірі осы кітаптың кіріспесінде аталған Сәбит до-
сым. Қарапайымдылығымен ерекшеленетін ке-
ремет адам. 2013 жылы институтта жүргенімде 
невралгияға шалдығып, кей кезде бетімнің сол жағы 
жыбырлай бастады. Сәбит бір кездескенде осыны 


[ 94 ]
Үшінші тарау
байқап, себебін сұрады. Содан көп ұзамай, бір күні: 
«Бәкежан, мен тамыздың соңында Ыстамбұлға бір 
конференцияға қатысу үшін бара жатырмын, бір ап-
тадай сол жерде жұмыспен жүремін. Сен қыркүйектің 
басында кел. Тек жолыңды көтерсең болды, жата-
тын жерің, жүретін жолыңа уайымдама, мен саған 
Түркияны көрсетіп, бір демалдырайын. Өткенде 
ауырып жүргеніңді көрдім, институтта еліміздің 
қамы үшін жұмыс істеп жүрсің. Бұл менің еліміздің 
дамуына қосқан бір үлесім болсын», – деп телефон 
шалды. Сонда Сәбитім олигарх емес, сол кездегі та-
бысы менікінен аспайтын да шығар. Сөйтіп, Сәбиттің 
арқасында 2006 жылы Памуктің «Черная книга» атты 
романын оқығаннан кейінгі Ыстамбұлға бару арма-
ным орындалды. Осылайша Сәбиттің жомарттығын, 
риясыз жақсылығы мен басқа адамның жағдайына 
бейжай қарай алмайтын жақсы қасиетін өз бойыма 
сіңірдім.
Сонымен қатар бірінші кітабымның шығуына, 
бірінші көрмемнің өтуіне, жаңа тәжірибені игеруіме 
(және кете береді) еңбегі сіңген адамдар да осы тізімге 
енді. 
Әзірге бұл – менің тұлғалық қалыптасудағы 
адамзатпен бөлісе алатындай ең үлкен жетістігім. 
Көпшіліктен: «Бес жыл бұрын саған ең үлкен жақсы-
лық жасаған адамның есімін аташы», – деп сұрасаң, 
бірден есіне түсіруі екіталай. Алайда: «Кім сені бір 
кезде қатты ренжітті?» – деп сұрасаң, көп жағдайда, 
бірден есіне түсіреді. Мен 2005 жылдан бері ең көп 
жақсылық жасаған адамдардың есімін атап бере ала-
мын және бірде-бір жамандық қылған адамның есі-
мін есіме түсіре алмаймын. 


Ой салатын әңгімелер
[ 95 ]
Осы ақиқатқа он сегізімде жеткеніме әлі күнге 
дейін жаратушыға алғысымды айтамын. Тоқсан 
тоғыз адамды жақсылығымен жіберіп жатқанда, 
бір адамның есімін есте сақтау нағыз жақсылықты 
бағаламау болар еді.
Ал үшінші түбегейлі мәселе туралы бөлек кітапта 
әңгіме етейік.
КІТАП ОҚУ «ПОНТЫ» ҚАЛЫПТАССЫН
Бүгінгі өзім көріп жүрген қоғамның келбетіне 
келетін болсам, жасыратыны жоқ, жастар арасын-
да кітап оқып, білім іздеп жүргендері аз. Бұл жағдай 
екі нәрседен туындап отыр: біріншісі, жастардың 
өзіне сенімінің аз болуы не тіпті болмауы; екіншісі, 
өсіп, қатарға қосылғанда елдің қамы үшін қолына 
жауапкершілікті алуға дайын еместігі. 
Өзіне сенімсіздік қоғамдағы әлеуметтендіру үде-
рісінің дұрыс жүрмей, құндылықтар жүйесі бұрыс 
қалыптасқандықтан туындайды. Әлеуметтендіру 
үйде басталады дегенмен келісетін болсақ, қазақ 
тәрбие жүйесінде баланың қолын қағып, жаңа 
нәрсені үйренуге талпынса, тыйым салып, қателессе 
«жұрттың баласымен» салыстырып, бетін қайтарып 
тастау көптеген отбасыларда жиі кездесетін жайт. 
Нәтижесінде балада жастайынан өзіне сенімсіздік 
қалыптасады. Кейін келе бала көп жағдайда қалаған 
мамандыққа түспей, біреу айтқан оқуға түседі, 
кітап оқыса да, өзіне керегін оқымай, біреулер оқып 
жүргенді оқиды. Той жасаса, «біреулер жаман ойлап 
қалар» деп, несиеге белшеден батып, бір күн тойып 


[ 96 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет