Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет15/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Оқырманның қалыптасуы
[ 29 ]
сұраныс бойынша әкеліп беретін. Бір жылдай 
уақыт өткен соң, олардың сеніміне әбден кіріп ал-
дым. Тіпті, сол жылдары мен олардың ең тұрақты 
оқырманы болған сияқтымын. Маған жабық қорға 
кіруге рұқсат етті. Ол жердегі дүниелер өзгеше еді. 
Бұл жер – оқырманның нағыз жұмағы. Оқимын де-
ген адамның алдындағы есіктер әркез ашық екені 
анық.
КІТАП ОҚУДЫ АТАМНАН ҮЙРЕНДІМ
Атам туралы зор қуанышпен айтқым келіп отыр. 
Ардақты атам кітапты өте көп оқитын кісі. Қазір 
зейнетте, жасы сексеннен асқан үлкен ақсақал. Мек-
тепте әдебиетіміздің ауыздан-ауызға халық арқылы 
жеткенін айтушы еді. Атам әулетімізде – осы үрдісті 
жалғастырған соңғы буын. Ұрпақтары, яғни, біз, қағаз 
бен электронды құрылғыларға әбден сеніп алғанбыз. 
Оның дәлелі – кеше жаттаған өлең бүгін жадымыз-
да қалмайды. Бойымызға бабаларымыздың осы бір 
қабілеті дарымаған. 
Өмір бойы қызмет еткен саласының әдебиетке 
мүлдем қатысы болмаса да, Бұқарбай атам қазақтың 
аңыздарын, мақал-мәтелдерін, эпос-жырларын жатқа 
біліп, маған айтып отырады. Сонда: «Қайдан жатқа 
білесіз?» – деп сұрасам: «Бала кезімде шалдар айта-
тын, содан қағып алып есте сақтап алғанмын», – деп 
таңғалдырады.
Не деген жад десеңізші!
Қазіргі тұратын үйіміздің астыңғы қабатында 
кітапхана орналасқан. Оның қорында қанша кітап 


[ 30 ]
Бірінші тарау
болса, атам соның барлығын оқып шықты. Оқымаған 
кітабы қалмады десем де болады. Тіпті, кітапхана 
қызметкерлері келесіде атамды немен қуантарын 
білмей, орталықтағы үлкен кітапханалардан кітап 
алдыруға дейін барып жүр. Атамның осы қасиеті 
маған да дарыған болса керек. 
Зейнетке шыққаннан кейін ол кісі шежіре 
жазғысы келді. Қазақтың тарихын, шежіресін жатқа 
біледі және оны терең зерттеген. Осыған қатысты 
біршама еңбек жинаған болатын. Өкінішке орай, 
1990-жылдардың ортасында бір ақсақал жазылған 
кітаптың қолжазбасын қарап шығуға алып кетіп, 
көп ұзамай өмірден озады. Кейін атам оның ұрпақ-
тарынан қолжазбасын сұрағанда, олар таба алма-
ды. Сөйтіп, бірнеше жылдық ізденістің нәтижесін- 
де жазылған еңбегі жарық көр-мей қалды.
Бұл кезде әжем ауырып, атамның мүмкіндігі 
болмағандықтан, кітап шығарамын деген арманы да 
жүзеге аспады. Бүгінде атамның осы арманын орын-
дау үшін қолымнан келгенше тырысып бағудамын. 
Бір журналист қыз атама келіп сұхбаттасып, ойында-
ғыларын жазып алып жүр. Құдай қаласа, нәтижесінде 
кітап болып шығатынына сенемін. Бұны өзімнің 
атамның алдындағы немерелік парызым деп 
білемін. Оның бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп, 
ұрпақтарына мұра етіп қалдырғым келеді. Осы күнге 
жету бұйырсын!


Оқырманның қалыптасуы
[ 31 ]
АРШАГҮЛ АПАЙДЫҢ ӘЛЕГІ НЕМЕСЕ НОБЕЛь 
СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБиЕТІ 
ЖАЙЫНДА
Мектепте оқып жүрген кезімдегі бір оқиға есіме 
түсті. 
Қазақ мектептерінде қазақ әдебиеті сабағында 
өте көп шығарма жаздырады. Бұл құр сөз емес, өз ба-
сым үш мектеп ауыстырған болсам, соның бәрінде 
осы жайтқа тап болдым. Кей жерде көп, кей жерде аз 
жаздық, әйтеуір өте көп жаздық. 
Мен оқыған мектептің бірінде қазақ тілі мен әде-
биеті пәнінің мұғалімі Аршагүл апай шығармаға деген 
айрықша махаббатымен ерекшеленді. Біз стаханов-
шылардың қарқынымен жұмыс істеп, аптасына екі-үш 
шығарма жазатынбыз. Әр жолы он екі парақты дәптер 
алып келіп, оның кемінде он бетіне шығарма жазатын 
болсақ қана жақсы бағаға үміткер бола алатынбыз. 
Тақырып абстрактілі немесе «Мен жазғы демалы-
сымды қалай өткіздім?» деген сарында болған жоқ. 
Негізінен, біз махаббат эпостары («Қозы Көрпеш–
Баян сұлу», «Еңлік–Кебек» т.б.), батырлар жыры мен 
қазақ жазушыларының шығармалары («Бақытсыз 
Жамал», «Қалың мал» т.б.) бойынша кандидаттық 
диссертация іспеттес еңбектер жазумен әлек болдық. 
Бірақ оқытушыға шығарманың өзінен гөрі басындағы 
эпиграфтар көбірек ұнайтын. Эпиграф ретінде біреу-
дің ұлық сөздері, зерттеушілердің пайымдаулары, 
басқа жазушылардың пікірлері жарай беретін. 
Сыныпта 25 адам оқыдық. Айталық, «Қозы Көр-
пеш–Баян сұлу» тақырыбында жазсақ, махаббат эпо-
сы жайлы 25 түрлі эпиграф табуымыз керек еді. 


[ 32 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет