Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет23/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64
Кітап таңдап үйрену
[ 55 ]
жүзеге асыру мүмкіндігін пайдаланып (мәселен, рақат 
алу), жай ғана өз тағдырын қабылдауды қалайды. 
Сондай-ақ әрбір жағдай жалғыз, бірегей болып қалады 
және осы бірегейлігімен, айқындығымен сұрақтың бір 
ғана жауабын қалдырады. Ол – дұрыс. Тағдыр адамға 
қайғы үлесін салған екен, ол бұл қайғыдан оларды 
өзінің қайталанбас міндетіне ауыстыра алуы тиіс. Ол 
өз қайғысының бірегейлігін түсінуі шарт. Өйткені, 
жержүзінде бұған ұқсас ештеңе жоқ. Ешкім оны бұл қай-
ғыдан құтқара алмайды және ешкім де онымен бірге 
сол қайғысын сезіне де алмақ емес. Алайда осындағы 
секілді, бұл тағдыр кімге беріліп, өз қайғысын құраса, 
қайталанбас ерліктің бірегей мүмкіндігі туады. 
Біздер үшін концлагерьде мұның бәрі дерексіз 
дәлел болмады. Керісінше, мұндай ойлар әрі қарай 
шыдауға көмектескен жалғыз дүние болды. Өмір сүруге 
ешқандай мүмкіндік қалмаса да, берілмеу және торы-
ғуға салынбау керек. Біздер үшін өмірдің мәні жайлы 
сауал шығармашылық тұрғыда қойылған міндеттердің 
орындалуынан ауылы алыс болды. Жоқ, әңгіме өмірдің 
толықтығымен, яғни өзіне өлімнің қосылуы жайында 
еді. Ал мазмұнның астарында тек қана «өмірдің мәнін» 
ғана емес, қайғы мен өлімнің мәнін де ұқтық. Біздер 
осы мән үшін күрескен болатынбыз!»
ОН МЫҢ ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІРБАяНЫН ОҚЫҒАН 
МЕНІМЕН ЖАРЫСЫҢЫЗ
Кітап оқуды енді ғана бастаған оқырмандар, 
әдетте, алдымен қандай тақырыптағы кітаптардан 
бастау керек екенін білмейді. Егер кітап оқуға 


[ 56 ]
Екінші тарау
қызығушылығыңыз кеш оянса, қолға түскеннің бәрін 
оқи беруге уақыт табыла бермейді. Бұл жағдайда мен 
ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын оқуға кеңес берер 
едім. Жеке басым он мыңнан астам адамның биогра-
фиясын оқығанмын. Бұл өте пайдалы.
Оларды оқыған кезде тарихта аты қалған тұл-
ғалардың (мейлі ол ғалым, саяхатшы не саясаткер 
болсын) арасында бірнеше ұқсастық бар екенін 
байқайсың. Біріншісі – олардың барлығы өте көп жазу 
жазған, ойларын қағазға түсіріп, жоспарларын қойын 
дәптеріне белгілеп жүрген. Мен тек қана жазушы-
ларды айтып отырған жоқпын, жазу, сірә, олардың 
негізгі кәсібі. Ойларыңды, жұмыстарыңды жазып 
отырған іс-қимылыңды бір жүйеге келтіреді. Қазір 
ішкі дүниемізді жалаңаштап, ойларымызды екібастан 
әлеуметтік желілерде бөлісіп жүрміз ғой, сондықтан 
жұмыстар туралы айтайын. Ертеңгі шаруаларды бүгін 
кеште жазып қойған дұрыс. Мәселен, ертең жасау ке-
рек отыз жұмысың болса, миың ашып, неден бастап, 
немен аяқтайтыныңды білмей, әбден әбігер боласың. 
Отыз жұмысың қағаз бетінде тұрса, миың олардың 
барлығын есте сақтау қажеттілігінен арылып, қайта 
оларды дұрыс шешу жолдарын ойлаумен болады. Есе-
сіне, олардың кезегін анықтап, бір бөлігін түске дейінгі 
мезгілде, екінші бөлігін түстен кейін орындау оңтайлы 
екеніне көзің жетеді. Сосын отыз жұмыс дегеннің өзі 
мотивацияны азайтуы мүмкін. Сөйтіп жүргенде осы 
мәселені де ойлай бастайсың. Мотивацияны жоғары 
деңгейде сақтау үшін қайсыларын бірінші кезекте, 
қайсысын соңынан атқару керек екенін таңдайсың.
Мен «бес минутта жасауға болатын нәрсені кейінге 
қалдырмау керек» деген қағиданы ұстанамын. Соның 


Кітап таңдап үйрену
[ 57 ]
арқасында отыз жұмыстан тұратын тізім бір сағатқа 
жетпейтін аралықта екі есеге дейін қысқарады. Осы-
лайша тайм-менеджмент мәселесін де ретке келтіріп 
аласың. Көрдіңіз бе, бір жанрды оқудың арқасында 
өмірде не жұмыста қажет болатын бірталай тұлғалық 
қасиеттерді дамытып алуға болады.
АҚШ президенті әрі миллиардер Дональд Трамп 
өзінің «Чемпион сияқты ойла» кітабында да өмірбаян 
оқудың маңыздылығын айтады: «Дана болудың тағы 
бір жолы – ұлы адамдар мен сізді қызықтыратын 
саланың көрнекті өкілдерінің өмірлері туралы оқу. 
Мен Уинстон Черчилль, Авраам Линкольн және әлем 
тарихында маңызды рөл ойнаған тағы да басқа адам-
дар туралы оқып, көп нәрсені үйрендім. Олар алды-
на өмірдің өзі қойып тұрған міндеттерді орындауға 
аса дайын болуы керек болды. Олардың тағдыры көп 
жағдайда соқыр жеребе, жазмыш, тарихи сәтке тәуел-
ді болды, десе де, жағдайдан керемет шығу үшін 
олардың тәжірибесі мен білімі жеткілікті бол-
ды. Әрекетіңіз бен шешімдеріңіз мыңдаған, тіпті 
миллиондаған адамдардың өміріне әсер етеді деп 
елестетіңізші, сонда осы адамдардың мойнына 
жүктелген үлкен жауапкершіліктің қандай болғаны 
туралы аз болса да түсінік қалыптастырасыз. 
Мәселелеріңіз өзіңізге құртақандай-ақ болып 
көрінеді, осының арқасында ойлауыңыздың көк-
жиегін кеңейте аласыз, міндеттеме мен кәсіп-
қойлықтың не екенін жақсырақ түсінесіз».
Бұл дүниеде екі түрлі адамдар бар: біреулері 
уақытын қадірлеп, біраз істі тындыруға талпына-
ды, екіншілері: «Ағай, сіз соншама жұмыс атқаруға 
уақытты қайдан табасыз?» – деп сұрақ қояды.


[ 58 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет