Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет17/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Оқырманның қалыптасуы
[ 35 ]
Осы әңгіменің тобықтай түйініне келер болсақ, 
басшылықтың шешімдері тек нәтижеге бағытталмай, 
парасаттылықты да ескеруі керек. Әйтпесе бұл 
шешімнің күннен-күнге қадірі қалмай, адамдардың 
депрессивті күй кешуі әбден ықтимал. 
Айтқандай, әйгілі шотланд жазушысы Вальтер Скотт 
та эпиграфтарды ойдан шығарып, олардың астына та-
нымал адамдардың есімдерін жазып, романдарында 
кеңірек қолданыпты. Қазіргі жазушылардың ішінде осы 
әдісті Орхан Памуктің
14
туындыларында кездестірдім. 
Кім біледі, өмірім басқа жолмен кеткенде менен әлемге 
танымал жазушы да шығып қалар ма еді? 

АҚШ ПРЕЗиДЕНТІНІҢ ЖЫЛДАМ ОҚУ ТУРАЛЫ 
БЕС КЕҢЕСІ
Менен жылдам оқудың құпиясын жиі сұрайды. Шы-
нымды айтсам, ол туралы ешқашан ойланбаппын. Бас-
тауыш сыныптарда мәтінді уақытқа оқытатын. Менің 
көрсеткішім әрдайым алда болатын және бір минутта 
ең көп оқығаным 320 сөз болды. Адам минутына, орта-
ша есептегенде, 120–180 сөз оқиды. Жылдам оқудың 
әдістерін меңгерген оқырман жылдамдығын үш-төрт 
есе арттырып, минутына 600 сөзді емін-еркін оқи ала-
ды екен. Біреулер бұл көрсеткішті мың сөзге дейін 
жеткізе алады, бірақ бұл жағдайда оқыған мәтін дұрыс 
қабылданбайды деп айтуға негіз бар, яғни ондай адам 
кітапты оқымай, тек қарап шығады десе болады.
14
Орхан Памук (1952 ж.) – әдебиет саласындағы Нобель 
сыйлығының иегері атанған алғашқы түрік жазушысы (2006), 
қазақ тіліне бірнеше шығармасы аударылған.


[ 36 ]
Бірінші тарау
Көптеген танымал тұлғалар жылдам оқудың тех-
никасын қалыптастыруға талпынған. Мәселен, фран-
цуз жазушысы Оноре де Бальзак өзінің әдісі туралы 
былай депті: «Бір қарағанда, көзіммен 7-8 жолды іліп 
алып, оның мағынасын санам көз жылдамдығына 
пара-пар жылдамдықпен қабылдайтын. Жалғыз бір 
сөздің арқасында бүкіл сөйлемнің мағынасын жиі 
ұғып алатынмын». Бальзак жарты сағатта қалыңды-
ғы орташа романды еркін сіміріп алатын болған де-
ген пікір бар. Наполеон Бонапарт минутына 2000 сөз 
оқыды деген де аңыз бар.
Кітаптың саны үшін оқуды дұрыс деп санамай-
мын, ұнайтын кітапты оқып, оқығанды тоқып, 
пайдасын іс жүзінде тексерген дұрыс деп ойлай-
мын. Десе де, жылдам оқудың құпиясына қатысты 
сұрақтың орынды екенін мойындаймын. Өзім жыл-
дам оқуды мақсат тұтпасам да, бір жерде АҚШ-тың 
ең жас президенттерінің бірі Теодор Рузвельттің осы 
бойынша кеңестерін оқыған едім. Кей кездері оны 
қолданатыным бар, мойындау керек, көмектеседі. 
Теодор Рузвельттің қандай президент болғанын 
Интернеттен тауып оқып аларсыздар, осы жерде ал-
дымен оның қандай оқырман болғанына тоқталайын. 
Сақталған деректер мен естеліктерге сүйенсек, 
жұмысы көп болғанына қарамастан, ол таңғы асқа 
дейін бір кітап, кеште тағы бір-екі кітап оқып үлгеретін 
болған екен. Шет тіліндегі әдебиетті де осылай жыл-
дам оқыпты. Бір минутта екі-үш бет оқып, оқығанын 
есте жақсы сақтай біліпті.
Оның: «Меніңше, кітап оқу – нағыз дерт» деген 
сөзі де бар. Бірде саясаткердің досы, жазушы Оуэн 
Уистер Ақ үйдегі ресми кешкі астың дәл алдында 


Оқырманның қалыптасуы
[ 37 ]
оған кітап береді. Уистер қонақтарға арналған жеке-
жайда түнеп, ертесіне таңғы асқа келсе, президент 
кешегі кітапты жазушымен талқылай бастайды. 
«Кешкі алтыдан таңғы сегіз жарымға дейін, ресми 
кешкі ас, қонақтармен әңгімелесу мен ұйқы арасында 
қалыңдығы 300 беттен асатын кітапты оқып үлгеріпті 
және мазмұны қамтыған маңызды жерлерінің ешқай-
сысын қалдырмапты», – деп жазады Уистер.
Теодор Рузвельт қызығушылықтары барлық са-
ланы қамтыған, сондықтан болар ол тек бір жанрда 
жазылған кітаптармен шектелмепті. Оның биографы 
Эдмунд Моррис президент Фукидидтің тарихынан 
бастап, «Римус ағайдың ертегілеріне» дейін барлық 
кітапты оқи бергенін жазады.
Жазушы Дэвид Маккалоу былай дейді: «Бірде 
Дакота аумағында қатты қыс болды, Теодор Руз-
вельт қолдан жасалған қайық үстінде Кіші Миссу-
ри өзенімен оның қымбат қайығын ұрлап кеткен 
қарақшыларды қуалап түсіп келе жатты. Бірнеше күн 
өткен соң, оларды қуып жетіп, сенімді винчестерінің 
арқасында басымдыққа ие болып, қарақшыларды 
тұтқынға алады. Рузвельт қарызға алынған жабық 
арбаға тұтқындарып салып, оларды сотқа жеткізу 
үшін жолға шығады. Олар қар басқан Бедлендс 
шөлі арқылы Дикинсондағы рельс бастауына дейін 
жүреді. Рузвельт 40 миль (64,37 шақырым) жолды 
толығымен жаяу жүріп өтеді. Бұл таңғажайып ерлік 
еді, Рузвельттің оқиғаға толы өміріндегі шешуші сәт 
деп айтуға болады. Бірақ, ең маңыздысы, оның сол 
жолда «Анна Каренинаны» толық оқып шыққаны. 
Адамдар кітап оқуға уақыты жоқ екенін айтқанда, мен 
әрдайым осы туралы ойлаймын».


[ 38 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет