Кітап таңдап үйрену
[ 47 ]
әртүрлі. Осы тақырыпта жазылып жатқан кітаптар
қаншалықты пайдалы? Әлде зиян тұсы басым ба?
Шетелдік бір сайтта қызық мақаланы оқығаным
бар
15
. Ол жерде қазіргі қоғамның позитив көңіл күйді
сақтауға қатты алаңдайтынын, мәдени үрдістердің
адамдарды бақытты
болу идеясына көсілуге алып
келгені туралы жазыпты. Иә, қазір адамдар осы
тақырыпта жазылған кітаптарды сатып алып, өзін-
өзі жетілдіру тақырыбында шебер-сыныптарына ба-
рып, әлеуметтік желілердегі парақшаларында моти-
вациялы сөздерді жариялағанды әдетке айналдырды.
Мақалада бүгінгі күні бақыт бойынша сарап-
шының (батыс
қоғамындағы әңгіме ғой, бізге әлі
жете қоймаған) көмегіне жүгініп, түрлі менталды
тәжірибелерді зерттеп, мобильді қосымша арқылы
ішкі ризашылыққа қол жетуге болатыны туралы ай-
тылыпты.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың миллионнан астам әске-
рилері позитивті психология курсынан өтіп жатса,
Ұлыбритания мектептерінде
оптимизмді оқытады
екен. Ал халықтың әл-ауқаты жалпы ішкі өніммен
қатар «бақыт индексі» арқылы да өлшенетін болды.
Автор пессимистердің келіссөздер жүргізуде та-
бысқа жиірек жететінін атап өтіп, олардың шешім
қабылдауда көреген болатынын айтады. Есесіне, бұл
адамдар жүрек ұстамасына азырақ шалдығады екен.
Тағы бір қызығы, циник адамдардың некесі берігірек,
айлығы көбірек, өмірі ұзағырақ болатыны айтылып-
ты. «Естімеген елде көп» деп осыны айтыңыз.
15
Zaria Gorvett, Why it pays to be grumpy and bad-tempered //
http://www.bbc.com/future/story/20160809-why-it-pays-to-be-
grumpy-and-bad-tempered, 10.08.2016.
[ 48 ]
Екінші тарау
Ал жақсы көңіл күйдің өз кезегінде кемшіліктері
де аз емес болып шықты: ол мотивацияның азаюына
әкеліп, ұсақ-түйектерге зейінді кемітіп,
адамды
сенгіш әрі эгоистке айналдырады екен.
Оптимистердің ішімдікке, артық тамақ жеуге және
жыныстық қатынастарға құмарлығы артығырақ бо-
латыны да анықталыпты.
Мақала авторы «Неге осылай болады?» деген сауал
тастап, оған өзі: «Себебі, біздің сезімдеріміздің нақты
қолданысы бар», – деп жауап береді.
Ыза, мұң және пессимизм адамның бақытсыз,
сәтсіз екенін аңдатпай, керісінше, бұл сезімдер пайда-
лы қызмет атқарып, эволюция барысында бізге тірі
қалуға көмектесу үшін дамыған көрінеді.
Ньютон тым ренжігіш әрі кекшіл, Бетховен жанжал-
қой, сотқар болса керек. Кемеңгерлік ашушаңдықпен
бірге берілетін секілді. Мақала авторы осының мысалын
бүгінгі күні де
кездестіруге болатынын айтып, Крем-
ний алқабында жұмыс істейтіндердің бір сарасын атап
өтеді. Мәселен, Amazon компаниясының негізін қалаушы
Джефф Безос қызу мінезді әрі ашуға булыққанда адамға
тіл тигізуден де тайынбайтынын айтады.
Амстердам университетінде қызмет ететін Мат-
тийс Баас 2009 жылы тәжірибе жасапты. Ерікті
студенттерді жинап, ғылым үшін олардың ашуын
қоздыруға бел буады. Бір топқа: «Көңіліңізге тиген
сәтті немесе оқиғаны еске түсіріп,
сол туралы эссе
жазыңыздар», – деп тапсырма беріпті. Бұл олардың
ашуын сәл ғана келтіреді. Бірақ қатты ызалана
қоймаса керек. Екінші топқа мұңаюды тапсырыпты.
Ашу мен ыза ағзадағы ресурстарды жұмылдыруға
дайындайды. Бұл сезімдер адам қиын жағдайға