@sandugash.q:
«Құрбымнан оқуға сұрап алған болатын-
мын. Алайда алдағы уақытта бұл кітаптан демеу (мотивация)
алу мақсатында
әлі талай оқитынымды біліп, міндетті түрде
өзіме және жақындарыма сый ретінде алу керегін ұқтым».
@mereyersaiyn: «Құрбымның арқасында Бақытжан
мырзаның шағын кітабы қолыма тиді. Ақтөбеден іздеп
таба алмаған соң,
бұл жаңалықты қуана қарсы алып, маған
арналған тартуды күтіп алу үшін түнгі ұйқымды бөліп
теміржол вокзалына асықтым. Биттің қабығындай болса да,
Күннің жарығындай пайдалы әрі әсерлі еңбек екен. Әсіресе,
«Абай жолын» оқу міндетті емес», «Reading is better than sex»
сынды
мәлімдемелері шулы, батыл. Сонысымен де аталмыш
кітапты бағалы деп ойлаймын».
@altynaaaayy: «Соңғы уақыттары кітап оқу трендке
айналуда. Әрине, бұл құбылыс көз қуантады. Оған әртүрлі
фактор себепші болуда. Сондай себепшілердің бірі Бақытжан
Бұқарбай ағамыздың «Күміс кітабы» секілді».
@qundyz.m: «Ақыры
сабаққа бармайды екем, бос
тұрғанда оқып алайын деп құрбымнан уақытша сұрап ал-
дым. Бос тұрғанда дегенім – бұл кітап студүйде қолдан-қолға
жүретін бестселлер болды».
Достарыңызбен бөлісу: