Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет51/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Күміс кітап
түссе де, мотивациясын жоғалтпаған психолог Вик-
тор Франклдің кітабын оқысаңыз жеткілікті, бұл 
тақырыпта одан ешкім асып түсе алмайды;
– балаңызды кітап оқуға мәжбүрлеп, өзіңіз кітап 
бетін ашпайтын адам болсаңыз, қанша тырыссаңыз 
да бұл нәтиже бермейді;
– кітаптарыңызды біреуге оқуға бермеңіз, басқа-
лар оның қадірін сіз түсінгендей түсінбейді. Бірақ 
кітап сыйлауды әдетке айналдырыңыз;
– басында білімі жоқ шешеннен де, кітап оқитын 
момын артық. Спикерлерді мұқият таңдаңыз;
– мықты болам десеңіз, өзіңізді кітап жазуға қа-
зірден бастап дайындай беріңіз. Бұл тек менің ғана 
пікірім емес, ресейлік маркетолог Игорь Манн да со-
лай айтады;
– оқырман ретінде қалыптассаңыз, өзіңіздей 
оқырманды қалыптастыруды да ұмытпай, осыған он 
жыл уақытыңызды жұмсаңыз;
– біреудің ізденіп оқитын тақырыбын білсеңіз 
және сол туралы кітап кездестіріп қалсаңыз, оны 
міндетті түрде сатып алып, сыйлаңыз не болмаса ол 
туралы танысыңызға хабарлауды ұмытпаңыз;
– «Қандай кітап оқу керек?» деген сұраққа жауа-
бым: ұнайтын кітапты оқыңыз, оқығанды тоқып, пай-
дасын іс жүзінде тексеруді естен шығармаңыз;
– қазірден бастап немереңізге сыйлауға лайық 
кітаптарды жинай беріңіз.
Бұл кітабымды 16 күн ішінде жазып аяқтадым. 
Оны оқып шығуға бұдан азырақ уақыт жұмсадыңыз 
деп сенемін. 
Еліміздің игілігі үшін еңбек етейік! Амандықта 
жүздескенше!


Қорытынды
[ 145 ]
* * *
Кітабымның жарық көруіне қаржылай демеу-
шілік жасаған достарым Рүстем Мұстафин, Надир 
Құрымбаев пен Ғалым Даусейітке үлкен алғысымды 
білдіремін. Біздің заманымызда игі бастама қаржы-
лай қолдау таппаса, оның қанаты қырқылатыны, айт-
пасам да баршаңызға мәлім.
Сонымен қатар «Меломан» дүкендер желісінің ди-
ректоры Вадим Голенко мырзаға да алғысым шексіз 
екенін айтамын. Бұл кісінің көмегі болмағанда, кітап-
тың оқырмандарға жол тартуы әлдеқайда қиын болу-
шы еді.


[ 146 ]
КІТАП ЖАЙЫНДА ПІКІРЛЕР
Алматыда кіп-кішкентай бір жүрген бала мек-
тептен бастап: «Мен бұл ұлтқа қалай қызмет етем? 
Мен бұл заманды қалай өзгертем? Мен бұған қандай 
үлес қосам?» деген. Біздің ата-бабаларымыз әлі аз-
дап қана оқыған кезде: «Шулап, жағаласып немесе 
төбелесіп ештеңені өзгерте алмайсың. Бірлікпен, 
біліммен өзгертесің» деген. Міне, «Күміс кітаптың» 
авторы Бақытжанның өмірде алдына қойған мақсаты 
да сол. Мына отырған бәрің алдыларыңа бір-бір 
мақсат қойсаңдар, бүкіл Қазақстан өзгеріп кетеді. Бұл 
кітаптан ұғатындарың сол. Қалай кітап оқуға бола-
ды? Қайтсек оқуға болады? «Уақыт жоқ». Әуезовтің 
төрт томдығын оқы дейміз мектепте. «Оқитын 
уақытым жоқ». Ал одан тек білетін нәрсені алу ке-
рек дейді. Бұған мен қосылам. «Заманды аңғармау –
надандық» деген. Бұны бір ұлының аузына Әбіш 
Кекілбаев салады. Сендер қазір Әбіш Кекілбаевтың 
үлкен кітаптарын оқымайсыңдар. Ал Кекілбаев –
біздің ғасырымыздың бізбен қатар өмір сүрген ұлы 
ойшылы. Айналайындар, ағылшын тілінен маман 
болыңдар, қытай тілінен маман болыңдар, техноло-
гияны меңгеріңдер, оның түбірінде ананың тілі мен 
ұлттық тарихи байлығың болу керек. Сонда сен мына 
жерде нық тұрасың. Дауыл соққанда жерден тамыр 
алған үлкен ағаштар шайқалмайды. Сондай болып тұ-


Кітап жайында пікірлер
[ 147 ]
ра аласың. Ал егер кішкентай бірдеңелермен уақытша 
күн көретін болсаң, сен бүгінгі жұлып алынған гүл 
сияқты екі-үш күнде солып қаласың. Сенің ешкімге 
қадір-қасиетің болмайды. Саяң да, панаң да бол-
майды. Сондықтан әрбір жігіттің ойында «мен 
қазақтың, Ұлы қазақ даласының азаматымын» деген 
нәрсе қазірден болу керек. Ендеше мен Ұлы қазақ 
даласының ұлы боламын, намысын қорғаймын, 
туған даламның бетіне түкірмеймін, салып берген 
үйге тап-таза болып кіремін деген мәдениет пен на-
мыс болуы керек сендерде. Біз алдымен таза тұруды 
үйренуіміз керек. Соны жоғалтып алдық. Ол мәде-
ниет деп аталады. Ұлы даланың ұлы мәдениеті болды. 
Қазақтың қызы жып-жинақты, қазақтың ұлы на-
мысты болулары керек. Сонда біз егемен боламыз. 
Сонда Ұлы қазақ даласы боламыз. Енді соның кітап 
оқытуы қалай?
Қайтсек жастарға кітап оқытамыз? Қазақтың бір 
ғана жігіті шырқырап жүр. Көрмегенді көріп келіп 
жүр. Соны айтқысы келіп жүр. Бұған да бір жерде өз 
бетімен бастық болып рақат отыруға болады ғой. 
Жоқ! Бұның айтқысы келгені басқа нәрсе. Кітапты 
оқып шығыңдар. Бір-біріңнен алып оқыңдар. Бір 
кітап шығарған екен, соған тұсаукесерге бардық 
демеңдер. Осы жерде кім көрінгеннің тұсауы кесіліп 
жатыр, білесіңдер. Соған шақырады сендерді. Әкесі, 
көкесі жайлы, «мен бәлен жерде бастық болдым
сол жылы сөйттім» деген кітап шығарады қазір 
ақшасы барлар. Содан мына кітапхананы тазар-
та алмай жүрміз. Жоқ, ондайды оқуға болмай-
ды. Міне, мына кітаптан бір нәрсе тауып алыңдар 
да, өздеріңнің болашақтарың үшін осы жерге 


[ 148 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет