Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan


– Сіздің ойыңызша, жастардың қазіргі құнды-



Pdf көрінісі
бет59/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Сіздің ойыңызша, жастардың қазіргі құнды-
лықтары қандай?
– Қазіргі жастардың құндылықтары басқа, психо-
логиясы біркүндік – өзі ләззатын көрсе, жұлып алса. 


[ 166 ]
Күміс кітап
Ертеңге деген жауапкершілік жоқ. Бүгінгі некелердің 
ажырасумен аяқталып жатқаны да содан.
Бұрын қазақ жеті атамен қоса жеті ұрпағына да 
аса назар аударатын болған. «Жеті ұрпақты білудің 
не қажеті болды?» деген сұрақ туындайды осы жер-
де. Бәрібір, әрі барса, шөпшектен кейінгісін көре 
алмайсың. Одан кейінгісін немене дейді. Көргеннің 
өзінде де танымайсың, себебі алжып жатасың. Қазақ 
не үшін осылай ойлап қойғанын мен ойландым. Бұл –
қазақтың философиясындағы он төрт буынды қам-
титын жүйе. Сен орта есеппен жиырма жылдан 
алғанның өзінде, 300 жылға жуық аралықтағы бір 
буынсың. Демек, сен тек өзің үшін ғана жауапты бол-
май, өзіңе дейінгі және өзіңнен кейінгі жауапкерші-
лікті сезіне алатын жағдайдасың. Елің үшін, ұрпағың 
мен болашағың үшін жауапкершілікті көтересің. Бұл, 
менің пікірімше, қазақтың осы күнге жетуінің басты 
факторларының бірі. Қазіргі жастардан мен мұндай 
жауапкершілікті байқамаймын.
Расын айтатын болсақ, қазіргі жастардың көбінің 
ертеңгі күнін ойлауға ақылы да жетпейді. Неге? Себебі, 
оқымайды. Кітаптың бетін ашпайды. Үлкендерді 
тыңдамайды. Әңгімесі жарасқан тыңдайтын үлкендер 
де жоқ. Бірлі-жарым адам ғана болмаса, басқасын 
көріп жүрген жоқпын. Бар да шығар, алайда олар-
ды үйлеріне іздеп барып жүрмейсің ғой. БАҚ-қа 
шықпайды, журналистер жазбайды, мемлекет бір 
жиындар өткізсе, оларды шақырмайды. Оны қай 
жерден естіп-тыңдайсың? Осыдан сабақтастық та 
жоғалады. Сондықтан жастар өз мәселесімен бетпе-
бет қалып, өз сорпасына өзі қайнап жүр.
Былтыр жастар форумына қатыстым. Жақсы 


Сұхбаттар
[ 167 ]
нәрселер аз да болса айтылды, бірақ жастардың 
кейбіріне қарап, араларында аға буынымыздың 
ішіндегі жағымпаздардың орнын басатын жаңа 
буын өсіп келе жатыр ма деп қалдым. Мұның бәрі 
жақсылыққа апармайды. Оны түсіну үшін, ел аралап 
салыстыру керек. Мен көптеген елдерде болдым. 
Барлық жерде жастар кітап оқиды. Біздің елде кітап 
бетін ашып жүрген жастарды аз байқаймын. Алты 
жыл оқыса, диплом үшін оқиды. Диплом үшін оқу – 
білім қуалау емес. Оның мақсаты – диплом алу. Бол-
ды. Ертең қандай ел боламыз деп ой жүгіртіп жүргені 
екіталай. Мен соған таңғаламын. Бұл жауапкерші-
лікті мойнына алмаудан шығады. Жауапкершілікті 
сезінген жастар «Аға-көкем болмаса ешкім емеспін» 
немесе «мемлекет не қоғам кінәлі» деп сылтау қылмай-
ды. Тырысады. Сондықтан да мен жастар кітап оқы-
сын, кітап оқу трендке айналсын деп «Күміс кітапты» 
жазып отырмын. Кітапты көп оқыған адамда білім 
бар, білім көп болған сайын адам мүмкіндікті сырттан 
іздемей, өзі қалыптастыра алады. Ал әрбір мүмкін-
дік – ол табыс көзі. Мүмкіндікті өзі үшін өзі жасай ала-
тын адам – мықты қоғам құруға қабілетті адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет