Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет55/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
2 5321327818179609449

Расул Жұмалы, саясаттанушы
* * *
Кітапты оқып шыққан соң, қазақтың бүгінгі бол-
мысы мен мінезіндегі мәселелерді анық сезіндім. 
Еңбек кітап туралы болғанымен, оны оқығаннан 
кейінгі сезім неге мұнша терең болды?! Өйткені, адам 
болудың, адам болып күн кешудің алғышарты – кітап 
оқу. Автор «Күміс кітабы» арқылы осы ақиқатты тағы 
бір растайды.
Кітап оқу мәдениеті құлдыраған бүгінгі қоғамға 
«Күміс кітап» әбден керек. Ол кез келген адамды 


Кітап жайында пікірлер
[ 155 ]
қолынан жетелеп Кітаптар патшалығына әкеле алар-
дай шынайы жазылған.
Оқи отырып, бұл әлемде Адам мен Кітап қана күн 
кешетіндей өзгеше күйде боласың. Шағын ғана еңбек 
сізді өз ұятыңызбен бетпе-бет қалдырады.
«Күміс кітаптың» басты кейіпкері – Бақытжан. Ав-
тор өзінің қалайша тамаша кейіпкерге айналғанын 
байқамаған да болар. Маған бұл кейіпкердің ұстаны-
мы ұнайды. Осындай адамдар ғана өзін, айналасын, 
қоғамын өзгерте алады.
Мақпал Жұмабай, ақын 
* * *
Бүгінде күн сайын еліміздегі ұялы телефон 
тұтынушылардың саны артты, үйіне газ бен су жет-
кен үй қожалықтарының саны артты, кең жолақты 
Интернетке қол жеткізген ауыл мен аймақтар саны 
артты деген сыңайдағы жаңалықтарды күн сайын
оқып отырамыз. Халқымыздың әл-ауқатының, құ-
қықтары мен мүмкіндіктерінің артқаны көзі ашық 
адамды қуантпай қоймайтыны анық. Алайда осы 
есеп-қисап пен ақпардың ішінде рухани сала мүлдем 
шет қалып жатады. Талай ақпаратты іздеп оқысам 
да, азаматтардың кітап оқуы, рухани өсуі туралы 
ақпараттарды, қажет десеңіз, рейтингтерді көзім 
шала бермейді. Себебі, рухани және мәдени тұрғыдан 
өсудің, өркендеудің ең кемел және ең мәрт көрсеткіші 
дәл осы кітап оқу деп түсінемін. Кітап оқу – бұл 
дүниедегі әлі де болса шынайы бақыттың бүлінбеген, 
бұзылмаған бір түрі деп ұғамын. Кітап арбайды, 


[ 156 ]
Күміс кітап
бірақ алдамайды. Әрбір жақсы талғаммен оқылған 
кітап – жаңа бір әлем, жаңа бір ғалам. Ал жаңа әлем 
мен ғаламды күніге ашып отырудан артық қандай 
керемет болуы ықтимал? Сондықтан да кітапқа, 
әдебиетке шын ғашық жандар – бақытты жандар. 
Мен білетін Бақытжан Бұқарбай осы бақытты жандар 
қатарынан. Өкінішке орай, қатары сиреп бара жатқан 
шоқтығы биік шоғырдағы азамат. Бақытжанның 
өзінің Интернеттегі парақшаларында, арнайы топтар-
да, кітапсүйер қауымның үлкенді-кішілі жиындары 
мен форумдарында «мына кітапты оқыдым», «мына 
кітапты оқуға кеңес беремін» деген жазбаларын 
көрген сайын шын жүректен қуанамын, риза бола-
мын. Екі себепті. Біріншіден, бауырымның көбіне-
көп өзім оқыған кітаптарды оқитынына. Екіншіден, 
ерінбей, жалықпай басқаға да болсын, басқалардың да 
оқығаны дұрыс, өз қазағымыздың өркенінің өскені ке-
рек деген ниетіне. Себебі, басқамен бөліскеннен азай-
майтын, кемімейтін, керісінше көбейе түсетін жалғыз 
дүние – ол бақыт. Кітап оқу бақыты да осы қатарда. 
Кітап жазу – ерекше талант пен амбицияны қажет ете-
тін Тәңірдің екінің біріне бере бермеген сыйы. Ал қа-
лың жұртты кітап оқуға баулыған, кітапты насихатта-
ған кітап жазуды қалай бағалауға болады? Шынын 
айту керек, бұл кітап жазудан да қиын қоғамдық мис-
сия. Себебі, біздер бүгінде ақпараттың еселеп көбейіп, 
мән мен мазмұнның еселеп азайып келе жатқан зама-
нында ғұмыр кешіп жатырмыз. «Әлемдегі ең бақытты 
философ – Декарт» депті. Өйткені Декарт өзіне дейінгі 
барша философтардың кітабын оқып үлгерген екен. 
Бүгін Декарт болсаң да өз салаңда жазылғанның 
барлығын оқу мүмкін емес! Бүгін не көп, ақпарат көп. 


Кітап жайында пікірлер
[ 157 ]
Шынайы жазушыдан гөрі жазғыштар көп. Өмірге 
аяқ басып келе жатқан жастарымыз сөреде не Ин-
тернетте тұрған барша дүниені оқи берсе, оған өмірі 
де жетпейді. Яғни, бүгін әріп үйретумен қатар, сауат 
ашумен қатар үйренуге міндетті тәртіп – ақпараттық 
талғам мен гигиена. Бақытжанның бұл кітабы – 
осы бағыттағы тың ізденіс. Сәтті ізденіс дер едім. 
Баяғыда ағылшынның керемет саясаткері Бенжамин
Дизраэли: «Кітап оқығым келсе, отырамын да жаза-
мын», – деп әзілдеген көрінеді. Орыстың көрнекті 
ақыны Константин Симонов: «Кейде жақсы өлең 
оқығым келеді. Өте жақсы өлең оқығым келеді. Сон-
дай кезде үстелге отырып өлең жаза бастаймын», – 
депті. Бақытжан да қалыптасқан дефицитті толтыру, 
орнын жабуға кірісіп кетіпті. Біраз кітапсүйер адамға 
үлгі болар үрдіс. Сол біраздың қатарында мен де бар-
мын. Кәдімгідей ойланып қалдым. Бір нақты нәтиже 
шығаруға тырысамын осыдан. Шаршама, талпына 
түс, Бақытжан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет