Timur Bektur: «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan


– Мүмкін кітап оқығысы келетін жастар көп



Pdf көрінісі
бет60/64
Дата26.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#52737
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
– Мүмкін кітап оқығысы келетін жастар көп, 
алайда қазіргі авторлар қызықтыра алмайтын 
шығар?
– Бізде жыл сайын мыңдаған кітап басылады, бірақ 
жай ғана макулатура деңгейінен аса алмай жатыр. 
Оқырманы жоқ. Не үшін? Оқылмайтын – идеология-
лық бағыттағы кітап. Шығып жатқан кітаптардың 
тағы бір түрі – еріккеннен, өздерін мақтағысы 
келетіндіктен жазылатын кітаптар. Мен бұл тура-
лы кітабымда да айтып өттім. Бір кісі алашордалық-


[ 168 ]
Күміс кітап
тарға арнап кітап шығарған. Сырты әдемі қалың 
кітап. Сонда кітаптың әрі барса, бес пайызы ғана 
алашордалықтар тақырыбын қамтыған екен. Қал-
ғанын автор өзін ұлықтауға арнапты, өмірбаянын 
жазған, танымал тұлғалармен түскен суреттерін 
келтірген.
– Жастарға қалай кітап оқытамыз?
– Қазақ, сірә, мақтаншақтықтан арыла алмай-
тын шығар. Олай болса, мақтаншақтықтың басқа 
конструктивті формаларын іздеп қалыптастыру 
керекпіз. «Мен жүз кітап оқыдым, мықты болсаң
тырысып көр» деген «понттың» жаңа түрін шығару 
керек. Біз «понтсыз» өмір сүре алмаймыз ғой. Жаңа 
айфон шықса, келесі күні қазақтың қолында жүреді. 
Одан гөрі кітап оқып жарыс немесе өзіңнің арманың-
нан бас тартпай, көкейіңде жүргенді жүзеге асырып
көр. Жастар арасында осындай «понт» қалып-
тастырайық. Кітаптың жазылуындағы мақсат – осы.
– Кітап оқу мәдениетін қалай қалыптастыру ке-
рек?
– Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру қалыптас-
қан жағымсыз тозық трендтерді сындырудан баста-
лады. Мен айтып отырмын ғой, кітап оқысаң, мүмкін-
дік жасайсың. Ал мүмкіндік дегеніміз – ол ақша. 
Жастардың ойында ақша жүр ме? Жарайды, осылай тү-
сіндірейік. Ақша тапқың келе ме? Сен аға-көкеңе сен-
бе. Ол ескірген тренд. Оның сәні кетті. Ол – мақтана-
тын нәрсе емес. Егер сен осы позицияны ұстанатын 
болсаң, ертең сенің кесіріңнен елің құриды. Міне, осы-
ны айту керек. Өз күшіңмен ақша табудың басқа да 
жолдары бар. Оның сауабы көбірек және ардақтылау. 
Ал, «танысым бар» деп өзін жұбатып, бірақ өзін 


Сұхбаттар
[ 169 ]
дамытуға бір артық қадам жасамайтындар үшін бір 
мысал келтірейін.
Бір жігіт бар болатын. Алты жыл оқып, не қосымша 
жұмыс істемеді, не ештеңеге қызықпады, құр бекер-
ге уақытын өткізіп жүрді. Содан: «Ертең мына ұядан 
ұшқан соң бір жерге барып басыңды тығуың керек 
қой. Қайда барасың? Кім алады сені?» – деп сұрасам: 
«Астанада бір таныс бар», – дейді. Кейін білсем, сеніп 
жүрген танысы – танысының туысқанының біреуі, 
Астанада бір мекемеде бөлім бастығының көмекшісі 
екен. Бұл көзқарастан арылу керек. Ал біреу арқылы 
не жалынып, не пұлын беріп жұмысқа тұрдың. Бірақ 
сен елдің ертеңгі құлдырауына үлесіңді қосасың. 
Ертең балаларыңа не бетіңмен қарайсың? Міне, 
осындай категорияларды қалыптастыру керек. Өз 
күшіңмен аяққа тұрып, өзіңе қажетті мүмкіндік жа-
сап, сол арқылы ақша тапсаң, сен мықты боласың. 
Осындай мықты азаматтар көп болғанда ғана мықты 
Қазақстан болады. Қарапайым нәрсе. Осыны сәнге
жастар үшін «понтқа» айналдыру керек.
«я ПАТРиОТ-МАЗОХиСТ!»
21
Есть люди, которые мало говорят и много делают, 
Бахытжан Бухарбай один из них. Его не увидишь в бур-
ных обсуждениях в соцсетях на языковые темы, он ни-
когда не бьет себя в грудь, доказывая свою любовь к Ро-
дине, но более настоящего патриота своей страны и 
человека сделавшего так много для развития государ-
21
Полина Шиманская, «Я патриот-мазохист!» // http://www.
matritca.kz/news/41199-ya-patriot-mazohist.html, 19.01.2017.


[ 170 ]
Күміс кітап
ственного языка, я лично не встречала. Бахытжан – 
политолог, журналист, редактор, художник, автор 
проектов по развитию казахского языка. Вчера он пре-
зентовал свою четвертую книгу «Күміс кітап» – это 
такое обращение к молодым людям. Его трудолюбие 
не знает предела, на встречу перед презентацией своей 
книги он неожиданно для меня опоздал. Оказалось, что 
Бахытжан… ловил в своем подъезда воров-домушни-
ков. Не пройти мимо беды – это про него.
 Поймали воров?
– Конечно, догоняли их уже во дворе, но задержа-
ли. Вы уж извините за опоздание.
 Я ждала вас в книжном магазине, где не соску-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет