Ағзадағы қалыпты микрофлораның 77%-ы асқазан ішек жолдарында, ал қалғаны басқа мүшелерде болады. Қалыпты микрофлора патогенді бактериялардан сақтап, улы заттардың 50%-ын тазалайды. Фермент бөлу қызметіне, ас қорыту, сіңіру қызметіне қатысады. Ащы ішекте сіңбеген ақуыздар мен көмірсулар тоқ ішекте қалыпты микрофлора анаэробтарымен ыдырайды. Қалыпты микрофлора иммунитетті көтереді, мутагенді, канцерогенді заттардың әсерін жояды.
Қалыпты микрофлораның 90%-ы анаэробтар. Олардың 80% бифидобактериялар, қалған 10% лактобактериялар.
Дисбоктериоз дегеніміз жеке ауру емес. Ол әртүрлі жағдайларда, аурудан болатын синдром болып есептеледі.
Пробиотиктер - денсаулыққа пайдасы бар микроорганизмдер. Ішек микрофлорасын қалпына келтіруге бифидо-, энтеро-, лакто-бактериялардан тұратын тірі немесе өлі бактериялар қоспалары қолданылады.