Ұйқы безінен 1,5-2 литр шырын бөлініп, 12 елі ішекке құйылады. Шырыннның негізгі бөлігі протеаза, липаза, амилаза ферменттері. Ұйқы безінің қызметі асқазан сөлінің әсерінен күшейеді. Протеазалар (трипсин, химотрипсин, т.б.) ақуыздарды ыдыратып амин қышқылдары мен пептидтерге айналдырады. Амилаза көмірсуларды (крахмал, гликогон) моносахаридтерге айналдырып мальтоза бөледі. Ішек сөлі мальтоза оларды глюкозаға дейін ыдыратады. Липаза майларды май қышқылдары мен глициринге айналдырады. Ұйқы безі қызметінің бұзылуында ферменттердің жетіспеушілігі дамып ферметнтті дәрілер қолданылады немесе ұйқы безінің зақымдануына байланысты түтіктерінің бітелуінде ферменттердің ұйқы безінің өзін-өзі қорыту процесі жүретіндіктен антиферментті дәрілер қолданылады.
Ферментті дәрілер: Панкретин (Фестал, Энзистал, Мезим, Панзинорм), Креон, Вобэнзим, Солизим, Нигедаза. Тамақ алдында 5-7 мин бұрын сілтілі минералды сумен бірге шайнамай қабылданады.
Ахилияда (HCl мен асқазан ферменттерінің асқазанда бөлінбеуі) созылмалы панкреатитте, энтеритте (ащы ішектің қабынуы) ұйқы безі секрециясы төмендейді. Осындайда орын басу терапиясы жүргізіледі, яғни ферментті препараттар тағайындалады. Қарсы көрсеткіші: жіті панкреатит
Антиферментті дәрілер(протеолиз ингибиторы): Апротинин (Гордокс, Контрикал, Трасилол), Пантрипин, Ингитрил. Тек көктамырға тамшылатып, баяу енгізіледі. Аллергия тудыруы мүмкін.
Антиферментті дәрілер (протеолиз ингибиторы): Апротинин (Гордокс, Контрикал, Трасилол), Пантрипин, Ингитрил. Тек көктамырға тамшылатып, баяу енгізіледі. Аллергия тудыруы мүмкін.
Антиферментті дәрілер қолданылады: жіті және созылмалы панкреатитте, панкреонекрозда, ұйқы безі зақымдану қаупінде, аутолиздің (ферменттердің әсерінен ұйқы безінің ыдырауы) алдын алуға, гиперфибринолизге байланысты қан кетуде қолданады. Ұйқы безі некрозға ұшырағанда антиферментті дәрілер тиімсіз. Ферменттердің 12 елі ішекке шығуын тежеуде антацидтер қолданылады. Секрецияны тежеуге м-холиноблокаторлар, ганглиоблокаторлар қолданылады.