Тыныс алу жүйесінде қолданылатын препараттар


Протон помпасының ингибиторлары



бет6/13
Дата15.10.2023
өлшемі132,05 Kb.
#115424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ас қорыту жүйесі— копия

Протон помпасының ингибиторлары

  • Протон помпасының ингибиторлары
  • I -буыны: Омепразол;
  • II-буыны: Лансопразол;
  • III- буыны: Пантопразол (Контролок), Рабепразол (Париет).
  • Протон помпасының ингибиторлары тұз қышқылының секрециясын және пепсиногеннің бөлінуін тежейді, Helicobacter Pilor- ге қарсы бактериоста-тикалық әсер көрсетеді. Холинорецепторларға, гистаминорецепторларға әсер етпейді. Әсері 24 сағатқа созылады.
  • Жанама әсері: ауыз құрғау, тәбеттің төмендеуі, іш қату, метеоризм, іш түйілу, диарея, бас ауру, бас айналу, ұйқысы бұзылу, көру нашарлау, аллергия, мазасыздық.
  • Қолданылады: асқазан және 12 елі ішек ойық жарасында.
  • Қарсы көрсеткіші: жүктілік, лактация, 14 жасқа дейінгі балаларға.
  • Н2-гистаминоблокаторлар мен протон помпасының ингибиторларын ацетилсалицил қышқылымен улануда да қолданады.

. Антацидтер (аnti-қарсы, acidum-қышқыл) асқазан қышқылдығын төмендетіп, асқазанның зақымдануын азайтады. Асқазанда тұз қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын сілтілер болып табылады. Антацидтер: сіңетін және сіңбейтін болып бөлінеді.

  • . Антацидтер (аnti-қарсы, acidum-қышқыл) асқазан қышқылдығын төмендетіп, асқазанның зақымдануын азайтады. Асқазанда тұз қышқылымен химиялық реакцияға түсіп, оны бейтараптайтын сілтілер болып табылады. Антацидтер: сіңетін және сіңбейтін болып бөлінеді.
  • Сіңетін антацид: Натрий гидрокарбонат (NaHCO3) 3- 5минутта әсер етеді. Асқазанда СО2 түзеді.
  • NaHCO3+ HCl ↔ NaCl + CO2 + H2O.
  • Бұл асқазанның керілуіне әкеліп, қайтара HCl бөлінуіне себеп болуы мүмкін. Жүйелі алкалоз даму қаупі артады. Тіндерде Na+мен судың кідіріп ұсталуынан ісінулер болады. Антацид ретінде өте сирек қолданылады.
  • Сіңбейтін антацидтер: Магний тотығы (MgO), Магний үш силикаты ((2MgO+ 3SiO2+ H2O)n), Алюминий гидрототығы ((Al(OH)3), Кальций карбонаты. Құрмаластырылған дәрілер: Ренни, Алмагель, Маалокс, Гастал, Викалин, Викаир. Олар ұзақ әсер етеді. Тұз қышқылымен ерімейтін қосылыстар, коллоидтар, гель түзеді. Әсері 15-20 минутта басталып, 1-3 сағатқа созылады. Ас қабылдаған соң 1,5- 2 сағаттан кейін немесе ұйықтар алдында қабылдайды. Асқазанда СО2 түзбейді.
  • Н2-гистаминоблокаторлар мен протон помпасы ингибиторларының тиімділігі жоғары болғандықтан антацидтер монотерапияға қолданылмайды. Антацидтер қосымша дәрі ретінде ғана қаралады.
  • Жанама әсерлері: гипермагниемия, алкалоз, іш қату.
  • Қарсы көрсеткіштері: бүйректің ауыр бұзылыстары, Альцгеймер ауруы.
  • Қолданылады: асқазан ойық жарасында, гиперацидті гастритте, рефлюкс- эзофагитте.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет