Өт жолдарының гипотониялық дискинезиясында
бет 9/13 Дата 15.10.2023 өлшемі 132,05 Kb. #115424
Байланысты:
Ас қорыту жүйесі— копия Өт жолдарыны ң гипотониялық дискинезиясында қолданатын холекинетиктер өт қалтасының тонусын жоғарылатып, Одди сфинкторын босаңсытады. Дәрілері: Магний сульфат , Ксилит, Сорбит , зәйтүн майы, күнбағыс майы. Өт жолдарының гипотониялық дискинезиясында қолданатын холекинетиктер өт қалтасының тонусын жоғарылатып, Одди сфинкторын босаңсытады. Дәрілері: Магний сульфат , Ксилит, Сорбит , зәйтүн майы, күнбағыс майы. Қолданылады: созылмалы гепатитте, холециститте, өт жолдары дискинезиясында, өт қалтасы атониясында. Қарсы көрсеткіші: бауыр мен асқазанның жіті қабынуы, өт тас ауруы. Өт жолдарының гипертониялық дискинезиясында қолданылатын холекинетиктер (өт жолдарының бұлшық еттерін босаңсытады): М-хлоиноблокаторлар: Атропин, Платифиллин ; Миотропты спазмолитиктер: Папаверин, Но-шпа, Эуфиллин, Галидор, Холагол . Олар спазмолитикалық әсер береді. Қолданылады: өт тас ауруында, іштің түйілуінде (ауырсынулы асқазан ішек спазмаларында). Холелитолитикалық (өт қалтасындағы тастарды ерітетін) дәрілер: Хенофальк (Хенодезоксихолий қышқылы), Урсофальк (Урсодезоксихолий қышқылы, Урсосан). Өт қалтасында пайда болған құрамында кальциі жоқ холестеринді тастарды ерітеді. Өт түнгі уақытта холестериндермен қанығатындықтан бұл дәрілерді түнге қарай 6 айдан 2-3 жылға дейін қабылдайды. Гепатопротекторлар Гепатопротекторлар Гепатопротекторлар бауыр жасушаларының төзімділігін арттырып, улы заттардан арылу қызметін жақсартып, метаболизмді күшейтеді, бауырға қорғаныш әсер көрсетеді. Липидтердің ферментті тотығуын тежеп, бос радикалдарды бейтараптап, антиоксидантты әсер етеді. Гепатопротекторлар дәрілер: Эссенциале, Гепабене (Карсил, Легалон), Адеметионин (Гептрал), Гепадиф, Тиоктацид, Лив- 52. Гепатопротекторлар қолданылады: созылмалы гепатитте, бауырдың майлы дистрофиясында, бауыр циррозында, алкаголизмде, улануға байланысты бауыр зақымдануында. Гепатопротекторлы дәрілік өсімдіктер: теңбіл ширақкөк (расторопша). Достарыңызбен бөлісу: