Тыныс алу қозғалысының жиілігін есептеу (ТҚЖ) сапасын анықтау Жабдықтау



бет16/23
Дата09.05.2022
өлшемі1,1 Mb.
#33404
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Жабдықтар: бір реттік стерильді шприц, ине, флакондағы дәрі, еріткіш, 70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, стерильді мақта шарлары, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, қауіпсіз жоюға арналған ыдыс («А» санаты)

1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.



2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құтыны ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

3.Флаконның алюминий қақпағын спиртпен өңдеу, залалсыздандырылған пинцетпен металл қақпағын алу. Резеңке тығынды 70 % спиртпен өңдеу.

4.Шприцке қажетті мөлшердегі еріткішті жинаңыз (сурет 7) оны резеңке тығын арқылы флаконға құю.

5.Антибиотиктің толық ерігенінше флаконды жақсылап араластыру.

6. Флаконмен бірге инені шприц конусына кигізу,флаконның төменгі бөлігін жоғары қаратып көтеру, дәрігер тағайындаған парақпен тексеріп, дәрілік заттың қажетті дозасын жинап, иньекция жасау.

7.Қолданылған шприцті, инені, қолғаптарды қоқысқа тастаңыз («А» санатындағы қалдықтарды жоюға арналған ыдыс ).

10) Тері ішіне инъекция жасау
Жабдықтар: залалсыздандырылған сыйымдылығы 1 мл шприц, ұзындығы 15 мл ине, мақта түйіршіктері, тері антисептигі, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті немесе ылғалданған арнайы спиртті салфетка, «А» және «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнер.

1.Пациентпен сенімді қарым-қатынас орнатыңыз, пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіру, пациенттен оны жүргізуге келісімін алу.

2.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.



3. Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, құты не ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз.

4. Шприцтің орамасын ашыңыз, оның тығыздығына және жарамдылық мерзіміне көз жеткізіңіз, шприцті жинап, дәрі-дәрмектің қажетті мөлшерін алыңыз және шприцтен ауаны және дәрі-дәрмектің тамшысын қақпағын алмастан шығарыңыз, осылайша көрсетілген доза шприцте қалады (шприц алынған орама және ампуланы немесе флаконды «А» класындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз ).

5. Инъекцияға арналған шприц, 3 мақта шариктері (екеуі спиртке малынған, біреуі құрғақ) стерильді науаға салу қажет .

6. Науқасты ыңғайлы етіп отырғып немесе жатқызу, инъекция жасау үшін қол білегінің ішкі бетін жоғары қаратып орналастырыңыз.

7. Инъекция жасалынатын жерді спиртке малынған 2 стерильді мақта түйіршіктерімен бір бағытта өңдеңіз: (бірінші түйіршік 10 - 10 см, екіншісі - инъекция орынын, содан кейін қолданылған мақта түйіршіктерін «Б» санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз).

8. Оң қолға шприцті алып, әзірленген шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып ұстап, қақпағын алыңыз.

9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолмен төмен қарай тартыңыз. Екінші саусақпен бойлай инені канюлядан ұстап тұрып, инені теріге паралельді бұрышымен ішіне енгізіңіз.

10. Сол қолды поршенге ауыстырып I және II саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, бас бармақпен поршенді басып дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. Инъекция жасаған жерде кішкене лимон қабы тәрізді түйін пайда болады

11. Инъекция жасаған құрғақ стерильді мақта түйіршігін ақырын басып, инені канюласынан ұстап, теріден жылдам қимылмен шығарыңыз.

12. Инъекциядан бұрын және иньекциядан кейін науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз. (Егер инъекция диагностикалық мақсатта жүргізілген болса, науқасқа инъекция орнына су тигізбеуді ескерту қажет. ).

13. Шприц, ине, мақта түйіршіктерін, қолғаптарды Б санатындағы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет