Тыныс алу қозғалысының жиілігін есептеу (ТҚЖ) сапасын анықтау Жабдықтау


Манипуляциялардан кейін қолғапты шешу ережелері



бет14/23
Дата09.05.2022
өлшемі1,1 Mb.
#33404
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
АЛГОРИТМ

Манипуляциялардан кейін қолғапты шешу ережелері

Жабдықтар: қолғап, « Б класындағы» жоюға арналған контейнер.

1.Саусақтарыңызбен білек аймағында қолғапты ұстап, оны оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.

2.Шешкен қолғапты екінші қолмен қайырмасынан ұстаңыз.

3.Қолғабы шешілген қолдың саусақтарын ішке – екінші қолғап пен білектің арасына салыңыз.

4.Екінші қолғапты қолыңыздан төмен түсіріп, оған бірінші қолғапты салыңыз.

5. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.5. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
8) Ампуладан дәріні жинау

Жабдықтар: бір реттік стерильді шприц, ине, ампуладағы дәрі, 70% этил спиртінің ерітіндісі, бикс, стерильді мақта түйіршіктері, науа (лоток), қолғап, пинцет, бетперде, қауіпсіз жоюға арналған ыдыс («А» ).

1.Қолыңызды жұмысқа дайындаңыз, қолғап киіңіз, бетперде тағу.



2.Дәрілік заттың атауын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін мұқият оқып шығыңыз, ампуланы ашпас бұрын сыртқы түрінің бүтіндігін, жарамдылығын анықтаңыз, дәрігердің тағайындауымен тексеріңіз. (Ампуланы май ерітіндісімен су буында 37 ° C температураға дейін қыздырыңыз).

3.Стерильді шприцті жинаңыз.

4.Барлық ерітінді оның кең бөлігінде болатындай етіп ампуланы сәл сілку қажет.

5. Ампуланың атауын өшіріп алмайтындай тар бөлігін спиртпен сүртіп,кескішпен кесу, қайта спиртпен сүрту және ампуланы кескен жерден сындырып ашу

6.Сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланы алу, оның ашылған бөлігі алақанның ішінде болуы керек. Инені абайлап ампулаға енгізіңіз .

7.Сол қолдың саусақтарымен: 1-ші, 4-ші және 5-ші шприцтің цилиндрін ұстаңыз ( 2-ші және 3 — ампула).

8. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз.

9. Инеге қалпағын киігізіп, шприцті тік деңгейде, көз деңгейінде ұстап тұрып, шприцтен ауаны шығару.

10. Дайын шприцті инъекцияға арналған стерильді науаға салыңыз.

11. Пайдаланылған материалды қауіпсіз утилизациялау қоқыс жәшігіне салыңыз («А» санаты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет