Тыныс алу қозғалысының жиілігін есептеу (ТҚЖ) сапасын анықтау Жабдықтау



бет2/23
Дата09.05.2022
өлшемі1,1 Mb.
#33404
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
7. Тыныс алу түрі - кеудемен, ішпен және аралас (кеудемен дем алу әйелдерде, ішпен дем алу - ерлерде және аралас) болады.

Тыныс алудың кеуделік типінде тыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің көмегімен іске асады. Демді ішке алғанда кеуде клеткасы кеңейеді және аздап көтеріледі, демді сыртқа шығарғанда – тарылады және шамалы төмендейді. Бұндай тыныс типі әйелдерде жиі кездеседі.



Тыныс алдуың іштік типінде көк ет және іштің бұлшық еттері жұмыс істейді. Демді ішке алғанда көк ет жиырылады және төмендейді, ол кеуде қуысында теріс қысымды жоғарылатады, осы кезде өкпе ауаға толады, іш қабырғасы сыртқа қарай шығады. Демді сыртқа шығарғанда– көк ет босаңсиды және көтеріледі, іш қабырғасы бастапқы қалыпқа келеді. Бұндай тыныс типі ер адамдарда жиі кездеседі.

Аралас - тыныс алу қимылдары қабырға аралық бұлшықеттер мен диафрагманың жиырылуының көмегімен бір уақытта жүзеге асырылады. Мұндай тыныс алу түрі спортшылар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі.

8.Тыныс алу қозғалысының жиілігі әдетте минутына 16 - 20, жынысына байланысты (әйелдерде 2-4 тыныс көбірек ), дене күйіне, жасына, дене температурасына байланысты (дене температурасының 1 ° C-қа көтерілуі - 4 тыныс алу қозғалысы жиілейді) өзгеріп отырады. Ұйқы кезінде тыныс алу әдетте азаяды (минутына 14-16 дейін), тыныс алу физикалық күш түскенде жиірек болады, эмоционалды қозу, тыныс алу жиілігінің жоғарылауы (минутына 20-дан астам) тахипноэ деп аталады, тыныс алу жылдамдығының төмендеуі (минутына 16-дан аз) брадипноэ, апноэ - тыныс жетіспеушілігі .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет